Тағы да.

Мезгілсіз көктем, қарлы ақпанның басында қонаққа келді қашықтан. Келіп отырды қасыма, сипап отырды шашымнан, ал мен жыладым егіле: «Келемін деші, келемін деші еліме! Гүл сыйлап солған бағыма, нұр сыйлап бұлтты көгіме! Келемін деші, аппақ жауын боп төгіле». Үнсіздік -ауыр, тыныштық — зіл боп жанымды басады тағы, көлеңкелермен алыстым. Аламын десең, берейін саған барымды, тек қана келші, жақындай түсші, арысым! Сүйінші десең жүрегім дайын, жаным да! Өзің білесің, жібекке ора, жалынға! Сорыма бұйыр, бағыма! Тек қана келші, тек қана келші тағы да…
Бөлісу:

5 пікір

AKA
 Сөз жоқ, тәнтімін!
Nurgisa
Кетмя, йонимдан кетмя…
Демде окылды. Бiр демде… Келерiне сенiмдi азайта корме.
kokbori
Айжантабын, айып етпесең жолға бөліп жазасың ба?
aza
Бұл жолы Көкбөрі менен бұрын айтты)))
Иә, Айжеке, сөйте ғоясыз ба?! Айтпесе, ақ өлеңге де келмейді мынауыңыз… Шашырап кетіп жатыр, қайта қайта…