Менің футбол тарихым...

Менің футболға деген қызығушылығым 2002 жылғы әлем чемпионатынан кейін басталды. Оған дейін футбол деген спорттың бар екенінен бейхабар бейбақ болыппын.

Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)

2003 жылы футболды онша көрмей кеттім.

Менің өмірімдегі екінші үлкен турнир 2004 жылғы Еуропа чемпионаты болды. Әрине, кімге жақтасқаным белгілі. Финалда Роналдумен бірге жылап едім… Себебі, менің сүйікті ойыншымның бірі Манишенің командасы жеңіліп қалып еді. Айтпақшы, Манишенің ойынымен «Порту» сапында жүргеннен таныспын.
2004 жылғы Чемпиондар Лигасы естеріңде шығар, ә? Сол жылы Жозе бапкердің бастауымен Порту финалға қиналмай жетіп еді. Олардың ойынын, әрине, хабардан тамашаладым. Лион мен Депортивоны қалай ұтып еді… Финал тіпті ерекше болды. Морьентес пес Людовек Жулидің командасын тас талқан етті ғой «Порту». Деку, Манише, Виктор Бая, Дерлей, Карлес Альберту, орыс Аленичев, Карвальюдің өнері әлі есімде сол финалдағы.

2005 жыл менің есімде Миланның жеңілісімен қалыпты. Ол кезде Челсидің жанкүйері едім. Бұл жылдың сәтсіз болғаны өкінішті

2006 жылы менің есімде жақсы сақталды. Өкінішке қарай, барлық ойынды тамашалау мүмкін емес болды. Сонда да барлық нәтижелерді көз алдымда ұстадым. Қазіргі сүйікті командама деген құрметім осы жылы басталды. Негізі бәріне «кінәлі» Роналдиньо. Айтпақшы, бұл пытболшы жайлы 2002 жылы айтуды ұмытып кетіппін. Финалда блауграна жеңіске жеткені футбол сүйер баршаңызға мәлім шығар.

Бұл жылы әлем чемпионаты өткені мәлім. Колледжге оқуға түсуге дайындалып жүргендіктен оны қарауға уақыт болмады. Бұл жарыс Зиданның алаңнан қуылуымен есте қалды.

2007 жылы Барселона ширек финалға да шыға алмай қалды. Есесіне финалда Милан 2005-те кеткен есені қайтарды.

2008-де Барсаны болашақ кубок иегерлері тоқтатты. Бұл жыл негізі сәтсіз болды. Финалда МЮ-дің Челсиді жеңіліп қалғаны жаман болды. Анелька мен Терридің тепкен доптары айдалаға кетті.

Испанияға деген құрметім осы жылы басталған шығар. Алайда, финалда немістерге болысқан едім.

2009 жыл. Өте керемет жыл болды деп толық айта аламын. Это'О мен Месси Барсаны жеңіске жеткізді. МЮ қоңыз теріп кетті ғой сол ойында. Эх, шіркін дәурен-ай…

2010 жылы Барсаны Жозе бапкер тоқтатты. Интер емес, Жозе тоқтатты. Басқа ештеңе айтқым келмейді.

Әлем чемпионаты өте қызықты өтті. Бар ойынды тамашалауға уақыт болмады. Негізі 2006-дан 2010-ға дейінгі уақытта футболды көруден сәл алшақ болып қалғаным рас. Оның орнын қазір толтырып жүргенім бар.

2011 жыл. Менің футбол тойым болды бұл жыл. Біріншіден Барса мүмкін болар бар жарыста жеңіске жетті.(Сынған суперкубоктен басқа). Екінші, үйге АВ-ТВ тартырдық. Содан бері Еуропаның белді чемпионаттарын үздіксіз тамашалап келемін. Менің назарымнан тыс қалған Барселонаның ойынын саусақпен санап алуға болатын шығар өткен жылдан осы жылға дейінгі аралықта өткізген ойындарын есептейтін болсақ.

