Ғашықтар күніне күтпеген сый (Әңгіме)
Знаете, каковы главные правила съема?! Их нет! © Доктор Хитч «Правило съема: Метод Хитча»
Параллель әлем
Каспидің бойындағы кафедегі сүйкімді даяшымен қылжақтасып болып, шашлык пен сыра ақысын төлеп, орнымнан тұрдым да, қарсымдағы айнаға бір қарадым. Бәрі орнында екен. Жолайы, манадан бері тесіліп отырған бір қыздың есімі мен телефонын жазып алып, есікке беттедім.
Ақтау Сити жоспары елді еліткен 2007-ші жыл, біртүрлі жыл еді өзі… Талай жергілікті жастардың алдын ала мақтанышына айналған 3Д-да салынған суреттеріне арбалып, ұзақ қарап, жүрегіміз елжірейтін еді… Есікті ашқан бойда, ішілген сыраның мөлшері ме, әлде әлгі суреттердің әсері ме, мынау бөтелкелер мен темекінің тұқылдары шашылған жергілікті жағажай Атлант мұхиты жағалауының аппақ құмдары боп елестеді. Ал тонадайдағы я мас боп өшіп жатқаны, я күнге әдейі қыздырынып жатқан белгісіз орыс дәруішті шетелден турист боп келген мұнай магнаты деп қабылдағым келді. Қиялға берілгенім соншалық, сырт киімімен күнге қыздырыну шетел туристі үшін кемінде «біртүрлі көрініс» екенін де қыртыма қыстырмаппын.
Жел мен такси
Тек… жол шетіне шығып, таксиге қол созғанымда, мезгілім қыс, ал айым ақпан болған соң, үскірік желге назар аудармау қиын екенін сездім. Сол бір жел менің ой шығындап, әлдеқандай құрастырған әдемі параллельді әлемімнің быт шытын шығарып тынды. Бұл жел алдымда небір төтенше жағдайлар күтіп тұрғаны ескертіп тұрғандай ма, қайтеді-ей өзі: шалмамды жұлмалап сонша?!..
Мына «Майами бичте» қиялдарым түгілі қиыма дейін тоңа бастадым. Мойным иығыма тығылып, жаңа ғана сенімділіктің «қ»-дан келетін символындай қақиған сымбатым сүмірейген сұлбаға айналды. Құлағы нәсілшіл тұрақты тіркестің терістігін дәлелдегендей қарая бастаған орыс дәруіштің қасына барып, қата қалудан бір «жүзі жылы» камри құтқарып қалды. Іші ұядай екен, мекен жайды айттым да, езуім рахаттан жиылмаған күйі, ұйқтап кеттім.
Айтпақшы, менің атым— Темірлан. Иә, осы жарты сағат бұрын қызға көзін қысып, танысқанына мәз болып, кетіп бара жатқан мен едім. 23-те жасым болсын, өзінен көрі техникаларына сенімді, бүгінде дайын шаблондарды жетік меңгеріп алғандығына басы айналған көп бойдақтардың бірі болайын.
Параллель әлем -2 немесе сайқали стратегия
Енді аптырларың мені «өзі Казанова, өзі Дөң жуан» деп таныстырыпты. Бұндай сипаттаулардан кейін амал жоқ, 14-ші ақпан күні мен үйде жалғыз отырып, жылауық фильм көріп, өзімнің әлжуаздығыма, әділдік жоқтығына, жексұрындардың есі дұрыс қыздарды қалдырмағанына ренжіп, көзім жасқа толып отыруға да, артынша порно қарап, әрқашан қасымнан табылатын алақанымның барына жұбанып отыра беруге де моральдық құқығым жоқтығын түсінемін. Сондықтан, дабай мен әлгі өзім ұнатып танысқан, бойы ұзын, сүйкімді қызымды шақырайын. Аты оның жай ғана Бикеш болсын. Және оны тап сол ғашықтар күні құлататыныма еш күмәнім болмасын.
