Қазақ-қырғыз бір туған...

Менікі сол баяғы, «айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» дегеніне келетін «айта-айта қырғыз әнін, қазақ ағам соттала жаздады» деген тақырып қой. Бұл жазғаным арқылы қазақ әншілерін жамандағым кеп отырған жоқ, көшіріп алса да, бәріміз болмаса да, көбшілігіміз тыңдап жүрміз. Тура, анық-қанығын білмесекте, яғни кімнің-кімнен көшіргенін айтамын, сол әндерге шамамның жеткенінше шолу жасап көрмекпін. Қырғыз тілі өзбекшеге қарағанда қазақшаға ұқсас (қырғыздар қазақтардан тарайды дегенде бар ғой тарихта, негізі соған сеніп өскем мен) белгілі, осы әндердегі кей сөздерде сәйкес кеп жатыр.
Сол атақты болған қазақтың Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздарынан» бастайық. Бұл әнді қырғыздың Қайрат Нұртасы саналатын Ильяз Абдразаков алғаш айтқан. Қырғызша ән аты-«Жаным-ай». Төменде осы әннің қырғыз-қызықша нұсқасы:



Ендігі кезек, қазіргі тойдың сәні болған-Қызыл өрікте. Ақылбек Жеменейдің атағын шығарсада, біраз дауға қалдырды бұл ән. Қырғызша нұсқасын Мирлан Баеков деген бауырымыз айтады.


Ақылбек Жеменейдің өзі осы өлеңнен ұялғанында айтады, сенбесеңіз қараңыз:


Ақылбек Жеменей тағы бір әнді көшіріп алған дейтіндер де бар. Оған себеп, мына төмендегі ән:
Қырғыздың Нурлан Насип әншісі айтатын «Эркелетсемби» әні

Ақылбек Жеменейдің «Еркелетейін» әні:

Өз басым осы өлеңді бізден көшірген деп ойлаймын, қателесуімде мүмкін

Ән көшіру бойынша Сырым Исабаевтыңда басы дауға қалған секілді кезінде. Қазақшасы да, қырғызшасы да «Алдадың» деп аталатын ән екі елді шарлап жүр.
Қырғыз әншісі Мирбек Атабеков:

Сырым Исабаев:


Елімізге белгілі Қайрат Нұртастың «Жаңбыр төкті» әні де осылардың кебін киіп кетті. Қырғыз әншісі Гүлжигит Калыковтың орындауындағы «Жамгыр төктү» әні:

Енді, Қайраттың орындауында:


Менің соңғы уақытта көп тыңдап жүрген әнімде қырғыздың әні деседі көпшілік. Сол, тойды жандыратын «Жалғыз гүл» әні:
Қырғыздың әншәсә Съездбек Искеналиевтің орындауында:

Қазақ сахнасында енді көріне бастаған, «Жыр-Думан» тобы:


Қазақ әншілерінің Қырғыз еліндегі басты әндерін көшіретін Ильяз Абдразаковтың «Кыргыз кыздар» әнінің қазақша нұсқасы да бар:

Самат Құралбаев айтатын «Сұлу қыздар» әні

Кімнен кім көшірсе де, ең бастысы тыңдарманына ұнаса болды емес пе?! Ал, сіздер тағы басқа қандай әндерді білесіздер?
Бөлісу:

11 пікір

Ereimen
Халыққа ұнаса құба құп бірақ сол әнді көзмайын таусып отырып жазғандардан сол әнді жай айта салғандар көп табыс табатыны меніңше әділетсіздік. егер ән авторының рұқсатымен болса басқа әңгіме
JAKO
қырғыздар да Ш.Қалдаяқовтың «Ақ банртик» әнін өзіміздіке деп шырқап жүр ғой.
Ispek92
Онысы енді тым ұят ағасы
abzalsariyev
«Жаңбыр төкті» — қырғыздың халық әні!
burkitshi
Мұзарттың "Өмір сені көп ойлаймын" деп басталатын әні де осы әнмен әуендес
Соңғы түзету:
Tyulpan
ал қырғыздар айтады "қазақтар бізден тарады" деп)) жалпы, олар қазақтарды сыртынан «маңқа» деп күліп отырады )) оооой қойшы сол қырғыздарды ))
Ispek92
Мен үшін қырғыздар бізден тарады, мектепте оқып жүргенімде, тарих пәнінен кітаптарда қазақ халқы Жетісуға көшіп, ел боламыз дегенше олар жайлы дым айтылмай келген сияқты меніңше
Соңғы түзету:
burkitshi
Негізі олар қазақ тайпаларының маңайында жүріп тілдері мен дәстүріп ұқсап кеткенімен, олар монғол тайпаларынан (соның ішінде тұбаларға) деп естіп едім. Өздерінің бұғыдан шыққандықтары жайлы аңыздарынан да соны байқауға болады.
MickThatsMyNick
біздер қазақ-қырғыз бір туған десек, олар қырғыз-қазақ бір туған дейтін шығар. алдағы уақытта да осылай бір-бірімізден әндер ұрлап тұрайық!
пысы: қырғызша клиптер қызығырақ шыққан.)
ken
ремейк дейді бұны. бұл ұрлық емес.
nurbolkhan_
Бұл тақырыптың тізесі шығып бітті. Біздегі әншілердің еттері үйренді бұған. Қазір қысылмай ала беретін болдық қо шет елден әндерді!
Шет елден ән ұрлаудың мәні неде?!
Ақын қайда?, қара сөздің ұйытқылары.
Аман болса қазағымның әншілері,
Әлі талай Қырғыз әнін хит қылады!