2012. Осы жыл. Барсаның Реалдан 10 ұпай қалуы ызаландырады әрине. Тіпті, Осасунадан ұтылған күні жынданып, бар ашуымды агентте отырғандардан алып едім. Очм, осылай менің футбол тарихым.
Бөлісу:

31 пікір

asaubota
менде мұндай хроника істейтіндей түк жоқ. ес білгелі үйде футбол көріп өстік. генмен келе жатыр бұл ауру
konvict
Біздің үйде спортқа ебі бар ешкім болмады. Тек ой спортына ғана қызығушылық танытатын еді. Үйдегі футболға қызығар жалғыз мен ғана
asaubota
ой спорты болғанда 5 жасымнан шахмат ойнаймын  ешкім үйреткен жоқ. үйде бәрі ойнайтын. дойбы, карта ойындарын да өзім меңгеріп алдым.
Zhan
Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды.
Осы жылы мен Түркістанда оқып жүр едім. Іштей менде Түркияның жеңуіне тілектес болдым. Бір күні ұйықтап жатсам далада айқай-шудан оянып кеттім. Бақсам, футболдан түріктер чемпионат болыпты. Далада Туркиядан келген түрік қыз-жігіттер мәз, толпа боп жүр, қуаныштарында шек жоқ. Олармен қосып біздің қазекемдер де мәз боп жүр. Сол кезде мен түріктердің спортқа деген сүйіспеншіліктерін көріп таң қалғам. Ішімнен қызығып та кеттім оларға. Олар бүкіл жатақхананы айналып өздерінің гимндерін айтып шықты. Қолдарында шар, ту. Сол толпа Түркістанның үлкен көшелерін жаяу аралап кетті түнімен думандатып. Ертесіне біздің университет басшылығы түрікағайындарды жеңісімен құттықтады, концерт болды. Біз де группадағы Эрол мен Эданы құттықтадық.
Nurgisa
, футболдан түріктер чемпионат болыпты.
 
Zhan
Басыңнан бас қалмады ғой. Үшінші орын алғанын айтам деп.
kokbori
, қыздарға екі қойым бір тиын
VKM
түріктер чемпионат
емес, чемпион де
Zhan
ВКМ, чемпионат та, чемпион да емес үшінші орын алған. Әйтпесе, құрсын ана Нұрғиса ағаңның басынан бас қалмайтын болды.
VKM
3 орынды білемін. Тек өзімше ана сөздің қатесін тапқаным ғой.Шынымен, ағаның басына обал болды.
Marco
Ол кезде Челсидің жанкүйері едім.

Бұл қалай болды сонда, жыл сайын сүйікті клуб өзгеріп отырады ма???
konvict
Негізі футболды теледидардан көргендіктен балалықпен сүйікті клубтарым өзгеріп отырды
Marco
Финалда МЮ-дің Челсиді жеңіліп қалғаны жаман болды
МЮ қоңыз теріп кетті ғой сол ойында.
Брәтішкі қалай-қалай сөйлейсің әу!!! МЮ-ді жақтыртпайтындайсың ба, а??? Не болд, нақ, шықшы былай!!!
konvict
Әй, өзің қалай-қалай сөйлейсің әу? МЮ мен қоса Реалды иттің етінен бетер жек көремін
Abilakim
ағылшын лигасынан МЮ дан бөлек кімді ұнатуға болады, түсінбеймін?
qisyq
Челси, Тоттенхем, Арсенал, Манчестер Сити, Ливерпуль, Ньюкасл, Фулхэм, Астон Вилла… таңдай бер. Ең интригасы көп чемпионат. Сонысымен де қызықты. Мықты командалары көп. Жыл сайын қайта-қайта бір-екі команда бәрін ұтып зайыпты шығармайды.
Botik11
2002 жылы футболды түсіну өте кеш деп есептеппін. Аршекеңдікі дұрыс-аууу
qisyq
98-ден бері Франция құрамасына, 2001-ден бері Реалға жанкүйермін. Конвикт, уіш, Барса осы жылы чемпион болмайды, мммәәәә-муәәәә-мммәәәәә…
Armanjan
Чемпионат болардың алдында біраз уақыт бұрын «кім чемпион» болады деген болжайтын пікір-талас қызықты өтуші еді, тіпті кейбіреулері бәс тігіп жататын.
konvict
Дүние кезек, келер кезек…
Adiletshu
2002 жылғы әлем чемпионаты кезінде шашымды бірінші суреттегі Үміт Даваланыкіндей қылып алдырып тастағам
Adiletshu
Конвиктта мен құсап алдырып тастапты ғой, тойыс Давала құсап. Постты оқымай жаза салдым
araika
Футбол десе жанын беріп, көгілдір жәшіктің бер жағында отырып алып күйіп-пісетін, жүйкесін жұқартатын жандарды түсінбеймін. Олай жасағанша, команда жинап, реалда ойнасын, ақ тер, көк терді сол алаңқайда төксін!