Қысқасы 14-ші ақпанға арнап құрған стратегиям мынадай болмақ: алдымен көгершініме телефон соғамын, бір нейтралды жерге шақырып, күтпеген жерден пайда болған гүлмен таң қалдырамын. Теңіз жағалауында серуендеп, аққуларға нан шашамыз. Тоқтай қалып, екі қолынан ұстап, құрбанымның көзіне мұңлы-мейрамбеки көзбен тесіліп, бір сәт қозыға қараған қасқырдың жыртқыштық жылтырын жылт еткіземін. Ол қайдағы-жайдағыны ойлап, өз ойынан өзі ұялып кетеді. Міне, жымиып ашық жарқын дауыстан, құрсақтан шығатын еліткіш терең дауысқа өтемін «Мына жерге отырайық» деймін теңіз жиегіндегі жайдаққа меңзеп. Алдын ала сол жерге бір сағат бұрын құмға көміп, тығып кеткен бір бөтелке Шампан шарабы мен екі боқал өз жұлдызды сәтін күтіп жата береді. Соны байқаусызда тауып алып, ерекше атмосфера тудырып, екінші рет шатырын шайқаймын. Махаббат күніне тілек айтып болып, қолынан ұстаймын, иығынан құшақтаймын, ернінен сипап, «балапан» шаштарын құлағының артына қыстырамын. Сол кезде даусым жартылай сыбырға көшеді. Балалар ұйықтаңдар. Ересектерге арналған ертегі уақыты:
Жабайы гүлді суық жерден тауып алып, үйіне әкеп, аялап, жапырақтарына су құйып, ыстық алақанымен жылытып, асырап, ақыры гүл одан әрі жадырап, жайқала түсуімен бітетін әфсананы айту арқылы маған деген сенімін оятамын. Сол мезет қолым бикеш юбкасының астына бойлап кеткенін байқаймын. Ол да байқайды. Оның бетінің ұштары қызарып, ерні босаңсып, демінің жиілеуі оған да ұнайтынын білдіреді. Бірақ өзінің моралды бейнесін сақтап қалу үшін, ол қарсылық нышанын білдірмек болады. Ол аузын ашып бірдеңе деймін дегенше мен тұрып кетіп, «әзірге артық ештеңе жасамайық» дегендей дереу алыстап кетемін де, тағы да жымиямын. Аузым аузыма жұқпай мағынасыз бірдеңелерді айтып жатамыз, ол да күледі, мен де. Екеумізге бұл жүріс ұнайды. Тап сол уақытта менің досым, бар болғыр, зыттыбайдың аты Гаста болсын. Маған алдын ала пәтер жалдап әуреге түсіп жатады, өткен жолы маған уәде беріп қойған. Пәтердің ішін безендіріп, үстелдің үстіне шамдарын қойып, очм, Париж бен Ландон Амстердамның түбінде жүйкесі таусылып, ганжаға ақшасы жетпей, насыбай атып тұратындай болғанда, Гаста маған «Дайын» деген СМС жібереді.
Бәрекелде!
Барбароссам дайын. «Ертеңіне айлығым түседі» деп, бүгін соңғы ақшамды жұмсап тастадым да, жастықты қойныма қыстырып, көзімді жұмдым.
Сюрприи-и-из!
Кешкі сағат алтыға «кездесу» сайлап, телефон соғып, келісіп алдық. Кездесу орнына ертерек барып алып, кездейсоқ бір христианға жақындап, «Қазір мына жерге бір қыз келеді, мен ол қыздың бетінен сүйіп, құшақтаймын, сол кезде менің қолыма мына гүлді артынан кеп қыстыра қоясың ба?» — дедім. Ия, нақ, жеген екенмін, бекіренің уылдырығын. Бұл жігіт те, бұдан кейінгі бірнеше жігіт те басын алып қашты. Қап, Алматыда бұл жағынан мәселе болмаушы еді, ай-епті, кездейсоқтыққа сүйеніп жоспар қылған қандай ақымақ едім… деп бір қарғанғанша болмады, бір романтик әжей келісе қойды. Қуанып кеттім. Бекер. Бекер қуандым, іске келгенде, әжей бәрін құртты. Тонадайдан гүлді шошаңдатып, қиялдап кетіп, өзін қыздай көрді ме, әйтеуір өзімен өзі ыржалақтап жүріп, моментті жіберіп алды. Ырымдап «келсеңізші!» енді десем, келер түрі жоқ. Бір кезде жақындады да, маған қыздың көзінше берді гүлді. «Подарите девушке ».
