РОК ол - ЦОЙ

О, Муза! :*

Жүректің бір тал қылын дір еткізетін әдемі симфонияны ұнатпайтын жан кемде кем шығар. Бәлки, оның да бір айтары, жеткізері бар. Гармония режиміне түскен сәттен басталып соңы керемет релакспен аяқталатын сүйкімді музыканың құдіреті қандай деші...:0

8-)Бала кезімізде телевізордан орыс кинолар шығып жататыны есімде. Соның ішінде есімде жақсы сақталғаны Виктор Цойдың фильмі. «Игла». Дәл сол кезде ешнәрсе түсіне алмасам да, кейін келе Цой десе сол кино есіме орала кететінді шығарды.
Оны неге айтып отырмын? Рокты тыңдап бастауыма да осы себеп болған болар деп айтқым келді.

«Рок-музыка — это протест, протест внутри вас. Кричите об этом, пусть люди знают».Осы қай чувактың айтқаны екенін білмеймін, бірақ жаман айтқан неғыса да...

Өзіңмен-өзің қалғанда рок тыңдау- это нечто. Ішіңде ақтар мен қызылдардың соғысы болып жатқандай күй кешіп, бір сәтте бәрінің астаң-кестеңі шығып, күлі көкке ұшқандай боласың. Өміріңде бәрі күйреп бітіп, түгі қалмаған кезде кенеттен шаң-тозаң басылып, айналаңа көзіңді сығырайтып ашқаныңда ештеңе жоқ. Тек сен және әлем. Жаңа парақ, жаңадан басталған өмір, черновикке жазылған ғұмырыңды түзетіп, керек емесін өшіріп тастап, енді чистовикке өзің қалағандай, еш кедергісіз бастап жаза бастағандай болады да тұрады. Құдай-ау, осынша қиялға берілетіндей 4 минуттық музыканың күшінайтсааааңшы… Құдды бір 4 минут емес, 4 ғасырға созылғандай… Музыка- сен ғарышсың!

Мен тек бір ғана жанрдан алатын әсерімді жаздым. Джаз, классика секілді толып жатқан бағыттарды тыңдасам бұндай әсер ала алам ба, жоқ па? Оны мен білмеймін. Әгәрәки тыңдай қалсам, болаттай балқып, шашылып, барлық запчасьтарымды жинай алмай қалатын секілдімін ғой ))))) Енді әсершіл адам болған соң бәрі мүмкін ғой. *lol**lol**lol*

РОК десе Цой ойға келетіні белгілі. КОСМОС. «Кино» тобымен бірге түсірілген жазбаларды қарап отырып, бііір ерекше сезімді бастан өткересің. Жол апаты деп таратылған әңгіменің қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, әдейі өлтірілген деген сыбыстарды көөөп естігенмін. Бір жағынан, аяқтан шалушылар о гездерде де көп болған дегенді алып қарасақ шындыққа көбірек келетін вариант секілді.

Не де болса мен оны РОК-тың негізін қалағандардың бірегейі ретінде құрметтеймін. *Angel*

Ол — музыка. Ол- ғарыш. Ол- рок.

Ал сіз қай жанрды тыңдайсыз?
Әрі қарай

ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!

Блог - AbilmansurKamzaev: ӘЛЕМДІ ТАҢДАНДЫРҒАН ҚОС ВИОЛЕНЧЕЛЬ!2CELLOS (2 Виолончель) — Лука Шулич және Степан Хаузерден тұратын қос виоленчельде ойнайтын хорват музыканттары. Әйгілі Майкл Джексонның «Smooth Criminal» әнін виоленчельде орындап, атақтары әлемге жайылды. YouTube сайтында алғашқы екі аптада 3 млн адам тамашалаған. Барлығы 253 млн(2016 жылғы 17 қаңтардағы мәліметтер бойынша).
Лука Шулич — (25 тамыз, 1987 жыл Марибор, Словения) Загребтегі Музыка академиясында, кейін Вена, Лондондағы музыка академияларында білім алған.
Степан Хаузер — (15 маусым, 1986 жыл Пула, Хорватия) Манчестердегі корольдік музыкалық колледжінде, одан бұрын дарынды балаларға арналған Тринтин колледжінде білім нәрімен сусындаған. Дуэт болып, құрылғанға дейін екеуі әр түрлі халықаралық музыкалық жарыстарда бәсекелестер болған.
Бір қарағанда біздің ментолитетке жат қылықтар жасағанымен дуэттің аспаптың құлағында ойнауы кімді де болсын таңдандырмай қоймайды. Өздеріңіз видеодан тамашалап, бағасын беріңіздер!
Әрі қарай

