Сәлем әлем!

Сәлеметсіздер ме?! Қал жағдайларыңыз қалай? Мен алғаш рет тіркеліп отырғандықтан әлі көп нәрсені түсінбей, білмей отырмын. Дегенмен, қалам тербеп талай дүние жазуға тырысамын) Білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра демекші өз тәжірибелеріңізден жинаған дүниелеріңізді үйрете отырыңыздар)))
Әрі қарай

1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Сән үлгісі — ережесі үнемі өзгеріп тұратын ойын. Сол ойында Сіздің орныңыз қандай? Кейбіреулер қолды бәріне бір сілтеп, өзін қандай киімде ыңғайлы сезінеді, сондай киім киіп жүре береді. Егер киген киіміңіз дене бітіміңізге сай келмей тұрса,
Әрі қарай

Ақ халаты бар, анты жоқ дәрігер

Әбіләкімнің  ауылы: Ақ халаты бар, анты жоқ дәрігер«Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…
Қаладан мал дәрігерлерін тауып алу сұхбаттасу қатты қиын шаруа емес. Бірақ бұл кісіге бүйрегімнің бұруын екі себеппен түсіндіре кетейін. Біріншісі, бұл кісінің ұлтының қазақ болуы, екінші себебім, ол кісі екеуміз фамилияласпыз. Сонымен, Жақыпов Жұмабай Қаппасұлының жұмыс орнына келдім. Сыртта итін, мысығын құшақтаған екі-үш адам кезек күтіп тұр. Ішке ендім. Кіре беріс бөлмеде жеңгеміз отыр екен.
-Сәлеметсіз бе? Жұмекең өзінде ме?
-Өзінде, бір итті тексеріп жатыр.
Әрі қарай

Жауапкершілік жүктемейтін комедия


«Тәжірибе» атты комедия шығыпты, Гугл туралы екен деген әңгімені естісімен, Интернетте жағалап жүрген пақыр ретінде көрмекке құштарлығым артқан-ды. Әу баста әлдебір драма яки байопик болар деп едім. Комедия екенін білгенде біртүрлі болғаным рас. Әйтсе де сеанстан тоғайып шықтым.
Әрі қарай

Стажер болғым келмейді

Жұмыссыздық. Бұл құбылыс қанаты қатпаған жасқа да, тіс қаққан маманға да тән. Неге?
Енді оқу бітірген жас маман иелері үшін ең бірінші алынбас белес – тәжірибе. Қайда барсаң да қызмет өтілін сұрайтыны жасырын емес. Сонда, еш жерге жұмысқа алмаса оған тәжірибе қайдан келеді? Осы күні көсемсіп отырғандардың бәрі аяғы аспаннан салбырап бәрін біліп түсе салды ма екен? Өз басымнан өткен соң айтамын. Қазір де өзгеріп жатқаны шамалы сияқты.
Осыдан 1-2 ай бұрын биыл оқу бітірген інім келді. Жұмыс істемекші. Құп көрдік. Ал енді жұмыс тапсашы. Мамандығы – биотехнология. Қазір сұранысқа ие, мамандар тапшы деген соң сонда түсіргенбіз бәріміз үгіттеп. Енді міне. Ашқан есігінің бәрі «опытың бар ма?» дейтін көрінеді. Ең құрыса стажер қылып алса ғой дедік сол кезде. Стажер дегеннен шығады. Қазір стажировка деп айлап, жылдап салпаңдатып жүгіртетіндер де жоқ емес. Әрине, әр мекеме өзіне қажетті қызметкерді алғысы келеді. Сынап тексергені дұрыс. Жүгіртсін. Алайда, ақшасын төлесе жөн ғой. Бұл туралы заңда анық етіп көрсетілген. www.youtube.com/watch?v=DcfSlUqO1hg
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер де осы тұрғыда көп заңсыздықтар кететінін айтып отыр.
Бірақ, бізде не айтылмай жатыр дейсің…
Әрі қарай

Гүлдер күнделігінен: Жаңа гүлдер

Осыған дейін де кейбір посттарда айтып кеткенімдей, гүлді тасымалдаудың бірнеше жолы бар. Ең қарапайымы — тұқымына тапсырыс беру, оны арнайы қағазға орап, сәйкес температурасымен жеткізсе, сапасына еш әсер етпейді.
Тағы бір түрі бар, ол өскіндерімен жеткізу, яғни өсіп тұрған кез-келген жапырақтының бір бұтасын арнайы қайшы немесе секатормен қиып алып, корневинге бір малады да, грунтқа салып отырғызады. Сыртын газетпен немесе қатты коробкамен соққы тимейтіндей орап, тапсырыс берушіге жібереді.
Әрі қарай

Қостанайда күйеуі қалыңдығынан 44 жас кіші жұп некесін қидырмақ

(35.96 Kb, 468x286)

Қостанай. 31 наурыз. Kazakhstan Today – Қостанайда 19 жасар жас жігіт және 63 жастағы әйел үйленуге бел буды. Бұл туралы агенттік корреспондентіне қалалық АХАЖ бөлімі хабарлады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде облыс орталығында 19 жасар Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедовалардың некесі қиылатын болады.
Әрі қарай