Ағасы бардың - жағасы бар, інісі бардың - тынысы бар

Мені бір ой мазалайды. Ол осыкүнгі бауырлардың қатыгездігі. Мүмкін көп балалы отбасында мұндай нәрсе туындамайтын шығар. Бірақ мен екі отбасын білемін. Екі отбасында да екі ер баладан. Бір отбасындағы үлкенінің алды қырықта болса, кішісі отыздан асқан. Екінші отбасындағы ұлдардың жас айырмашылығы екі жыл ғана. Бауырлардың біреуі «үлкенмін ғой» деп, екіншісі «кішімін ғой» демейді, айтысқанда бірін бірі жерден алып жерге салып жатады, тіпті ұстасып қалудан, төбелесуден тайынбайды. Бір отбасындағы екі ұл бір үй үшін қырылып қала жаздап, қазір сол үйді салған аналары кіші ұлымен пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал екінші отбасындағы ана екі ұлдың тіпті бір-бірін өлтіріп ала ма деп бірге қалдыруға қорқады. Сонда бұл қалай? Неге байланысты? Тәрбие дейін десең, аналары өте жақсы, ал әкелері енді кезінде ішкен. Бірақ бір-бірін сонша жек көруге не себеп, қандай бәсекелестік? Мен апалы-сіңлілердің арасында ондай қарым-қатынасты байқамаппын. Өйткені апалы-сіңлілер әрқашан бір-біріне жаны ашып, өз отбасының қорынан жұбайына білдіртпей үнемі әпкесіне/сіңлісіне, одан қалды жиендеріне бірдеңе алып беріп жатады, қиын-қыстау кездерді айтпағанда.
Кезінде баласын өлімге қиып, «енді маған бауыр табылмайды» деп бауырын құтқарушы еді. Керекші азаматтар сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.
Бөлісу:

30 пікір

007
Рас, өмірде кездесетін жағдай. Менің ойымша бұл деген ата-ананың тәрбиесінен тыс нәрсе яғни бұндай қарым қатынаста тәрбие рөл ойнамайды себебі ата-ана баласын бір-біріңмен алауыз болыңдар деп үйретпейді.Бала өсе келе ненің жақсы ненің жаман екенін өзі ұғынады соған қарай әрекет етеді. бәріде адамның өзінің сана сезіміне қатысты…
bizbike
біз осы «ең бауырмал, ең қонақжай халықпыз» деп мақтанамыз ғой кеудемізге нан пісіп, мұндай жағдайлар өтеееееееее сирек болу керек қой болса да
omarbirat
Бауырды отырғызып тастап, өкпе ғана қалды
omarbirat
Мұндай жағдай өте көп. Бауырлардың жынысына да, отбасындағы балалардың санына да қатысты емес дер едім.
beka95
ммм… не десем екен, менің де отбасымда осындай жағдай болады өкінішке орай… үйде әке- шешем, інім, қарындасым, мен, яғни, 5 жанбыз. інім 2 жас кіші, 97 жылғы. сөзіме көп жағдайда қарсы шығады, айқайлап сөйлеп кетеді. менің де жыным ұстап, шайтан қақққан кездерім жиілене түседі… соңғы кездері жарайды кішіғой деп қарсы шыққанына мән бермей, өз бетімше жүре берем. алайда, кей- кездері артық кетеді… үйде мама да «бұрын, кішкентай кездеріңде жақсы едіңдер, қол ұстасып, әр жерде бірге жүретін едіңдер, ал қазір, қой кішімін, қой үлкенмін демейсіңдер, бір- біріңді жеуге дейін барсыңдар» деп ақыл айтатыны бар…
інім екеуміздің арамызда қарым- қатынас расы керек, нашар… қалай бұрынғыша тату- тәтті аға- інілі болуға болады?!