Миға "жабысып" қалған әннен құтылудың жолдары

Сана мен сезім: Миға жабысып қалған әннен құтылудың жолдары

Кейде бір ән басымыздың ішінде айналып тұра береді, кетпей қояды. Жаман ән де емес, бірақ жұмыс істеуге, басқа іске толық зейін қоюға кедергі келтіреді. Қалай құтыларымызды білмей дал боламыз.

Ғылым не дейді бұл туралы?

Алғашқылардың бірі болып бұл феноменді Джеймс Джей Келарис атты Цинциннати университетіндегі бір ғалым зерттеген екен. Оның айтуынша түрлі дыбыс, музыкаларды тыңдаумен айналысатын мида бір есту аймағы бар. Музыка қосылған кезде бұл аймақтың қабығы қозғалып, дыбысты қабылдай бастайды. Кейін миға бір ән естілгендей болып, жалған сигналдар түскен кезде осы қабық қайтадан қозғалып кетеді де, соңғы тыңдалған әнді қайтадан "қосады".

Дартмут колледжінде қызық эксперимент жасалыпты. Адамдарға өздеріне таныс әнді тыңдатып, кейін ортасынан тарс үзе салған кезде мидағы есту аймағы тыныштық орнаған кезде өзінен өзі қосылып, әнді мидың ішінде өзі әрі қарай "қоса" берген. Ал, таныс емес әнді қосып, кейін тоқтатқан кезде МРТ-сканер ондай толқындарды байқамаған.

Айра Хайман атты ғалымның айтуынша адамның миындағы бұл «плеерде» сүйікті әндер плейлисті болады екен. Ми қабығы яғни бостан босқа кез-келген әнді қоса бермейді, тек адамның өзіне шынымен ұнайтын әндер ғана қосылады. Мысалы, Қайрат Нұртастың әндерін «айтып» жүрсеңіз — демек, ол сізге ұнайды деген сөз ;)

Жабысқақ әндер хит-парадын әлем бойынша мыналар бастайды екен




Құтылу жолдары қалай?

— Басқа бір әнді айтып көріңіз ішіңізден немесе басқа бір әуенді музыкалық аспап болмаса саусақтарыңызбен үстелді тарсылдатып;

— Сана мен денеңізді басқа арнаға бұрып көріңіз. Мысалы, жүгіру немесе бір жаттығулар жасау;

— Жаңағы әнді басынан соңына дейін мұқият тыңдап шығыңыз. Бәлкім әннің бір сөздері «тұрып» қалған шығар еске түспей қалып?

— Радио немесе басқа ән қосыңыз;

— Жабысқақ әнді басқа біреуге тыңдатып көріңіз. Эстафета эффекті де көмектесуі мүмкін;

— Қатты бір нәрсені тістеп, шайнап көріңіз.

Егер бұл әдістер көмектеспесе немесе жиі қайталанатын болса психологқа барған жөн. Мұндай нәрсе әйелдерде және психологиялық обсессивтілігі бар адамдарда көбірек байқалады екен.

Айтпақшы, бүгін қай ән сізге жабысып қалды? :)
Әрі қарай

Досымның азаюы мен көбеюіне себеп болған, менің сүйікті үш әнім...