Қыз, «керек емес, ол гүлді арқалап жүрудің өзі бәле, апай» деді… Көңіл күйіп бүлініп кетті. Қыз болса, гүлдің жасыл жапырағын (!!!) үзіп, қалтасына салып алды. Мен енді біртүрлі болып, «Қойнақ?!» деген ишарат білдірдім. «Қолымда ештеңе болмағанын жақсы көремін, ал жапырақты естелік етіп алып қалам» деп жымиды. «Сен мәз болсаң болар, әйтеуір» дедім ішімнен.
Ішіңнен сөйлеп қойдың ба өлдім дей бер. Ондай ыңғайлы қиалогтың түрін игеріп алсаң, сыртыңнан сөйлеуің мұң болатыны бар ғой.
Туалет қайда?!
Очм, әупірім деп теңіз жағасына да жеттік. Тафталогия үшін пардон, жағалауды жағалап жүріп, кіші дәрет қысып бара жатқанын сезіп, ақылы туалет іздей бастадым. Жеген екенмін түленнің терісін.
"Қой, өмір бойы писуарға сиіп жүргендей сызылмай-ақ қояйын" деп, жағалаудан шошайып тұрған бір тасты қыраттың артын көздеп қойдым. Тап сол жерде маңғаздана майысып аққулар жүзіп жүрген еді.
«Қарашы, қандай әдемі жер! Осы жер ең дұрыс жер сияқты екен! – деп жатыр.
Мен сөзін бөліп: «Рас ей, ең дұрыс жер екен!» дедім де, әйдік тастардың артына әжетімді өтеуге тұра жүгірдім. Енді… шыдай алмадым, очм.
Қайтып келсем, «қолыңды жудың ба?» дейді.
— Әрине.
— «Тап сол жерге жудың ба не?»
— Иә, да! Тойыс, жоқ та!
Бір-бірімізге қарап, ішегіміз қатып күлдік...
Шампан қайда?
Әлгі Шампанымды іздедім. Қайда еді өзі, лібә, мана ғана осы жерге көміп едім ғой… Сука, енді қайттым?Өзім жасырған Шампанды тіміскілеп, тоңқаңдап әр жерді бір қазбалап жүргенім де ерсі көрінетін шығар. Тауып алсам да, енді сюрприздік еш құны қалмайтыны анық, ең болмаса қыз мені наққа жібергенде, күйіктен жалғыз өзім сіміріп алайын деп едім, маңдай тер, табан ақыма келген дүние емес пе?
Астапыралла, не деп мыңғырлап отырмын мен, қыз өз ойымен қалды, мен өз ойыммен. Бітті ғой бітті!!! Сиқырлы контакт жоғалды дегенше, Кобзон мен Децл қосылып, «Кабздец» болды десейші!!!!
Тағы қыдыра тұрайық!
Асыққан секілдімін… Жөйттің мафиози әншісі мен мыңбұрымды рэпер бала әлі қосыла қоймапты. Одан бұрын Бикештің даусы шықты:
«Мына көпірдің үстінде тұра тұрайықшы, күннің қызара батуын тамашалап», — деді.
«Жарайды».
Белінен құшақтап, физикалық байланысты қайта орнатқандай болдым. Есімде жоқ, бір австралия аборигендерінің көне аңызын айтып бергендей болдым… Ойымда «пәтердің жайы не болды екен»… Досымнан хабар болмаған соң, Гастаға өзім телефон соқтым.
«Не қылдың? Пәтер таптың ба?»
— Бля-я… Братан, айлығың тек ертең түседі екен сенің…
— Қарызға бере тұра алмайсың ба? Мен бүгінгі кешті жалғыз өткізгім келмейді.
— Голякпын, уопшы, дос. Беретін едім бар болса…
— «Жақсы, сау бол, бырат»- деп телефонды үзе салдым.