Adiletshu
Інің переходной жаста ғой. Кішкене есейгенде қоюы керек.
beka95
рахмет, ну, күтейік))
madikon
ол қатты сөйлегенде сен онша мән бермей, қатты жының келсе де шыдап, жұмсақ сөйлеу керек. оның ашуы басылғанда ақылға келіп, ойланатын болады. былай кездерде де назар аударып, кішкене де болса қуантып отыру қарым-қатынасты жақсартады. арнайы бір нәрсе алып бермесең де, сол үшін бірнәрсе жасап дегендей. кішкентайларға жылулық көрсетіп отырса, есінде көп нәрсе сен туралы жақсы ойлар қалады.біздің үйдеде 4-з. егіз сіңлілерімді өзім ештеңе жасамай, жұмсап қойсам біраз дауыс көтеріп сөйлеп алатыны бар.сосын мен көңілінен шығуға тырысамын.бауырлар арасында кішкентай кезден астап жек көрушілік сезім қалыптаспауы керек. біздің үйде мама әрқашан менің айтқанымды тыңдасын деп ақыл айтады.так что мені көп жағдайда тыңдап отырады. бәрі өзіміздің қолымызда.
007
я інің өтпелі кезеңде негізі әр бір кезеңді әр бір жасты психолог-ғалымдар әр түрлі дағдарыстар мен сипаттаған.Сенің інің дәл қазір жас ерекшелік психологиясы бойынша жас өспірімдік шақтан ерте жастық шаққа өту кезеңінде жүр. Бұл жастың психологиялық маңызы сананың дамуы,өмірге кәсіби даярлықтың шешімін табумен байланысты танымдық кәсіби қызығушылықтар қалыптасады.Еңбек етуге, болашаққа жоспар құруға,қоғамдық өмірге араласуға белсенділігі артады. Адамгершілік қасиетпен тұрақты көзқарастың азаматтық мінез құлықтың қалыптасуықиын жағдайда өтеді.Егерде ініңмен қарым-қатынасың сондай алаңдататын жағдайда болса қысылмай психолог маманның көмегіне жүгінгенің дұрыс болады.
temir1986
Ағайын адамдардың бірін-бірі жек көруі ата-анаға, тәрбиеге қатысы жоқ ау. Бұл мінездің, адамның ішкі дүниесіне қатысты. Баяғыда біздің Жетікөлде біреу інісін малымды ұрладың деп жілікпен ұрып өлтіріпті. Бұның қазаққа да қатысы жоқ. Әйтпсе біз сондаймыз деп кетер біреулер.
VKM
Ағайын адамдардың бірін-бірі жек көруі ата-анаға, тәрбиеге қатысы жоқ ау.
Меніңше, ата-ананың 1 сөзі ғой. 1 жас үлкен болса да: ол сенің ағаң, тыңда деген сөзді миына құю.
zholantai
Бауыры, тек бауыры ғана ең жақыны, жанашыры екенін құя беру керек. бір-бірлеріне сырларын айтқыздырып, үлкенін сыйлаттырып, кішісіне қамқор етіп, өсіру керек
Abilakim
мынау бір өте өзекті тақырып екен. Ия, бұрынғыдай емес, бауырлар қазір бір біріне қатты жаны ашымайтын секілді. Барлығы сондай деп және безіне алмаймыз. Малта езіп отырғанша себептерін көрсете кетейін.
«Абысын ала болса ауыздағы кетеді» деген сөз бар халқымызда. Бауырлардың тәрбиесі және олардың саны бұл жерде маңызды емес, маңыздысы алған келіншектерінің қандайлығында. Жігіт ағасымен не інісімен тұрмайды, ол қатынымен тұрады. Көп нәрсе осы жандарға да байланысты. Адам өскен сайын оның артындағы келе жатқан бала шағасы да өсе береді, қажеттіліктер де көбейеді. Міне, осы кезде бауырлар арасында дүние бөлісе алмау мәселесі туындауы мүмкін. Бала кезде біліне қоймайды, есейгенде қатты білінеді.
Өзімізге келер болсақ екі қыз екі ұлмыз. інім екеуміз жақсы түсінісеміз. Апа-қарындастарымызбен арасында келіспей қалу болып тұрады, бірақ қаты күрделі емес. Қиын-қыстау кездерде біріге қаламыз.