Мен музыка адамымын. Музыкасыз күнімді өткізе де алмаймын. Сол, «музыкасыз өмір жоқ» деп жүріп, өмірімде біраз өзгеріс болып кетті. Әрине, оған музыка себепші болды. Қайрат Нұртастың нағыз фанаткасы едім. Оны көру арманым болатын. Әлі де фанаткасымын, бірақ қазір оның әндерінен гөрі жаңа Қазақстандық K-POP стильіндегі NINETY ONE тобының әндері ұнайды. Бұл топтың "Ұмытпа" әнін тыңдауға кеңес беремін. Бірақ ол топты өзіммен қатар адамдар болмаса, менен үлкендер жақсы қабылдамайды. Хех, бұл топтың әндерінің мағынасы менің өміріме дым қатысы жоқ. Тағы да бір топ Оңтүстік Кореяның танымал әншілері BTS (Bangtan boys) тобы. Мен бұл топтың барлық әнін жақсы көремін, соның ішінде ұнайтыны «RUN» әні. Тақырыбы «жүгіру» болғанымен, спортқа қатысы жоқ, махаббат жайлы ән. Менің жасымда қандай махаббат, мен бұл әнді таңертең жүгіргенде қатты жақсы көріп кетемін. Жүгіргенде көңілді көтеретін ән ғой:
«Снова бегу, бегу, бегу, не могу остановиться
Опять бегу, бегу, бегу и ничего не могу с этим поделать
Все равно, я больше ни на что не способен Только и могу, что любить тебя». Бұл әнді ұсынатындай ешқандай себеп жоқ шығар, тек тақырыпқа сай жазып отырмын.)
Және мен GIRLS GENERATION (SNSD) тобының әндерін сүйіп тыңдаймын. Хех, бұл да Оңтүстік Кореяның қыздар тобы. Негізі бірінші болып осы әнді жазуым керек еді. Бұл топтың әндерінен алғаш болып тыңдағаным және мені Кореяға жетелеген ән- «THE BOYS» әні. Ұлдар жайлы айтылғаны тақырыбынан да белгілі. Бұл әннің мағынасы менің өміріме қатысы жоқ. Тек бұл ән маған қатты ұнады. Осы әнді тыңдап, менің Кореяға деген құлшынысым артты. Осы әннің арқасында K-POP-қа келдім де, K-POPER болдым. K-POPқа қалай келдім, солай менің достарым азайды, яғни олар кәріс әншілерін ұнатпады. Бір жағынан достарым көбейді. Өзім сияқты Корея әншілерін тыңдайтын жандармен таныстым. Үлкені де, кішісі де бар. Қазір мені жанымдағы достарым емес, музыка әлеміндегі достарым көп іздейді. Айтарым осы үш ән. Талғамды сыйлай біліңіздер!)
Әрі қарай

"Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз" [с]

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
«Жеңілгеннің сөзі құрысын», — дейді ғой. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ»... Осы сөзден кейін бірер секунд үнсіздік пайда болды. Сәден соң: «Кітап оқымайды деп әншілерді кінәлап жатады.Сіз оқисыз ба?», — дедім.
Ол: «Мен өтірік алдамаймын, ешқашан кітап оқымағанмын. Мектепте нашар оқыдым.… Кітап оқымағанмын. Оқушы кезімнен музыкаға ынтам күшті болды».
Музыкаға қатысты кітап оқымадыңыз ба?
Музыкаға қатысты кітапты да оқыған жоқпын. Мен сол уақыттан бері оқуға емес, үйренуге тырыстым. Нота білмеймін. Ешқандай мукзыкалық білімім жоқ. Бірақ өзімнің ізденісімді оқу деп ойлаймын. Өзіме керекті нәрсені әлі де ізденіп келемін. Қазір ғаламтар бар. Қасымда группам бар. Олар — оқыған муыканттар. Солардан көп нәрсе үйренемін. Әрбір жұмыс кішкентай болса да тәжірибе, білім.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Осыдан кейін сұрақтар бір-бірімен байланысты болмаса да, автоматты түрде кете берді. Аздап анкеталық сауалдарға да келеді.

