​БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида

Шаршау, бойкүйездік, жалқаулық, ұйқысыздық, тершеңдік, денеден және ауыздан шығатын жағымсыз иіс… Мұндай жайсыздықтан бауырды тазарту арқылы құтыласыз.

Толығырақ мына сілтемеде: ​БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида

Фуа-гра жегің келе ме?

Қазақ фуа-гра жеп көрмедік деп зар жылайтынын көрем деп кім ойлаған. Аты бөлек демесең, құдалыққа барған сайын құйрықпен қосып асап жүрсіз ғой. "Құда, құда дегізген, құйрық-бауыр жегізген". Есіңізге түсті ме?! Иә, фуа-гра деген де сол бауыр. Тек қаздікі. Онда да қаздың бауыры классикалық рецепт қана. Қазір көбіне үйректің, тіпті тауықтың да бауырынан жасай беретін көрінеді. Дәмі, әрине жақсы. Қойдың бауыры сияқты қатып кетпейді, жұп-жұмсақ болып, аузыңа салсаң еріп кетуге дайын тұрады. Дайындалуы да, ет асудың өзі ұялып қалатындай қарапайым. Қысқасы, біз үйде өзімізше фуа-гра жеп тұрамыз. Менің әдісімді пайдаланып көріңіз.
Әрі қарай

Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша ақпарат артық болмас. Бастайық! :)
Әрі қарай

Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Өз тірлігін жасап жатқан табиғатты кінәламай, өзіңізді кінәлаңыз. МИЛЬТОН.
(Поль Бреггтің «Чудо голодания» кітабынан үзінді)
Блог - Korkem: Ішіп-жеу үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін ішіп-жеңіз

Тамақ! Тамақ! Тамақ! Ол адамдар үшін шын игілік шығар, сонымен бірге, қарғысқа айналуы да ықтимал. Артық ас адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді. Күндердің күнінде ас қорыту жүйесі шамадан тыс жұмыс істеуін тоқтатады. Оның салдары сұмдық қорқынышты.
Әрі қарай

Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар

Мені бір ой мазалайды. Ол осыкүнгі бауырлардың қатыгездігі. Мүмкін көп балалы отбасында мұндай нәрсе туындамайтын шығар. Бірақ мен екі отбасын білемін. Екі отбасында да екі ер баладан. Бір отбасындағы үлкенінің алды қырықта болса, кішісі отыздан асқан. Екінші отбасындағы ұлдардың жас айырмашылығы екі жыл ғана. Бауырлардың біреуі «үлкенмін ғой» деп, екіншісі «кішімін ғой» демейді, айтысқанда бірін бірі жерден алып жерге салып жатады, тіпті ұстасып қалудан, төбелесуден тайынбайды. Бір отбасындағы екі ұл бір үй үшін қырылып қала жаздап, қазір сол үйді салған аналары кіші ұлымен пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал екінші отбасындағы ана екі ұлдың тіпті бір-бірін өлтіріп ала ма деп бірге қалдыруға қорқады. Сонда бұл қалай? Неге байланысты? Тәрбие дейін десең, аналары өте жақсы, ал әкелері енді кезінде ішкен. Бірақ бір-бірін сонша жек көруге не себеп, қандай бәсекелестік? Мен апалы-сіңлілердің арасында ондай қарым-қатынасты байқамаппын. Өйткені апалы-сіңлілер әрқашан бір-біріне жаны ашып, өз отбасының қорынан жұбайына білдіртпей үнемі әпкесіне/сіңлісіне, одан қалды жиендеріне бірдеңе алып беріп жатады, қиын-қыстау кездерді айтпағанда.
Кезінде баласын өлімге қиып, «енді маған бауыр табылмайды» деп бауырын құтқарушы еді. Керекші азаматтар сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.
Әрі қарай

Бауырымның қуанышын бөлісіп

(61 Kb, 600x450)
(48 Kb, 600x450)
Жүрген жерімде суреттерін іліп, жарысқа барғанын мақтанып жазып жүретін інім бар (Аллаға шүкір!).
Титтей күнінде «тезірек мектепке барсам екен» дейтін, білімге аса құштарлығы жоқ екенін біліп «неге» десең, «мектепке барсам насыбай атамын»
Әрі қарай

Бауыр

Бауыр
(Әңгіме)

Манап «Директор» Деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын
Әрі қарай

Бауырға бекем болыңыз

  • TOP
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Бұл – мықты денсаулық кепілі
Адам, жан-жануарлар ағзасындағы бауыр (hepar) – ең үлкен ас қорыту безі болып саналады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады.
Әрі қарай