Менің әкем көп ағайынды адам. Міне, менің сол ағаларымның арасында кейде дау-дамайлар болып тұрады. Алды 50дегі арты 40 тардағы адамдар. Сол кісілердің әрекетерінен өзіме сабақ алып отыруға тырысамын. Ініме де солай айтып отырамын. Ана қателіктерді қайталағым келмейді.
bizbike
мәселе олардың келіншек алғанға дейінгі қатынастары сондай болып отырғандығында, сосын келіншек алғаннан кейін олар ағайындыларға ұрыспаңдар, тату тұрыңдар деп үгіттесе де, қасарысып алатындығында. Абысын-ажындарға еш қатысы жоқ нақты мен жазып отырған жағдайда
Abilakim
Ағасы бардың жақсы болса жағасы бар, жаман болса інісіне артар жаласы бар.
Інісі бардың жақсы болса тынысы бар, жаман болса ағасына артар жұмысы бар.
Баласы бардың жақсы болса панасы бар, жаман болса ата-анаға артар наласы бар.
Aigolek
Мен бундай жагдайды оте сирек корем. Сол корген жагдайларымды исключение деп караймын. Мен ушин ар адамнын ен жакыны аке — шешеси содан кеин бауырлары. Бул кагидмнан али кудиктенген де емеспин (бала, куйеу дегендер жок болгандыктан да шыгар). Менин еки иним де оте тату болатын. Корши ата уялас кушиктер деп айтатын ол екеуин. Акыры кудай ажыратты.
torgai
Ол тәрбиеден. Бәріне күйе жаға алмайсың. Санасыз болғаны да. Не болмаса бала кезінде үйдегі атмосфера немесе қоршаған орта сондай болған.
neoaskar
Көбіне көп ата-анасы емес, адамның сана-сезіміне байланысты деп ойлаймын. үйдің екіншісі болғандықтан ба, онша ештеңе ойлай бермеймін. өйткені, үйдің үлкені әрдайым бізді ойлап отырады. өзімнен кейінгі қарындастарыма үйге барған сайын бірдеме ала барамын, сыйлықтар, тәттілер, шамамның келгенінше. үй ішінде ұрыс керіс демей-ақ қояйын, пікірталастар болып тұрады, әркім өзінікін дұрыстап шығатын, сондайда бірінің айтқанын бірі тыңдаған дұрыс. тыңдамаса арты жаман болады. Ұлдан екеу болғандықтан ес білгелі білемін таласымыз көп болатын, ойыншыққа майда-шүйдеге, кейде киімге «мен киемін» деген, соңғысы велисовпедке болды ғой, одан кейін үлкейдік, әркімнің өз киімі, өз заты болса бастады. әрине, бақталастықтан емес, екі жаққа кеткендіктен біріміз оқуға, біріміз жұмысқа дегендей. Бірақ қашан да ағаның аты аға, ағаның тыңдаған дұрыс, іні өзінің інілігін сақтаған дұрыс.
Алматыда жүргеніме 7 жыл болса да, үй салуға ақша жинай алмадым. Қиын ғой, ал ағам ауылда. Биыл жазда енді қиналмасын деп 8 соттық жер алып, 4 бөлмелі үй салып берді өз қолымен ала жаздай еңбектеніп, Алла разы болсын осындай ағадан. Алғысым шексіз. айтпесе үш баламен қиын. айлығым да бар. сонда да жетпей қойды. Ағам асып-тасқаннан емес, ағалық қамқорлығы, жанашығандықтан. айтпесе, астында дені дұрыс көлігі де жоқ. сол ақшасына жап-жаңа көлік алып мініп алса да, ешкім оған ештеңе демейді. Бірақ ол олай етпеді, өз қолымен үй салды. қазір сол үйде тұрып жатырмыз, Алматының -35 градус суығына төтеп бере алды.
Негізі барлығы сол адамның сана-сезіміне байланысты ма деймін. Ағайындардың таласатыны ең алдымен үй ғой, бірақ қазақшылығымыз қайда, үй деген әке-шешенің қолында кім қалады соныкі болу керек емес пе, дүние мәңгілік емес, ағайындық мәңгілік. Қатын деген табылар, бала деген туылар, ең бастысы бір емшек емген бауыр қайдан табылар.
Адам ең алдымен бауырмашыл болу керек.
bizbike
расында да ағаңыз мықты екен, ондай жағдайлар қазір өте сирек кездеседі. Ағаңызға Алла қуат берсін!