Қазір ауыл сізді «жұлдыз» ретінде қарсы алады ма?
Ауылға сирек барамын. Көрген кезде адамдар ризашылығын айтып жатады. Рахмет ол кісілерге. Қуаныштымын. Жасырмаймын, басында мектеп кезінде жұлдыз болғым келді. Қазіргі түсінігім бойынша, суретке түсіп, жарнама жасаған ұнай бермейді. Музыканы енді бастап жазып жүрген кезде жұлдыз болуды армандадым. Сол кезде шығып кетпегеніме қуанамын. Ол кездегі түсінік басқаша еді. Ол кездегі музыкам да бөлек. Әр нәрсе өз уақытымен. Қолды босатып тастай салмау керек.
Жаңа альбом жазып жатырсыз. Тағы да ғаламторға тегін салуыңыз мүмкін бе?
Жоқ. Бұл жолы әлемдік сайттарға саламын. Әлемге танымал болғым келеді.

Былайша айтқанша, ТМД елдерінде танымалдығыңыз бар.
Аздап таныйды…

Бір-екі ән айтып жұлдыз болып кететіндер көп. Қарапайым көрінесіз...
Өйткені, жұлдыз болу маған қызық емес. 7-8 жыл бұрын жарқ етіп шығып, жалп етіп құламағаныма қуанамын. Көп нәрсені көрдім, көп нәрсені түсіндім. Ғаламтор желілерінен шетелдіктер жазып тұрады. Германиядан, Ұлыбританиядан, Қытайдан жазады. Шетте оқып жүрген қазақтың ұл-қыздары тыңдатады, сол жастардың арқасында таныйды. Олар тұрақты тыңдарманым болып кеткен. Тіл білмеген соң қиындау, ағылшынша білетін достарым арқылы сөйлесуге тырысамын.
Қазақ тілінің дамуына қосқан үлес деп қарауға боалтын сияқты...
Ол жағын ешқашан ойламаппын. Өнерді қатты жақсы көремін. Еуропаның әндерін көп тыңдап өстім. Біз неге осындай сапалы әндер жазбаймыз деп ойлайтынмын. Сол себептен үйрендім. Әлі де үйреніп жүрмін. Алайда, менде «осындай стильдегі бірінші адам болу, қазақ тілін дамыту» деген ой болған жоқ. Тек музыка туралы ойладым. Еуропалықтардың музыкасы біздікімен салыстырғанда айырмашылығы аспан мен жердей. Құдай бәрімізді бірдей жаратты. Оларда да екі қол бар, бізде де екі қол бар. Оларда бар ми бізде де бар. Құлақ бар.
Алдағы он жылдықта әлемдік сахнаға шығып қаламыз деген ойдамын. Қазақты танытамыз. Шетелден бірге жұмыс істеуге көптеген ұсыныстар болды. Бірақ, мен ешқайда кетпеймін. Алматыдан басқа ешқайда кеткім келмейді.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]

Адам әр күніне есеп беріп жатады. Күнде қай нәрсеге үлгермей қаласыз?

Мен уақыт бөле алмай жатқан нәрсем өте көп. Ол – менің отбасым, әке-шешім, бауырларым, достарым, туған-туыстарым. Ренжитіндер де көп. Екі тәулік ұйықтамай, төрт сағат ұйықтап сізге сұқбат беруге келіп отырмын. Екі күн ешқайда шықпай студияда жұмыс істедім. Үнемі осындай жұмыс үстіндемін.

Көңіл бөле алмай жүрген дүниелеріңізге күндер өте келе «Неге солай еттім?» деп өкінбейсіз бе?
Осы жолды таңдадым. Өкінбеймін. Егер мені шын жақсы көретін, жақын адам болса, ол мені түсінеді деп ойлаймын. Егер менің жақындарымның бірі осылай арманын қуып, сол үшін жұмыс істеп жатса, мен оған ренжімеймін. Қуанамын…