Басым төмен салбырап, ішімнен міңгірлеп: «Эх, бауырым, бүгін амал жоқ, қанша мықты болсаң да алақаныңа мінажат ететін болдың» дедім.
«Кеттік, тағы қыдыра тұрайықшы!» — деді кенеттен Бикеш.
«Жарайды,»— кештің дәстүрлі түрде бітпейтінін білген соң, еш көңіл күйсіз еріп жүре бердім…
Бұғының ескі мүсінінің қасынан өттік. Қарасам, мүйізі сынық екен. Ең болмаса, бір адамның көңіл күйі осы кештен көтерілсін деген ниетпен, «Сөмкеңді аш, мына бұғыны емдейміз» дедім. Негізі, сөмкесінен қажетке жарайтын қойымды да тапқан жоқпыз. Теңіз жағасын тінтіп жүріп, бір сымды дереу тауып алып, мүйізін бекітіп қойдым. Сол бұғының қасында суретке де түстік. Сағат кешкі тоғыз болды.
— Жарайды, мен сені таксиге мінгізіп жіберейін» дедім.
— Шығарып салғың келмей ме?
— Келеді.
Келдік. Үйдің подъезіне жақындадық. Тоқтадық. Бикеш: —Қайда бара жатқанымызды білесің бе? — Жоқ. Бірақ қызықтырып жібердің…
— Біз бір отырысқа келдік…
Финал
«Отырысы» несі деп көтеріліп келе жатқан жайым бар. Көтерілдік, ол есікті өз кілтімен ашты. Біреумен телефон арқылы және сөйлесті.
«Құрбыларым клубта еді. Қазір жарты сағатта келед» деді.
Кірдік. Қарасам, дастархан жаюлы тұр, үстінде бір бөтелке Шампан, екі боқал, шоколад, және жемістер… Ом…(Кабзон, Децл қайдасыңдар, епті???)
Шампанды құйып, ішкен сымақ боламыз. Бір бірімзге жылы сөз айтып, петтингтің бар сатысынан өтіп қойдық, ырбаңдап жатырмыз бір сағат болды, құрбылары жоқ.
Өзім былай шамалап, көзбен өлшеп «2» шығар деп ойлағанмын, сыпырып алып, қолыммен өлшесем, үштен кем емес екен размері. Түн жамылып тұрмын. Әлде таңқалғаннан солай көрінді ме. Құрбыларың келмейді ғой, иә? — дедім мен қулана жымиып.
— «Жоқ» — деді Бикеш күлімдеп, жүрегіңді бас, бұл пәтер таңға дейін біздікі…
Шымылдық.
бір пәтер жалдадым — 3000 теңге
гриль — 1000 теңгедей
Қазақстан коньягы — 700 теңге
4 бутылка Қарағанды сырасы — 400 теңгедей
бір кробка шоколад — 500 теңгедей
машинаға бензин 1000 теңге
1 пачка шемішке 70 теңгедейдей
1 кока кола 160 теңгедей
екі сникерс 180 теңгедей
итого 7010 теңге (шамамен бір стипендия кеттіпті)
Ішім күйіп кетті ішілмей қалған коньяқа, желінбей қалған грильге, ашылып қалған шоколадқа (бір екеуі ғана желінді). романтизмыңдыссс…
Шемішке шағылып телебизыр көрілді, сыра бітіп қалып тағы әкелуге тиын жоқ, кока кола ішілді, сникерс желінді.
қарыз бере ма берми ма??Біздер ойдан құрап жаза береміз ғой. Рас, романтика кей қыздарға валютамен өлшенеді, бірақ…
бұл жазбаны сотка арқылы кіріп оқыдым. осындай ұзақ әрі мәнді жазбаларды телефон арқылы асықпай оқу керемет ләззәт береді. аяқталып қалмаса екен, созыла түссе екен деп отырасың.
мен үшін Гаста конкурстан тыс. оған ол ренжімейтінін де білемін
Шынымен кино көргендей әсерде болдым.
Пикапердің өзіне пикап жасап кетіпті ғой
Барбаросстың психо-физиологиялық тактикасына 5!
Мүйізі сынған бұғы туралы момент привнес романтику.Меніңше, изюминкасы осы жеде