Tyulpan
Ағаңыз көп адамға үлгі болатын жан екен. санаға қатты байланысты-ау деймін.
beka95
сөз жоқ… Алла нұры жаусын!
Erkekyz
Екінші ағамның анама айтқан бір сөзі бар еді: «Сен ғана мама, бізді бауырмал ғып тәрбиелеген. Елдің аға-інілері бір-бірініе ақшаны қарызға береді „деп.
Жоқтық та, молшылық та бауырларды, туыстарды ұрысқа алып келеді.
Жоғарыдағы Әбіләкім айтқандай, үйленіп, отбасы болғаннан кейін де әйелдеріне көп нәрсе байланысты негізі. Екі әйел тату болмай, бауырлардың жақындасуы қиындайды.
Тәрбиеге де байланысты шығар. Өз ойым қос бала( немесе одан көп) ұлдарды тәрбиелегенде кішкентайында “ағаңа қара үйтіп жүр, ал сен бүйтіп жүрсің, ой уйтіп жатыр, сен бүйтіп жатқан жоқсың» сияқты салыстырып өсірмеу керек. Ағасына(немесе інісіне мысалы) деген жеккөрінішті қасиет туады. Ата-ана әрине оны жаман болсын деп айтпайды, тек дөрекі мәнерде жеткізбеу керек салыстыруды.
zhandarm
иа ондайга танкалуга болмайды окыган токыган деген азаматтарымыздын копко арамызда оз бауырларымен ата-анасымен шыгысып айелинин айтканымен жургендер. Негизи агайыннын арасын косатында айыратында айел дейдиго
bizbike
бәрі әйелге байланысты дегенге құрысамын, сонда не ағайындардың өз милары жоқ болғаны ма?
Aldeken
Не ғо, Аршаттың құдасының қызы, әркімнің санасына берсін деген дұрыс, бірақ…
Еркек бас болғанымен, әйел мойын екенін, мойын қайда бұрса, бас сонда қарайтыны да рас.
Тіпті жас кезінде әйелді ашсам, алақанда, жұмсам жұдырығымда ұстаймын деген жыныстастардың 40-тан асып, 50-ге таяғанда, кібіртіктеп, әйеліне жалтақтап отырғанын талай көргенбіз.
Анамның сөзі бар ед «Еее, қарғам-ай, ең алдымен бағыңа саналы әйел жолықсын деп тіле, қанша жерден жомарт, қанша жерден жарылқағыш, неше жерден бауырмал болсаң да, әйелің санасыз болса, қолың кесіліп, бағың байланғаны деп біл. Себебі, сен ойлаған іске қарсы болса, әйелің оны саған қалай да істетпейді, ал, өзі қалаған істі, ол қалай да саған істетеді. Еркектің әйелге әмірі жүретін шақ, тек еркектің бетінің қызылы, етінің қызуы бар кезде ғана, ол тайғасын, амалсыз әйелге жаутаңдай бастайсың, себебі, әйеліңнен басқаға қадірің өтпейді.» Осы сөзге қосыламын, өз басым…
Ал, бауырларға келсек, бауырмалдықтың негізі, бала тәрбиесінен басталуы керек. Ең бастысы, өз бауырларыңызбен тату болмасаңыз, балаларыңызды бауырмал қылып тәрбиелеймін деу бекер. Себебі, балаларымыз біздің айнамыз іспеттес, біздің әрекеттерімізді сөзсіз балаларымыз қайталап отырады.
Өз басым, отбасымызда 2 ұл 2 қыз, төртеуміз. Кішкентай кезімнен көріп өскенім, әкем көзі тірісінде, әр аптаның соңында өзінен кейінгі 4 інісінің үйін аралап шықпаса, көңілі көншімейтін еді. каникул кездерінде, біз сол інілерінің үйінде, немесе, олардың балалары біздің үйде жүретінбіз. Өз отбасымызда әрқайсымыздың орнымыз болатын, ағам үйдің үлкені әулеттің басшысы, оның сөзі біз үшін заң. Мен кенже бала бетімнен қақпай еркелетсе де, алдымдағы ағам мен апаларымды сыйлауым керектігі бірден миыма сіңірілді. Ал, олардың балалары үшін мен жасы үлкен көке ретінде сіңірілдім. Қазірге дейін, кейбіреуінің туған күн, мерекелерінде жеке өзім құттықтамасам, «көкем, неге хабарласпады?» деп алаңдап отырады. Өзім үйленерде, болашақ жарыма, менің отбасымдағы осы үрдіс пен менің бауырларыма деген шексіз сүйіспеншілігімді түсіндіруге тырыстым, Аллаға мың тәубе, саналы жарға жолықтырғанына. Шүкір.
