Мессидің "Барса" үшін ойнағанына сегіз жыл

2003 жылғы 16 қарашада, демек, бұдан тура сегіз жыл бүрын Франк Райкаард алаңға жаңа ойыншыны шығарады. Қарсылас — атақты Жозе Моуриньоның «Порту» командасы.

Екінші таймда алаңға шыққан 14 нөмірлі (айтпақшы, бұл Йохан Кройффтың нөмірі ғой, ә?) жап-жас кішкене бойлы жігіт бірнеше жылдан кейін клуб легендасына айналады. Барсаның «визитная карточкасы» деп айтуға келе ме екен?





Небәрі 16 жасында «Драгауда» «Портуға» қарсы шығу деген ол жай ғана аулада доп қуу емес қой. Сонымен бірге, Месси мен «Барса» арасында қарым-қатынас, Мессидің клубқа келуі, емделуі сияқты әңгімелерді жанкүйерлердің барлығы біледі деймін, Лионельдің биографиясын копипасттамай-ақ қояйын :)

Алтын доп (2009, 2010, 2011), Чемпиондар Лигасының Үздік шабуылдаушысы (2008/09, 2010/11), Чемпиондар Лигасының Үздік ойыншысы (2008/09, 2010/11), «Пичичи»(2009/10), «Алтын Бутса (2009/10), ФИФАның Үздік ойыншысы (2009)… және жай ғана красавчик!

Өзімді „Ой, қойшы, қыздар футболды әдемі футболистер үшін ғана көреді“ деген санатқа мүлдем жатқызбасам да, Мессидің шынымен де красавчик екенін айтпай кетуге бола ма екен?! „Красавчик“ деген сөз тек оның түр-келбетін сипаттағанда ғана емес, жалпы ойыны туралы пікір алмастырғанда қолданылады.

Биылғы Алтын доп үміткерлерінің арасында да бар. Ол келе жатқан ақырзаман жылдың қаңтарында белгілі болады.

»Барсаның" қарсыластары да, клубқа бейтарап қарайтындар да, футболды мен сияқты анда-санда уақыт болғанда қарайтындар да, менің тренажеркамдағы еркектер де «Барселонаның» мықты клуб екенін мойындайды. Әсіресе адекватты «Реалдықтар» Гвардиоланың жігіттері мықты дегенде тура Мессиге күйеуге тигендей жынды боп қуанам. Бірақ көрсетпейм, әрине :) Мені глорихантер дейтіндер миларын шаршата берсін, хехе.

Лионель Андрес Месси, құттықтаймыз!!!
Бөлісу:

16 пікір

aizhuka
редакторда тырнақшалар неге бірдей болып, енді постты жариялағанымда жап-жаман әр түрлі болып тұр??
:(
e_zhalgas
ювидегі орысша жазбаларыңның лебі байқалады, сөз қолданыста, обороттарда! жымиып оқыдым :)
aizhuka
ужц, о жақтағы посттар «розовый» ғой, хехе :)
ойой, өмір бойы орысша және ағылшынша блог жазған кісіге скидка қайда? :)
e_zhalgas
ендеше, дисконт-картам бар деп есептей бер :)
aizhuka
менің дисконт-карталарды жақсы көретінімді бір жерден оқып алғансың ғой дим :)
e_zhalgas
өзіңді ашық кітаптай сезініп кеттің ғой, шамасы :)
aizhuka
жоға, ол бір-ақ беті ғой :)
хотя, сен менің екі бірдей блогымды оқисың...
Aikona
Күшті, шынымен қыздар футболды әдемі жігіттер үшін көре ме? :)). Мен барлық спорт түрін көруге дайынмын, айғайлауға да тек ҚЗ деген жазуы болса :)
aizhuka
Спорт арнасын көретін қыздар туралы қатып қалған стереотип қой, бірақ =>
«Ой, анау қызыл шортыдағы жүгіріп бара жатқан қандай ничоооошный» — менің Стивен Джеррард туралы өз құлағыммен естігенім :)
Nurgisa
Месси 2009, 2010, 2011 жылдары алтын доп болған ба?
aizhuka
ахахаха, қатырдыңыз :) «иегері» деген сөзді ұмытып кетіппін)
konvict
Қош келдің!!! Месси мен Месиифандар жасасын!!!
mercedes
Мына қортық лилипут Иньеста мен Хавидің арқасында футболист боп жүр ғой.
Gulistan
Месси жақында әке атанбақ. Кеше оқыған хабарым!
mercedes
не істейміз нақ? жуамыз ба?