Стажер болғым келмейді

Жұмыссыздық. Бұл құбылыс қанаты қатпаған жасқа да, тіс қаққан маманға да тән. Неге?
Енді оқу бітірген жас маман иелері үшін ең бірінші алынбас белес – тәжірибе. Қайда барсаң да қызмет өтілін сұрайтыны жасырын емес. Сонда, еш жерге жұмысқа алмаса оған тәжірибе қайдан келеді? Осы күні көсемсіп отырғандардың бәрі аяғы аспаннан салбырап бәрін біліп түсе салды ма екен? Өз басымнан өткен соң айтамын. Қазір де өзгеріп жатқаны шамалы сияқты.
Осыдан 1-2 ай бұрын биыл оқу бітірген інім келді. Жұмыс істемекші. Құп көрдік. Ал енді жұмыс тапсашы. Мамандығы – биотехнология. Қазір сұранысқа ие, мамандар тапшы деген соң сонда түсіргенбіз бәріміз үгіттеп. Енді міне. Ашқан есігінің бәрі «опытың бар ма?» дейтін көрінеді. Ең құрыса стажер қылып алса ғой дедік сол кезде. Стажер дегеннен шығады. Қазір стажировка деп айлап, жылдап салпаңдатып жүгіртетіндер де жоқ емес. Әрине, әр мекеме өзіне қажетті қызметкерді алғысы келеді. Сынап тексергені дұрыс. Жүгіртсін. Алайда, ақшасын төлесе жөн ғой. Бұл туралы заңда анық етіп көрсетілген. www.youtube.com/watch?v=DcfSlUqO1hg
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер де осы тұрғыда көп заңсыздықтар кететінін айтып отыр.
Бірақ, бізде не айтылмай жатыр дейсің…
Бөлісу:

15 пікір

Onlasyn
Енді басында аз айлыққа істеп, стаж жинау керек қой
MickThatsMyNick
айлығы төленбейтін стажировка туралы айтып жатқан сияқты:
Жүгіртсін. Алайда, ақшасын төлесе жөн ғой.
Tyulpan
Айлығын төлемей, стажировкадан өткізетін жерлер бар сияқты. Бірақ сол стажировка өткен жерлер кейін жұмысқа алатынына гарантия бермейді, опыт үшін бармаса. Ал, жалпы, жұмыссыздық деген опыты барлардың да проблемасы болып тұр-ау осы...((
Gastarbaiter
Саудаға көшсін бірдеңе қылып. Ақшаның бәрі сонда
torgai
Саудаға көшсін бірдеңе қылып. Ақшаның бәрі сонда

Бұл да дұрыс шығар. Бірақ оқығанын жүзеге асырғысы келеді ғой кейбірінің. Бұл жерде ақша бәрін шешпейді. Бар дүниені тек материалдық тұрғыдан қарау қате меніңше.
Gastarbaiter
Ақша жинап алған соң, өзі жеке контора ашады. Оның несі жаман. Өзінің оқығанын сонда жүзеге асырады.
torgai
Жөн-ақ. Өз ісіңді бастасаң соңына дейін сонымен кетерің анық
Adiletshu
Біреуге жұмыс істегенше өзіне жұмыс істесін. Кішкентай болса да бірнәрсе ашып алсын. Жағаң жайлауда. Рахат, нақ!
Gastarbaiter
Арнайы автордың інісіне бағышталады:
Мұқағали Мақатаевтың ізімен:
***

Сауда қылғым келмейді, клиент қууған,
Тауар сатып, тапқанын белге буған…
Мажор болғым келеді-ау, мажор болғым,
Жоқшылықтан хабарсыз, бай боп тууған.
Мажор болғым келеді, мажор болғым,
Жоқшылықтан хабарсыз, бай боп туған.
Пешші болғым келмейді, кетшей сен де,
Күйе-күйе, күсі бар өкшесі-і-індеее,
Мажор болғым келеді ау, Мажор болғ-е-ем,
Күн сәулесі ойнаған «Поршесі-і-індее-е».
Мажор болғым келеді ау, Мажор болғ-е-ем,.
Күн сәулесі ойнаған «Поршесі-і-індее-е».
Кенші болғым келмейді, өтілім жоқ,
Өтілім жоқ, ол түгіл білімім жоқ,
Мажор болғым келеді, мажор болғым,
Көңілі тоқ, қалтада доллары көөп,
Мажор болғым келеді, мажор болғеееем,
Көңілі тоқ, қалтада доллары көөп…

Стажер болғым келмейді, демері жоқ,
Демері жоқ ақшалай берері-і-і жо-оқ.
Мажор болғым келеді-і-і, мажор болғе-е-ем,
Одан басқа Құдайдан тілеріім жоқ…
Мажор болғым келеді-і-і, мажор болғе-е-ем,
Одан басқа Құдайдан тілеріім жоқ…
Қанат қағып аспанға ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауымда.
Мажор болғым келеді-і-і, мажор болғыым,
Баласы жоқ олигарх құшағы-ында…
Мажор болғым келеді-і-і, мажор болғыым,
Баласы жоқ олигарх құшағы-ында…
edige
Мажор болғым келеді-і-і, мажор болғеееееем…
asaubota
таныс керек по любому. таныссыз болмайды бұл іс.
bizbike
менің де бір танысым оқу бітіріп, жұмыс таба алмай, базарда сатушы болып жүр осыкүні. Бірақ жас маманның өзіне де байланысты сияқты. Іздеген адам табады ғой.