Пы.сы. өмір болғасын бауырлар арасындағы келіспеушіліктер де болып тұрады. Бірақ, ондайда, мен ең алдымен өзімнің кіші екендігімді, сосын бауырларым маған ешқашан жаманшылық ойламайтынын ескеремін. Көмектеседі, сеніңіздер!
VKM
Туй, Алдекен, сіздің осындай комменттеріңізді оқығанды жаным жақсы көреді. Түсінікті әрі артық сөзсіз.
Меніңше, ата-ананың 1 сөзі ғой. 1 жас үлкен болса да: ол сенің ағаң, тыңда деген сөзді миына құю.
Менің байқағаным, көп жағдайда дәл сіздей ойлаймын, бірақ өз ойымды қазақша жеткізе білмеймін. Үйреніп жүрмін сізден десем)))
P.S.Мектепте жап-жақсы эсселер жазушы едім, иә...қазақша емес бірақ
bizbike
Сізбен толықтай келісемін, бірақ әйел алғанға дейін араз болған ағайын, әйел алғаннан кейін бар кінәні соған жаба салуды өз басым дұрыс деп санамаймын.
Бір мысал, менің әкем анамды алғанда ол қазақша бір ауыз сөз білмейтін, Қостанай жақтыкі, нағашы әжем анам он үште болғанда қайтыс болған, қазақы тәрбиені көрмеген. Соған қарамастан әкем оған еріп кеткен жоқ, керісінше шешем қазір тек қазақша сөйлейді, және бүкіл салт-дәстүрді біледі, оны әкемнің еңбегі және анамның шыдамдылығы деп білемін. Мүмкін мысалым нашарлау шығар, енді ерге де көп нәрсе байланысты дегенді білдірейін дегенім ғой.
Ал сіздің отбасыңыздағы тәрбие үлгі тұтарлық, жалпы қазақтың әрбір отбасы сондай болуы тиіс деп білемін, бірақ өкінішке орай қазір қалада тұратындар түгілі ауылдағылар да бірін-бірі тек садақа мен тойларда көретін болды, арнайы шақырусыз келмейді үйге, сен де бара алмайсың қиналып қала ма деп.
neoaskar
Барлық мәселені де әйелге жаба салуға да болмайды. Әйел деген 25-30 жастың арасында аласың, ал ағаңды не ініңді көз ашқаннан танисың. бір табақтан тамақ ішіп, бір көрпені жамылып, құшақтасып ұйықтайсың. ыстықты да, суықты да, қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісесің. Бір әке-шешеден туылып, бірге өмір сүресің. Ағайынның азары болғанымен, безері болмайды. Адам досты таңдауы мүмкін, ал ағайынды таңдамайды, Алла тағала бұйыртады. қай отбасында дүниеге келсең, сол отбасымен өмір сүресің, сол отбасымен сыналасың бұл сынақ дүниеде. Ер адам әйелді таңдап алуы мүмкін, ағаны не ініні таңдап ала алмайды. Әке-шеше баланы ұл не қыз етіп туғанымен мінезін тумайды. Әркім өз мінезін өзі қалыптастырады. Басқаға өзі пайда не зиянын тигізеді. Әркім өз мінезі арқылы өмір сүреді. Сондықтан ағайынмен арақатынас тату болуы тиіс.
Айтпақшы, менің әкем де өзінің інісіне кезінде үй салып берген екен. ол кезде біз кішкентай екенбіз. Ағам әкемді үлгі тұтса керек. Иншааллаһ менің үш ұлым да сондай бауырмал болып өссе екен деймін.