Фуа-гра жегің келе ме?
Қазақ фуа-гра жеп көрмедік деп зар жылайтынын көрем деп кім ойлаған. Аты бөлек демесең, құдалыққа барған сайын құйрықпен қосып асап жүрсіз ғой. "Құда, құда дегізген, құйрық-бауыр жегізген". Есіңізге түсті ме?! Иә, фуа-гра деген де сол бауыр. Тек қаздікі. Онда да қаздың бауыры классикалық рецепт қана. Қазір көбіне үйректің, тіпті тауықтың да бауырынан жасай беретін көрінеді. Дәмі, әрине жақсы. Қойдың бауыры сияқты қатып кетпейді, жұп-жұмсақ болып, аузыңа салсаң еріп кетуге дайын тұрады. Дайындалуы да, ет асудың өзі ұялып қалатындай қарапайым. Қысқасы, біз үйде өзімізше фуа-гра жеп тұрамыз. Менің әдісімді пайдаланып көріңіз.
Арнайы бордақылаған үйрек пен қаздың бауырын табу қиын. Сондықтан тауықтың бауырын аламыз, жақсылап жуамыз.
Енді бауырдың бойындағы тамыр, май секілді жегенде тісіңе тұрып қалатын ұсақ-түйектерді кесіп, алып тастау керек.
Кәдімгі жуаны аршып, сақина қылып турап, қызып тұрған майға қуыра бастаймыз. От қатты болмауы керек.
Пияз жұмсарған бойда үстіне бауырды саламыз. Майға емес, жуаның үстіне қойсаңыз болады. От орташа. Бір минуттан соң жарты лимон алып, шырынын бауырдың үстіне сығасыз. Тұз, бұрыш, ұнтатылған мускат жаңғағы, корриандр қосып, қақпағын жабасыз да, бес-алты минут бұқтырып қоясыз. Лимонның суы жуаның күйіп кетуіне жол бермейді.
Енді бауырды алып, әдемілеп турап, қасына сақина болып қуырылған жуаны, екі тілім нан мен грейпфрутты қосып, дастарханға қоясыз да, «Бон апетиіңізді» айтып, ұрып аласыз.
Құдай үшін, не болса соған жылай бермеңіздерші. Әйтпесе мына мәзір түк те қымбат емес. Астанада тауық бауырының келісін 450 теңгеге алуға болады. Ал мен оның тек 200 грамын пайдаландым. Үш адам тойып алдық. Төртіншісіне әлі тіс шыққан жоқ. :)

9 пікір