ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИ

Футбол десе, қатынын төркініне жіберетін жанкүйерлер, атша шауып жүрмісіңдер?! Қалай, мониторға сәл еңкейіп, сол қолмен жақтарыңды таянып, ыңғайланып отырсыңдар ма? «Кім не жазды екен, ә?» миықтарыңнан мырсылдап. Футбол үшін көп сөздің қажеті жоқ, көпәріп деп ешкім оқымайды. Барынша қысқа етіп жазайын. Біршама уақыттан бері ештеңе жазбай кеттім. Жалпы, Керекинфоның «белсендісі» емеспін ғой. Менің Барсаға көкбауыр тұсымның бұратындығы жасырын емес-ті. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Мансити футбол командасымен ойнайды. Жеребе осылай түсті. Бұл команданы зерттеуге тырысып көрдім. Мықты тұсы, әлсіз тұсы қайсы. Сұрақтарыма жауап іздедім. Біраздан бері Манситидің ойындарын әр жерін көріп жүргенмін, былай жақсы команда. Топтық кезеңде Мюнхен-Аренада Байернді ұтты. Кеше Мансити-Ливерпуль ойынын төреші «ойын басталды-ойын аяқталды» деген белгіні білдіретін ысқырық шалған кездерінен, яғни, басынан аяғына дейін көрдім. Команданы бір ойынына қарап, «пәлен екен, түген екен» деген таяз ойлылық пен футболдық мағынада дүмшелік болар. Манситидің бюджеті қомақты, футболшылары шебер. Бапкері — Пеллегрини деген азамат. Бұл азамат Испания футболымен етене таныс, талай жыл Ла Лиганың бірнеше командасында бапкер болған. Барсаны жақсы біледі. Командалары Каталония шеберлерімен сан мәрте кездескен. Манситидің ең мықты тұсы — қос қапталдағы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Испания футболымен таныс — испан Силва (Бұрынғы командасы «Валенсия»), Навас (Бұрынғы командасы «Севилла» — испан акцентімен), Негредо (бұл да «Севилладан»), ЯЯ («Барселона») және Серхио Агуэро. Коларов, Джеко, Фернандинио, Насри Футбол, тек қана футбол!: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИсекілді футболшылар бар. Мықты әрі әлсіз тұсы — орталық қорғаушылар: Компани мен Лескотт. Қарсылас команданың шабуылшыларынан әр ойында кемі екі-үш рет «көз жазып» қалатын әдеттері бар. Қателіксіз адам болмайды. Есесіне, осы қорғаушылар қарсылас команданың айып алаңындағы стандарттар кезінде басып-жаншып, баспен гол соғып кетуге қауқарлы. «Зік» еткізеді, болды, доп қақпада! Барсаның шағын денелі шабуылшылары осы екі азаматты әбден терлететін түрі бар. Қақпашы Хартты Барса сынап көреді. Көбіне, қақпашылар жайлы көп айтылмайды. Ойын барысына қарай, дәлірек айтсақ, бабы мен бағына қарай жұмыс істейді. Ал, көрер қызық көбейсін! Әдемі футбол көру бұйырсын!
Әрі қарай

Бәрі қойна

Бүгін таң атпай бәрі Чиншанло туралы шулап кетті ғой. Оның бәрі қойна. Спортпен басталған күн, футболмен бітпек. Еуропа алаңдарында доп додасы жалғасын табады. Чемпиондар Лигасының үшінші тур ойындары өтеді. Бүгін біраз клубтың дүбірлі додадағы болашағы мәлім болады.


Әрі қарай

Инопланетян

Өткен аптада Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары болған еді. Барселона-Байер арасындағы ойын 7-1 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді. Сол ойында әйгілі Месси 5 гол соғып «пента-трик» жасады. Осы ойыннан кейін көптеген футболшылар Месси жайлы туиттеріне жазған екен. Кеш те болса солардың біразын оқып көрелік:


«Месси – әзілқой?! Мен үшін әлемдегі ең керемет футболшы!» (Уэйн Руни, «МЮ» шабуылшысы)
Әрі қарай

Менің футбол тарихым...

Менің футболға деген қызығушылығым 2002 жылғы әлем чемпионатынан кейін басталды. Оған дейін футбол деген спорттың бар екенінен бейхабар бейбақ болыппын.

Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)
Әрі қарай

COPA DEL REY. «РЕАЛ» ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛДІ…+ Видео


Барсаға бір ғана қарсылас бар еді ол Реал, енді Барсаға қарсы тұратын Реалда жоқ, тіпті Барсаға қарсылас жоқ секілді. Соңғы 7 ойында Маур шәкірттері азулы Барселонаны 1рет болсада жеңе алмаған жеңістің бәрі Барселонада.Ал енді 2ші жауапты ойынды көреміз қандай қызықтар болатынын
Әрі қарай

«Сантьяго Бернабеу».«Реал - Барса» .«ЭЛЬ КЛАССИКО»

Бүгін «Сантьяго Бернабеу» стадионында тамаша футбол спектакльі болады.Жан алысып жан беріскен ойын болары анық.Екі команда құрамыда сен тұр мен атайын деген жігіттер.Түн жарымда басталар ойынды жіберіп алмаңыздар!
Әрі қарай

Мессидің "Барса" үшін ойнағанына сегіз жыл

2003 жылғы 16 қарашада, демек, бұдан тура сегіз жыл бүрын Франк Райкаард алаңға жаңа ойыншыны шығарады. Қарсылас — атақты Жозе Моуриньоның «Порту» командасы.

Екінші таймда алаңға шыққан 14 нөмірлі (айтпақшы, бұл Йохан Кройффтың нөмірі ғой, ә?) жап-жас кішкене бойлы жігіт бірнеше жылдан кейін клуб легендасына айналады. Барсаның «визитная карточкасы» деп айтуға келе ме екен?



Әрі қарай

"Алтын джойстик"

Кешегі финалды үйде үш дос тамашаладық. Мен, Қуаныш (Медеубаев, жас ақын) және Ботабек(тележурналист). Үшеуміз де Барселонаның жеңгеніне қуанатындар тізімінен едік.Сонымен финал ойындарынан кейін үшеуміз өзара мықтыны анықтауға кірістік.PES-2010
Әрі қарай

Барса vc Реал



Жаңа фейбуктан бір барсалық фанаттың қойған суретін көріп қалдым. Қатты ұнады.
@qisiq қисаймай ақ қойшы өтініш
Әрі қарай

Пепе vs Дани Алвес

Мына видео қызығушылық туғызады екен. Кешегі Чемпиондар Лигасының жартылай финалында болған даулы жағдай — Пепенің Дани Алвестің аяғынан тепті деген желеумен алаңнан қуылуы. Матч Мадридте Реал мен Барселонаның арасында өтті. Төреші — Вольфганг Штарк.
Әрі қарай

"Қасап ет, қой жан дертінде"


Сәуір айының екінші жартысы футболсүйерлер үшін мейрам болғалы тұр. Ертең басталып, апта айналмай қайталанатын Эль-Классиколар аяқдопқұмарларға өздері күткен ләззатты сыйлай алады деген үміттеміз. Тура 19 сағаттан кейін басталатын Испания Примъер Лигасындағы каталондық команда мен король командасының арасындағы текетірес төрт дербидің ішіндегі ең жеңілі деуге болады. Әрине, Барса үшін. Жеңсе, әрине, керемет. Бірақ жеңбесе жоғалтқан үш ұпайдың есесін мұнан кейінгі ойналатын матчтардағы қарсыластарынан шыңғыртып тұрып қайтарып алады. Жеңсе Реалмен арадағы ұпай айырмашылығы 11-ге шығады. Әлбетте, осыған дейін, ұмытпасам үш сезоннан бері жеңе алмай келе жатқан Реал Барсадан бар қарымтасын қайтаруға тырысатыны анық, әсіресе соңғы 5-0дің. Оның үстіне Ноу Камп емес, сондықтан блоуграналардың біраз терлейтіні шүбә туғызбайды. Дегенмен, жаман ырым шақырып қайтеміз, үш ұпай және каталондық клубтың еншісінде қалады деген үміттеміз. Ал келесі сәрсенбі күні ойналатын матчтың салмағы бұдан ауырлау. Жеңіс екі командаға да ауадай қажет. Ал одан кейінгі Чемпиондар лигасы жартылай финалы матчтарының маңызы айтпаса да түсінікті.
Қысқасы, ертеңгі матчты түріктің "Қасап ет, қой жан дертінде" деген мақалымен сипаттауға болатындай. Барса деңгейі шамалас қарсаласын бір тізерлетіп, арадағы ұпай айырмашылығын арттыруды көздесе, Реал кеткен есесін қайтаруды, сондай-ақ ұпай айырмасын азайтуды көздейді.
Әрі қарай