Махаббат тақырыбына мененде бір өлең. "ТҮН"

Түн
Түсімде, түн ауған екен таңғы уақ
Екуміз биге барыппыз ар жағы болды сандырақ…
-Сен сосын вальс биледің
Басқа жігітпен мәз болып
Қызғаныш кернеп бойымды
Мен болсам тұрдым қанжылап…
Көрсетті ғой мына қыз
Әбігерімнен алып әлекті
Ұрғым кеп еді жігітті
Көзінен қорықтым бәленің
Қажымұқан болып тұғанда
Қысып бір алар едім ғой
Өле алмай жүріп өзімнің
Зорымның қараш дәмемнің
Сен сосын дедің-
Кешірші, сүйемін сені ашуыңды бас.
Бақытқа басым майланып осы сөзің үшін болдым мас.
Жердегі барлық байлықпен
Мәнсапты жинап берсең де
Титтей-ақ осы түсімнің
Тырнағына да татымас
Сен сосын қайта бүліндің
Бабыңа түсіп бастапқы
Қабағым қарс түйіліп
Табанға тағы тас батты
Селк етіп шошып оянсам
Сен жоқсын бірақ тек қана
Жастыққа тамған жып жылы
Жалғыз-ақ тамшы жас қапты…

Авторы Ықылас Ожай
Мен осы өлең жолын 1 курста ЕҰУ-нің 5 жатақханасында тұрғанда, 5- курс студенті Алмас ағамыздан жазып алып жаттап алған едім… Бұл өлең менің бой тұмарым болды десем қателеспеймин… Талай вечерлер, талай жылаған қыздар… біраз достарым осы өлеңге тәнті болды… Осы өлеңмен сіздермен де бөлісуді жөн көрдім.
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
қарапайым, шынайы өлең екен
e_zhalgas
Талай вечерлер, талай жылаған қыздар…
ехх
salta
Ықылас менің группаласым. керемет жігіт, өлеңдері де ұнайды
VKM
жап-жақсы
satibaldi

Сен Холокостты қолдағандардың тізімінен кездессең де таң қалмаймын
VKM
мен еврейлерді жақсы көрем. Жазуға болмаса, айтпайсыз ба? Жазбай-ақ қояйын(((((
satibaldi
Пікір білдіруге болмайтын болса, айтпайсыз ба? Білдірмей-ақ қояйын.