… Эгоист сияқтысыз ғой
Мен эгоистпін, иә. Бірақ мен ешқашан біреуді алдаған емеспін. Кімді де болсын, жолдасымды да. Ең алғашқы күннен бастап оған: «Егер музыка мен сені қатар қоятын болса, мен музыканы таңдаймын» дегенмін. Жақсы таныйтын адамдар менің қандай екенімді біледі.
Нақты мақсатым да жоқ. Бірақ ішім тыныш емес. Жаңа әндер бар. Жазып жатамын, болмай қалады. Қатты ашуланамын. Одан екі есе жұмыс жасаймын. Қазіргі уақыттағы күйім тура осындай. Тоқтап қалғым келмейді. Қазіргіден де жоғары дәрежеге жететінімді ішім сезеді.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Киноға түсуге шықарғандар болды ма?
Екі жыл бұрын болды. Актер ретінде өзімді көре алмаймын. Оған қызығушылығым жоқ. Менің қызығушылығым – кино түсіріп, режиссер болу. Актер ретінде әлсізбін. Жәй түсе салу болмайды. Режиссер бола алатыныма сенемін. Дәл қазір емес. Бейнебаяндарымды өзім түсіремін. Кішігірім білемін. Жақын достарым мықты режиссерлер. Олармен көп сөйлесемін.

Бейнебаян демекші, Қазақстанда ең арзан бейнебаян түсірген адам болдыңыз ғой деймін. «Ақпен бірге» әнінің бейнебаянана 30 мың теңгеге жұмсапсыз
Иә. Сол бейнебаян хит болып, бірінші ТМД елдерінде, Еуропада тарпалып, жақсы қабылдады.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Қазақстаннан гөрі сыртқа көп шығатын сияқтысыз
Ресейден көп шақыру келді. Осы уақытқа дейін барған жоқпын. Қазақстанда қанша уақыт концерт берсем, Ресейден одан да көп ұсыныс түсті. Бармаған себебім: ол кезде менің бірге ойнайтын тобым болған жоқ. Олар: «Фонограммамен кел» дейді. Олай өзімді төмен түсіргім келген жоқ. Фонограммамен айтсам, ол – біздің бүкіл әншілердің атына келетін кір.
Қазіргі уақытта ұсыныстарға әзірмін. 2016 жылы Ресейге концерт беруім мүмкін. Ұятқа қалмайтындай концерт беруге дайынмын. Ақша үшін бара бергенімде ұятқа қалатын едім.

Шәкірттеріңіз бар ма?
Бір-екі жыл бұрын уақытымды бөліп, қыздарды дайындадым. Көз алдымда өзгерді. Жалпы ұялмай айта аламын, сахнада «Мен!» деп жүрген қыздардан мықты. Өздері аспапта ойнайды. Ән айтады. Ән жазу жағын үйреніп жатыр. Өкінішке орай менің уақытымның тығыздығы, жетпегені және қаржы жағынан дәл қазіргі уақытта жарыққа шығара алмаймын. Қазір ол қыздар ренжіп жүрген шығар. Алдағы уақытта болады. Таза өнер, таза шығармашылық уақытты талап етеді.

P.S. Осымен бітті. Әншімен суретке түспейтінмін. Түсейінші дедім. Бірақ, тағы да түспедім.
Әрі қарай

Трейлер музыкасы

Трейлердің «крутой» болып шығуы фильмнің болашағына оң әсерін береді. Ал, күшті трейлер жасау үшін белгілі бір мини-сюжеті бар кадрлар реті мен сәтті таңдалған әдемі музыка өзара үйлесім табуы керек. Осыдан келіп трейлерлер арқылы кейбір әндер хитқа айналып жатады.

Сол секілді, мен үшін көп әндер фильмдердің анонс-роликтері арқылы белгілі болды. Көпшілігі әлі тұрақты плейлистімде. Бұл жерде композитор арнайы жазған әуен туралы айтып отырған жоқпын, бұрыннан бар, белгілі бір әнші немесе ұжым орындайтын кәдімгі ән. Трейлер музыкасының шағын хит-парадын жасап көрейінші, өзімше болып:

5. «Форсаж 7» фильмінің трейлері (керек музыкамыз роликтің 1 минут 50 секундынан бастап ойнайды):

Трейлердің динамикасын беріп тұрған осы музыка сияқты. Сонысымен ұнап қалды. Кейін іздеп жүріп орындаушыны тауып алдым. DJ Snake & Dillon Francis – Get Low. MP3 нұсқасы:

4. Жаңарған «Ниндзя-тасбақалар». Тасбақалардың «реалистичный» болып шығуы, небір жаңа технологиялардың пайдаланылуы, секси Меган Фокстың сексилігі кем емес Эйприл О'Нилды сомдауы фильмнің сәттілігіне кепілдік беруі керек еді. Бірақ продюсер Майкл Бэйге құр сөзбен айтылған анонстар аздық еткен сияқты. Бонус ретінде «Ниндзя-тасбақалардың» әдемі трек қосылған музыкалық трейлері жарияланды:

Ән Shell Shocked деп аталады. Wiz Khalifa, Juicy J және басқа да маған есімі белгісіз орындаушылар айтады. Музыка сәйкесінше фильмнің үздік экшн-көріністерін тізбектеп берген:

3. «Терминатор: Генезис». Әйгілі «Тыдыт-ты-тыды, Тыдыт-ты-тыды» жайында айтып отыр деп ойлап қалмаңыз. Басынан бастап жайменен ойнап тұратын музыканы айтып отырмын. Бұл ән арқылы не айтқысы келді, мен анық білмеймін. Бірақ музыка ұнап қалды. Шамасы оқиғаның қайғылы тұстарына басымдық бергісі келген болар.

Фильмнің өзін көрген жоқпын. Бірақ трейлердегі әнді плейлистіме қосып алдым. Jetta – I'd Love to Change the World:

2. Көптен көрінбей кеткен Киану Ривздің әсерлі камбэкі. Шынымен «Джон Уиктің» экшн-көріністері ерекше әсер береді. Ал трейлерінде, тіптен, ең үздік моменттері жиналып көрсетілген (біздің музыка 1 минут 30 секундтан бастап ойнайды):

Енді әнді толығымен тыңдап көріңіз. Brain Reaction Ft. Redman and Lettuce — Break Science (SuperVision Rmx):

1. Бұл әсерлі музыка «Көш: Патшалар мен Құдайлар» фильмі трейлерінің бас жағында ойнайды:

Құдыретті бірдеңенің келе жатқанын көрерменге сездіртетін басқа қандай музыка болуы керек? Меніңше, керемет таңдалған әуен.
Толық нұсқасы. Coldplay – Midnight:

Әзірге тұрақты тыңдайтындардан осылар. Плейлистіме жаңа әндер қосам десеңіз жаңа фильмдердің трейлерлерін көріп жүріңіздер ;)
Әрі қарай

День музыки

Сначала было слово. Один из книг от одного из апостолов Христа (точно не знаю, гуглить лень) начинается так. По-моему, в этом и есть вся проблема человечества. Слово — это спор, спор — это драка, драка — война, война – смерть и страдания. Конечно, это слишком грубый пример, но не суть.
Әрі қарай

Қазақстандық поп-музыканың жаңалықтары Kaztube.kz порталында: тамыз айына шолу

Kaztube.kz бейнепорталы өз қолданушыларына жаңа әнді ұсынып қана қоймай, қазақстандық өнер жұлдыздарының шығармашылығын алғаш боп естіп, алғаш боп көруге мүмкіндік береді. Сайтымызда қазақстандық жұлдыздардың ресми арналары ашылды (http://kaztube.kz/kz/users?sort=stars) және ондағы фонотека күн сайын жаңарып отыратын болады.
Сүйікті мезгіліміз – жаз аяқталып келеді, алайда, жаздың жайдарлы көңіл-күйін ұзаққа созуға болады. Ол үшін қазақстандық музыканттар мен әншілердің еңбегімен дүниеге келген мына видеожұмыстарды жібермей көріп жүрсе болғаны.

Көрейік, тыңдайық, сүйсінейік!

