Махаббат туралы резюме емес
Шыны керек, бұл тақырыпқа бірдеңе жазу үшін міндетті түрде «бақыттымын» немесе «бақытсызбын» болмаса «жартылай бақытты сияқтымын» деген категорияға жаатындар жазбайды. Бұл тақырыпқа "үйленіп қойдым, болды менде бәрі жақсы" деп өмірбақи крест қоя алмайды. Бұл тақырыпқа «балалы-шағалы болдық, қайдағы сезім, оның бәрі жайына қалады» деген күннің өзінде әйтеуір жүрек түкпірінде бірдеңенің жасырынып жататыны рас. Общым, бұл тақырып, бей-жай нәрсе емес.
«Баяғыда бір жігітім болған, мені алмай кетті оңбаған, мен сондай керемет адам едім» дей де алмаймын. Ғайыптан тайып біреу пайда болады да, мені өзімен бірге болашаққа жетелей жөнеледі деген қиялдан да аулақпын. Осыншама уақытты босқа жіберіп алдым, қаншама берілген шанстарды құр жіберіп алдым деп те өкіндім. Бірақ, оның да уыты қайтыпты. Қазір барлық нәрсеге салқын, эмоциясыз қарайтын болыппын. (Салқын қарамағанда қайтейін деп едің, біреуді шауып алайын деп пе едің? Әрине, өз тағдырыңа өзің жауаптысың) деп шыға келетіндер де бар, шыға да беріңіз.
Баяғыда махаббат, сезім туралы әдемі бір түсініктерім бар еді. Қазір бұл туралы бірдеңе ойлау (күлкілі деп ұялып тұрғам жоқ), шынымен ары ойлап, бері ойлап көрсем, ештеңе де ойламайды екем.