1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Сән үлгісі — ережесі үнемі өзгеріп тұратын ойын. Сол ойында Сіздің орныңыз қандай? Кейбіреулер қолды бәріне бір сілтеп, өзін қандай киімде ыңғайлы сезінеді, сондай киім киіп жүре береді. Егер киген киіміңіз дене бітіміңізге сай келмей тұрса, ол қанша жерден сәнге айналған болса да сіздің өңіңізді ашып, ажарландыра түспесі анық. Сол себепті ең алдымен киім кию стиліңізді анықтап алғаныңыз жөн. Дегенмен, адамдардың көбі көштен қалмас үшін өз ортасында сәнге айналған киімді дене бітіміне жарасып тұрса да, жараспай тұрса да киіп жүре беруге талпынатын сияқты. Әр ғасырдың, әр жылдың сән үлгісіне қатысты өз ерекшеліктері бар. Бұл жазбада Сіздер 1981 жылдағы сән үлгісіне менімен бірге «саяхат» жасайтын боласыздар.

Әдетте қарапайым халық көпшілік алдында жүретін өнер иелеріне қарап „бой түзеп„, олардың жүріс-тұрысына, киген киімі, тіпті шаш үлгісіне дейін еліктейді. 1981 жылғы сән үлгісінің қалыптасуына да өнер адамдары біршама үлес қосқан. Бұл туралы сәл кейінірек...


Қазір немере сүйіп отырған туысқан аға, әпкелерімнің 1981 жылдағы фотосуреттері ескірген альбомның парақтарынан орын алған. Альбомның әр бетін ашқан сайын езуіме күлкі үйіріледі. Себебі, олардың дәл сол кездегі шаш қою үлгілері де, киім киістері де, көзқарастары да өзгеше. Оларға күліп отырып ішімнен „Кейін немерелеріміз біздің де қазіргі киім кию стиліміз бен сән үлгілерімізге күле қарайтын шығар» деп ойлаймын.

Туыс, таныстарымнан сол жылдағы сән үлгісі туралы сұрағанымда берген жауаптары ұқсас шықты: ол кезде бәрі шектен тыс болған сияқты, себебі көйлектерінің етегі қысқа, ал көлемі не тым тар немесе тым кең болған. Шаш қою үлгісінің өзі бөлек бір тақырыпқа арқау бола алады. Менің өтінішіммен әріптестерім жұмысқа үйлеріндегі альбомдарын алып келіп, 1980 жылдардағы фотосуреттерді қарап шықтық.
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Әйелдердің киім кию стилі
1981 жылдағы романтикалық бағыттағы сән үлгісі Диана ханшайымның киім кию стилімен, сонымен қатар оның 40 метр жібек матадан тігілген, 7,5 метрлік жамылғысы бар, 10 мың маржан тастармен көмкерілген той көйлегімен байланысты. Сонымен қатар Мадонна да сән үлгісіне өзіндік үлесін қосты. Ол сахнада корсет, былғары шолақ шалбар, қысқа белдемше киіп, беліне белбеу, көзіне күннен қорғайтын көзілдірік тағып, бет-әлпетін ашық түске бояп, шашын бұйралап жүрген.
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Ер адамдардың киім кию стилі
1981 жылы ерлердің киім кию стиліне Майкл Джексон, Дэвид Боуи, Бой Джордж, Томас Андерсон мен Дитер Болен сынды әншілер белгілі бір деңгейде әсер еткен. Поп-музыканың патшасы Майкл Джексон көбінекеи қалпақ (шляпа), иық жағы кең пиджак, былғары күрте, кең шалбар, ақ түсті шұлық кигенді жақсы көрген. Ал Дэвид Боуи мен Бой Джордж джинс шалбар, футболка мен былғары күрте киетін. Олар сахнада да, өмірде де шаштарын бояп, беттеріне опа-далап жағып жүрген.
Томас Андерсон мен Дитер Болен сахнада өнер көрсеткенде жейде және джинс шалбармен немесе жалаңаш денелеріне былғары күрте кие салып, етегі кең былғары шалбармен жүретін.
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Бизнес-ханым стилі
Дәл сол жылы бизнес-ханым образына деген қызығушылық та арта бастаған. 1979 жылы Маргарет Тэтчер Ұлыбританияның премьер-министры болды. Аты аталған стильді сол қалыптастырды десе де болады. 1981-1988 жылдар аралығында көгілдір экраннан «Династия» телехикаясы көрсетілетін. Ол телехикаядағы басты кейіпкерлер іскер әйелдердің рөлін сомдап, офистік стилдегі киімдер киген. Бұл да сол сән үлгісіне өзіндік әсерін тигізбей қойған жоқ.
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Спорттық стиль
1980 жылдары әйелдер мен ерлер тән сұлулығына аса көп мән берген. Осы кездері қоғамда адамдардың жеке жаттықтырушысының болуы да сәнге айналған. Ер адамдар бұлшық еттерін шынықтыратын спорт түрімен (культуризм) әуестенсе, әйелдер аэробика, шейпингпен (ырғақты гимнастиканың бір түрі) айналысқан. Нәзік жандылар жаттығу арқылы қалаған нәтижеге жете алмаса, хирург көмегіне жүгінген.
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

