Досымның азаюы мен көбеюіне себеп болған, менің сүйікті үш әнім...

Мен музыка адамымын. Музыкасыз күнімді өткізе де алмаймын. Сол, «музыкасыз өмір жоқ» деп жүріп, өмірімде біраз өзгеріс болып кетті. Әрине, оған музыка себепші болды. Қайрат Нұртастың нағыз фанаткасы едім. Оны көру арманым болатын. Әлі де фанаткасымын, бірақ қазір оның әндерінен гөрі жаңа Қазақстандық K-POP стильіндегі NINETY ONE тобының әндері ұнайды. Бұл топтың "Ұмытпа" әнін тыңдауға кеңес беремін. Бірақ ол топты өзіммен қатар адамдар болмаса, менен үлкендер жақсы қабылдамайды. Хех, бұл топтың әндерінің мағынасы менің өміріме дым қатысы жоқ. Тағы да бір топ Оңтүстік Кореяның танымал әншілері BTS (Bangtan boys) тобы. Мен бұл топтың барлық әнін жақсы көремін, соның ішінде ұнайтыны «RUN» әні. Тақырыбы «жүгіру» болғанымен, спортқа қатысы жоқ, махаббат жайлы ән. Менің жасымда қандай махаббат, мен бұл әнді таңертең жүгіргенде қатты жақсы көріп кетемін. Жүгіргенде көңілді көтеретін ән ғой:
«Снова бегу, бегу, бегу, не могу остановиться
Опять бегу, бегу, бегу и ничего не могу с этим поделать
Все равно, я больше ни на что не способен Только и могу, что любить тебя». Бұл әнді ұсынатындай ешқандай себеп жоқ шығар, тек тақырыпқа сай жазып отырмын.)
Және мен GIRLS GENERATION (SNSD) тобының әндерін сүйіп тыңдаймын. Хех, бұл да Оңтүстік Кореяның қыздар тобы. Негізі бірінші болып осы әнді жазуым керек еді. Бұл топтың әндерінен алғаш болып тыңдағаным және мені Кореяға жетелеген ән- «THE BOYS» әні. Ұлдар жайлы айтылғаны тақырыбынан да белгілі. Бұл әннің мағынасы менің өміріме қатысы жоқ. Тек бұл ән маған қатты ұнады. Осы әнді тыңдап, менің Кореяға деген құлшынысым артты. Осы әннің арқасында K-POP-қа келдім де, K-POPER болдым. K-POPқа қалай келдім, солай менің достарым азайды, яғни олар кәріс әншілерін ұнатпады. Бір жағынан достарым көбейді. Өзім сияқты Корея әншілерін тыңдайтын жандармен таныстым. Үлкені де, кішісі де бар. Қазір мені жанымдағы достарым емес, музыка әлеміндегі достарым көп іздейді. Айтарым осы үш ән. Талғамды сыйлай біліңіздер!)
Бөлісу:

10 пікір

ken
NINETY ONE-ды жұрт жігіттердің түрлерін сынау арқылы танымал болып кеткенінен кейін барып тыңдай бастадың ба, әлде бұрыннан тыңдаушы ма едің?
AyaEnchieva
Бірінші қыркүйектен бері тыңдаймын! Олар бірінші қыркүйекте дебют жасаған болатын, әні ұнады. Демек, басынан тыңдаймын!