Блог - kaztube: Қазақстандық поп-музыканың жаңалықтары Kaztube.kz порталында: тамыз айына шолу

Мақпал Исабекова -Сеземін
KENTAL — Перизат
Кайрат Капанов — Две Стороны
Mika — Подними руки выше
Амангелді Жақау & Бақытжан Урахаев — АСТАНА
Динара Сұлтан -Көп күттім
Шахаризат Сейдахмет — Мақпалжан
Меруерт Mussa — Я очень скучаю
DO MI NO -My love
Қыдырәлі мен Қарақат — Бағым сен

Блог - kaztube: Қазақстандық поп-музыканың жаңалықтары Kaztube.kz порталында: тамыз айына шолу

Айқын Төлепберген — Жалаң аяқ қыз
Қанағат Жалғасбаева — Сезім сыры
Даут Шайхисламов — КРАСАВЧИКИ СПОРТА — Геннадий Головкин, Денис Тен, Сабина Алтынбекова

Мына жап-жас әнші жігіт жаңа әніне түсірген клипінің тұсаукесерін әлі өткізбеді, алайда осы әннің өзіне жанкүйерлері риза болуда. Олардың қатарына біз де қосыламыз!
Ғалымжан Молданазар — Әлем

Блог - kaztube: Қазақстандық поп-музыканың жаңалықтары Kaztube.kz порталында: тамыз айына шолу

Жақында, өте жақында әнші Санда өзінің видео-жұмысын көрермендерге ұсынбақ. Ал, әзірге біз тизерді көріп алайық 
Санда — Қош бол, тизер
Әрі қарай

Біздің уақыт...


Youtube-ке кіріп, мына ептібайымайтқа қарасақ, даусы — дауыс, Arijit Singh-тың әнін«айырып» айтқан. Біздің эстрададағы кедей әншілер осылай студияда ән айтып, тартатынын тартып, ойнайтынын ойнайтын заман өз-өзіне суицид жасап, виртуалды аборт жасатқан шығар. Ептібайымайттардың тойдан қолы босамайды. Ақан серінің қасындағы пацаны өмірден өкініп өткен екен видеоға түсіретін камерам, youtube-ім болмады деп бәрін наққа жіберіп. Ән айту арқылы нанын тауып жейді екен, студияда 10-15 минут ішінде бір әннің бір көтлетін айтса да жетіп жатыр ғой.

P.S. Ептібайымайттарды наққа жібердім. Қалай, мына сыболыштың ән орындауы ұнады ма-нақ?!
Әрі қарай

Бір әуеннің тарихы

Бір сәт елестетіңізші. Сіз XVIII-ғасырда өмір сүріп жатқан, ұлты неміс, бірақ британ королінің қол астындағы композиторсыз. Арада үш ғасыр өткенде сіздің бір туындыңыз миллиондаған адамды баурап, экстазға келтіреді дегенге сенер ме едіңіз? Георг Фридрих Гендель мұны түсінде де көрмеген шығар. Алайда, оның шығармасының даңқы Бетховен мен Моцарт армандай алмайтын деңгейге жетті. Айтып отырғаным – 1727-жылы ағылшын королі Георг ІІ-нің таққа отыру құрметіне жазылған «Задок машайық» (Zadok the Priest) антемі.
Әрі қарай

Қазақ-қырғыз бір туған...

Менікі сол баяғы, «айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» дегеніне келетін «айта-айта қырғыз әнін, қазақ ағам соттала жаздады» деген тақырып қой. Бұл жазғаным арқылы қазақ әншілерін жамандағым кеп отырған жоқ, көшіріп алса да, бәріміз болмаса да, көбшілігіміз тыңдап жүрміз. Тура, анық-қанығын білмесекте, яғни кімнің-кімнен көшіргенін айтамын, сол әндерге шамамның жеткенінше шолу жасап көрмекпін.
Әрі қарай

Музыканың адамның мінезі және ақылына әсері



Өзімнің өмірімді Linkin Park, Nsync, Backstreet Boys, Андрей Губин, Жігіттер квартеті, МузАрт секілді топтар және әншілерсіз елестете алмаймын. Рок, альтернативті рок, джаз, классика, блюз және домбыраның қоңыр дауысын естісем толғанып аспанға ұшып кеткендей боламын.

Бір байқағаным, музыкадағы таңдауы ұқсас адамдардың мінезі және өмірдегі қызығушылықтары ұқсас болып келеді. Киетін киімі мен сөйлеу мәнері де жақын келеді десем қателеспеспін.
Әрі қарай