«Болмасаң да ұқсап бақ...»
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Тақырыпшада айтылып тұрғандай, мен кішігірім тәжірибе жасадым. 3-4 құрбымның басын қосып, 1981 жылғы сән үлгілеріне сай киіндіріп, шаштарына сол кездегідей етіп сәндеп көрдім. 1981 жылдан бері 34 жылдай уақыт өтіп кеткендіктен, киім табу маған қиынға соқты. Қай туысым, қай танысымнан сұрасам да — ешбірі кімдерін сақтамаған болып шықты. Ақыры Second-hand, яғни киім-кешекті өлшеп сататын дүкендерді аралап, 1981 жылғы сән үлгісіне ұқсас киімдер іздеуіме тура келді. «Ұқсайды-ау» дегендерін таңдап алдым. Ендігі кезекте қыздардың шаштарын сәндеу қалды. Бірақ… бірақ ойым іске аспады. Қалай тырыссам да дәл сол кездегі шаш қою үлгісін жасай алмай қойдым. Мүмкін, тәжірибемнің жоқтығынан болар. Осы уақытқа дейін ешкімнің шашын өріп немесе сәндеп көрген емеспін. Тағы бір себеп, қыздар да бірінші рет фотосуретке образға кіріп түсіп тұр. Қалай болғанда да еткен еңбегіміз бар ғой деп, жұмысымның нәтижесін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім. Менің айтқаныма көніп, қол ұшын созған қыздар: Алуа – балабақшада ағылшын тілі мұғалімі, Әйгерім – балабақшада тәрбиеші, Динара – мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі, ал Қымбат – банктің бас кассирі.

Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат
Блог - ademi_alem: 1981 жылдың сән әлеміне саяхат

Міне, әңгіменің аяғына да келіп қалдық. 1981 жылға кішігірім «саяхатымыз» осымен аяқталды. Назар қойып оқығандарыңыз үшін үлкен рахмет! Қандай сән үлгісі үстемдік етсе де «Кейбір адамдар бар – киерге киімі жоқ, Кейбір киімдер бар – ішінде адамы жоқ» екенін естен шығармайықшы, достар!..

(Фотосуреттер алынған сайттар: 24hair.ru, www.spletnik.ru, wiki.wildberries.ru)
Бөлісу:

6 пікір

bake
Бір тонды жейде кигенді кездестіреміз. Шалбар түрі көбейді. Ағашқы джинсы ауылға жеткен кез. Сосын арнайы тігілгендері бар бұлдары ала, «ақ» және "қара" түсті емес, мысалға «жасыл» және «көк». Үлкен тор көзді қалың жіптен тоқылған бұлды пальто. Есте еміс-еміс қалыпты. Ешнәрсені шатастырған жоқпын ба?
3-4 құрбымның басын қосып, 1981 жылғы сән үлгілеріне сай киіндіріп, шаштарына сол кездегідей етіп сәндеп көрдім
әуреге салыпсың ғой))
merekeee
Коллаж жасағанда бір андай, сурет бір құрбыңның суреті қылып жасау керек еді, салыстыруға қызық.
ademi_alem
Ол да ойымда болды, бірақ кей қыздар екі түрлі киіммен түсті, сол себепті жұмыс барысындағы суреттерімен төртеуін біріктіріп жоғары жағына қойдым.
MERmukhanov
Эксплуатация женского труда и красоты :))
ademi_alem
Бірнеше адамның ескертуімен, тақырыптағы „жылдағы„ деген сөзді, „жылғы„ деп өзгерттім.
ken
арыстан прическі