Менің футболға деген қызығушылығым 2002 жылғы әлем чемпионатынан кейін басталды. Оған дейін футбол деген спорттың бар екенінен бейхабар бейбақ болыппын.
31 пікір
Тек тіркелген және логинімен кірген қолданушылар пікір жаза алады

Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)
Менің өмірімдегі екінші үлкен турнир 2004 жылғы Еуропа чемпионаты болды. Әрине, кімге жақтасқаным белгілі. Финалда Роналдумен бірге жылап едім… Себебі, менің сүйікті ойыншымның бірі Манишенің командасы жеңіліп қалып еді. Айтпақшы, Манишенің ойынымен «Порту» сапында жүргеннен таныспын.
2004 жылғы Чемпиондар Лигасы естеріңде шығар, ә? Сол жылы Жозе бапкердің бастауымен Порту финалға қиналмай жетіп еді. Олардың ойынын, әрине, хабардан тамашаладым. Лион мен Депортивоны қалай ұтып еді… Финал тіпті ерекше болды. Морьентес пес Людовек Жулидің командасын тас талқан етті ғой «Порту». Деку, Манише, Виктор Бая, Дерлей, Карлес Альберту, орыс Аленичев, Карвальюдің өнері әлі есімде сол финалдағы.
2006 жылы менің есімде жақсы сақталды. Өкінішке қарай, барлық ойынды тамашалау мүмкін емес болды. Сонда да барлық нәтижелерді көз алдымда ұстадым. Қазіргі сүйікті командама деген құрметім осы жылы басталды. Негізі бәріне «кінәлі» Роналдиньо. Айтпақшы, бұл пытболшы жайлы 2002 жылы айтуды ұмытып кетіппін. Финалда блауграна жеңіске жеткені футбол сүйер баршаңызға мәлім шығар.
2011 жыл. Менің футбол тойым болды бұл жыл. Біріншіден Барса мүмкін болар бар жарыста жеңіске жетті.(Сынған суперкубоктен басқа). Екінші, үйге АВ-ТВ тартырдық. Содан бері Еуропаның белді чемпионаттарын үздіксіз тамашалап келемін. Менің назарымнан тыс қалған Барселонаның ойынын саусақпен санап алуға болатын шығар өткен жылдан осы жылға дейінгі аралықта өткізген ойындарын есептейтін болсақ.
Бұл қалай болды сонда, жыл сайын сүйікті клуб өзгеріп отырады ма???