Гүлдер күнделігінен: Жаңа гүлдер

Осыған дейін де кейбір посттарда айтып кеткенімдей, гүлді тасымалдаудың бірнеше жолы бар. Ең қарапайымы — тұқымына тапсырыс беру, оны арнайы қағазға орап, сәйкес температурасымен жеткізсе, сапасына еш әсер етпейді.
Тағы бір түрі бар, ол өскіндерімен жеткізу, яғни өсіп тұрған кез-келген жапырақтының бір бұтасын арнайы қайшы немесе секатормен қиып алып, корневинге бір малады да, грунтқа салып отырғызады. Сыртын газетпен немесе қатты коробкамен соққы тимейтіндей орап, тапсырыс берушіге жібереді.
Жақында соңғы аталған әдіспен бірнеше өскін алдым. Солармен таныстырсам деген ниет бар.
Атыраудағы сауда орындарында бөлме гүлдерінің аздығына және қымбаттығына байланысты, алыс болса да, Алматы және басқа да облыстардан іздеу мен үшін әлдеқашан әдетке айналған. Арнайы сайтқа кіріп өз қалаған сортыма іздеу саламын да, кері жауап жазған адаммен байланысқа шығып, қалаған өскінді ала аламын. Сондай бір кезекті іздеу барысында екі түрлі бальзамин (Velvet Love, Niamei)мен бір пеларгония сортын (Red Pandora) қаладым.
Velvet Love
Бальзаминнің бұл сорты басқаларға қарағанда көнбіс емес, жапырақтарының түсі есебінен декорды ашып тұрады, гүлдері орхидеяға ұқсас.
Ниамей
Жапырақтары ұзынша келген, гүлдері ерекше Ниамей бальзамині
Пандора
Бұл Red Pandora деп аталатын пеларгонияның бір сорты, ерекшелігі — гүлі лалагүлге (тюльпан) ұқсайды, бірақ соңына дейін ашылмайды, сонысымен де керемет!
Фроу Фроу
Пеларгонияның бұл сорты гүлінің ерекше түсіне бола таңдалды.

Бұлардың бәрі шетелдік селекция нәтижесінде туындаған. Қолдан қолға жеткізу, өсіру оңай шаруа емес екенін оқығам, соны өзім енді тексеріп көрсем деп отырмын.

Сонымен қолға түскен бұлар әлі де стресстен/жол қиындығынан арылар емес, көп дегенде екі апта керек.
Алдағы уақытта тәжірибе барысын баяндайтын боламын.

Назарларыңызға рахмет.
Бөлісу:

43 пікір

VKM
Уау, гүлдер тамаша екен. Қанша гүл бар үйіңізде,Gulistan?
Gulistan
Ия, гүлдер тамаша. Менікі де солай гүлдеп кетсе екен деймін. Ал үйдегісін санап көрмеппін. қазір мықты сұрыптау жүріп жатыр, аяқталған соң хабарлаймын. Өздерің қандай гүлге ерекше қарайсыңдар?
VKM
ок. Үйде гүлдейтіндерден: китайская роза, фиалки(4 түрі), Фламинго, лимон бар
Gulistan
Китайская роза дегенің гибискус қой, гүлдері махровый ма? Яғни бірнеше қабат па дегенім.
VKM
Жоқ, бір қабат. Сосын тез солып қалады. Бірақ гүлдей береді, гүлдей береді
Erkekyz
Біздің үйдегі де осындай, яғни жеңешем өсіретіні.
Gulistan
Гүлдей беретіні жақсы ғой, біздікі биіктеп өскенмен, бутондары тез солады.
aza
Үшінші суреттегі гүлге тапсырыс берсем деп ойлап отырмын…
Gulistan
Ол гүлді тек алматыдан ғана таптым, жас өскіні 1500 теңге тұрады. Ал менің арманым мынау:
aza
Мен Ақтауда тұрамын, жеңешеме сйлағым келген… Ақтауда осындай гүл көрмеппін.
Erkekyz
Гүлістан, ол қандай сайт? Білсем болады ма? Мен кактус пен алоэ өсіргеннен басқаны білмейді екенмін(. Сол қызығып жүрмін. Қыста қиын емес пе өсірген?
Gulistan
Алоэ, кактусқа қызықпайды екем, ол екінің бірінде бар ғой. Мен үшін тартымдылары — жоғарыда айтып өткендегідей.
Қыста көп гүлдерде тыныштық маусымы, су құюды да азайту керек, былайша айтқанда демалып, ұйқыда болады.
Nurgisa
Gulistan, гүлді ас үйде ұстау қаншалықты қауіпсіз?
Gulistan
Тамақ пісірген кезде ас үйде бөлінетін азот, күкірт, фенол мен формальдегидтерді сіңіріп алатын хлорофитум, плющ, сцинлапсус деген гүлдерді ұстаңыздар!
Nurgisa
Бізге кішкентай горшоктағы бегонияны сыйлап еді. Сол ас үйді жерсініп жатыр ма деген күдік ұялап жатқаны. Кешке суретін салып жіберейін өзіңе жеке, қолың тисе ақыл-кеңесің сәлемденетінін білесің…
Gulistan
Бегония жатын бөлмеге жақсы. Сіздерге қандай түрі тиесілі: жапырақтысы ма, гүлдісі ме?
Nurgisa
Жапырағы да, гүлі де бар бір нәрсе. Мен ажырата алмаймын. Суретке түсіріп салып жіберермін…
Gulistan
Бірақ асханаға жоғарыда аталған гүлдерді қоюды ұмытпа:)
Nurgisa
Бір жақсысы, ас үйде гүл горшоктарын қатарлатып орнатуға ыңғайлы бір ниша бар. Соны қолға алу керек боп жүр. Өткенде НТВдағы «Квартирный вопроста» әдемі бір амалын көріп едім. Бірақ мен көрген инсталляцияларға арнайы тапсырыс беру керек сияқты.
Gulistan
Дүкендерде сататын конструкция қарапайымы 10 мың теңге шамасында. Шебер достарыңыз болса, соған жасатып алыңыздар.
Nurgisa
Аршат? :)))
Қазір температурадағы күрт арту мен күрт төмендеуден қорқам. Көктемді күтсем бе екен деп жүрмін.
Gulistan
Нұрғиса, тап саған төнетін қауіп көріп тұрған жоқпын. Көз қорқақ, қол батыр екенін білмейтін жандар қатарынан емессің:)
balzaminka
Анаааррррррр, жазбашы гүлдер туралы деп қатты айқайлағым келіп кетті :)

Гүлдер керемет екен, тез тамыр жайып кетсін өскіндерің!
bazuka
сіңлім мына гүлді өсіріп жатыр бірақ атын білмиді)) жақында ғана отырғызды. Гүлстан гүлдеріңіз әйбат, бірінші гүл ұнап тұр.
Aizhantabyn
мынау каланхоэ деген емес пе?) гүлге икемім жоқ, бірақ қатты қызығамын)))
Altygradus
Каланхоэ бөлек болады, бұл гүлі жоқ қарапайым өсімді, аса күтімді қажет етпейтін, жапырақтарының түсімен әдемі.
Ал Каланхоэ басқа гүлден дым ұқпасам да бір асырағаным бар осы Гүлістан ханым арқасында:))бірақ ақыры обалына қалғанымды айта кетуім керек.
Gulistan
кетші, өлтіріп алдың ба? ;(
Ол енді әдейі тырыспаса, анау-мынауды елей қоймайтын гүл еді ғой. Ал медик Жаннаның гүлі қалай болып тұр?
Altygradus
енді әдейі тырыспаса, анау-мынауды елей қоймайтын гүл еді ғой.
уахахаха арнайы тырыстым:))) Жо нормально тұрған, сосын тіпті чуть чуть йод қостым да суына.Ну бірақ питание сосын топырағына да жақсы болар деп. Бұрын әйтеуір басқа бір гүлсүйгіш құрбым солай істейтін арасында бір, оны да есіме түсіріп…
Короче нормально тұрған, кейін бір суғаруды ұмытып содан бас жағы солды, оны кесіп тастадым, жанынан шықты жапырағы.Тіпті әңгіме де айттым ғой оған«сен шыда тамыз ортасында ҚЗға ап кетемін, ол жақта саған дұрыс қарайды деп», вроде соған сеніп шыдап жүрген. Бірақ кетерге бір апта қалғанда қарайып кетті, сүүйтсем тамыр жағында бір ұссссақ букашкалар жүр. Сон инеттен оқысам корневая тля дейма сондай бір бәлелер құртқан сияқты ғой. Медик Жаннаныкі менкіне қарағанда әдемі өсіп тұрған, Анардың көзі ғой деп қарап жүрген кәдімгідей күтіп, бірақ оған да дәл сондай бәлелер жұғып, гүлді құртқан екен. Шамасы жаңбыр маусымындағы аканың ылғалдығы топыраққа ісер етіп ана паразиттерді қаптатқан ғой дим:(
Altygradus
ауаның ылғалдығы
Altygradus
осы бір гүлді ұры шақырат деп мектепке апартқыызып тастаған бір апайым:)))
Gulistan
Бүл гүл КОЛЕУС деп аталады, менің фавориттерімнің қатарында.
Жақында американ сайттарынан мынандай сорттарын таптым:

Aizhantabyn
Ниамей бальзамині дегеннің гүлдері морской конекқа ұқсайды екен))) Пеларгония ма еді өткенде мен түсірген щоқ гүлдер? ну сондай розовый ше? Үйде өсе ме екен? Гүлдеу мерзімі қалай?
Gulistan
Ия, пеларгонияның тамырландыру процесін есептемегенде, жалпы күй талғамайтын гүл.
Режимін сақтай білсе, жыл бойына гүлдейді.
Altygradus
айтпақшы ана королевская Пеларгония не болды, так и жерсінбеді дедің иә?
Gulistan
Ия, осындай еді ғой.
Aizhantabyn
иәәәәәәәәәәәә! Все, куплю өзіме и өсіріп көрем. Астанада теплица бар дейді ғой, гүл сататын, соған жолығу керек еді…
balzaminka
Бөкейхан көшесіндегі дүкен жақсы. Сонда барып көрерсің?
Gulistan
Жақсы бөлме гүлдерін Көкбазардан қолдан алсаңдар да болады. Өйткені, өсіруге икемді және арзан.
AKA
Ух ты, екінші суреттегі гүлді алғаш көруім, ерекше! Ниамей бальзамині ұнады, гүлдері әдеееміііі екен. Анам екеуміз гүлді жақсы көреміз, үйдегі гүлдерден камелия ұнайды.
Gulistan
Жаңарту: жоғарыда суреті көрсетілген екі бальзамин де "өліп қалды", олардың тамырлануына жасаған барлық шаралар жеткіліксіз болды. Тәжірибе сәтсіз болды деп айта аламын.
Пеларгониялардан Фроу Фроу сорты «Черная ножка» немесе қарааяқ дертіне шалдықты, яғни су көбірек құйылып кетіп, сабағы қарая бастады. Бұған дейін не болар екен деп артын күтумен болсам, енді кезек күттірмей, бүгін барып топырағын ауыстыруды ойлап отырмын.
Ал қалғандары жайнап тұр.
Айтпақшы, өзім армандаған Appleblossom Rosebud сорты қолыма тиді, онымен қоса гүл иесі Golden Anniversary мен Arctic Princess сорттарын беріп жіберіпті, Алла разы болсын!


Gulistan
ПЕЛАРГОНИЯ ТАҚЫРЫБЫН ҚЫЗДЫРА ТҮСЕЙІН.
Өткен жолғы Алматыға сапарым сәтті болды бар жағынан да. Гүлдер коллекциям толықты, Мадлен куә
Енді менде мына сорттар бар:
Dylan Cherone
Brightstone
PAC Candy Flowers Dark Red
Noel Gordon
Arctic Princess
PAC RoseCrystal
Appleblossom Rosebud
Gulistan
ПЕЛАРГОНИЯ ТАҚЫРЫБЫН ҚЫЗДЫРА ТҮСЕЙІН.
Өткен жолғы Алматыға сапарым сәтті болды бар жағынан да. Гүлдер коллекциям толықты, Мадлен куә
Енді менде мына сорттар бар:
Dylan Cherone

Brightstone

PAC Candy Flowers Dark Red

Noel Gordon

Arctic Princess

PAC RoseCrystal

Appleblossom Rosebud
Unity
Emma Jane Read
Richard Hodgson
Norrland
Ludvigs burger Flair
Borthwood
Fairfields