Инопланетян

Өткен аптада Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары болған еді. Барселона-Байер арасындағы ойын 7-1 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді. Сол ойында әйгілі Месси 5 гол соғып «пента-трик» жасады. Осы ойыннан кейін көптеген футболшылар Месси жайлы туиттеріне жазған екен. Кеш те болса солардың біразын оқып көрелік:


«Месси – әзілқой?! Мен үшін әлемдегі ең керемет футболшы!» (Уэйн Руни, «МЮ» шабуылшысы)

«Бұл жігіттің ойынына үлкен сүйіспеншілікпен қараймын… Месси»(Джек Уилшер, «Арсенал» жартылай қорғаушысы)

«Месси – Пеле емес, Месси – Марадонна емес, Месси – Роналдо емес. Месси – ол Месси, жай ғана Месси. Керемет!»(Жулиано Беллети, бұрынғы футболшы)

«Мессидің ойыны адам сенгісіз. Сырттай барлығы қарапайым секілді көрінеді»( Йозеф Блаттер, ФИФА президенті)

«Месси Вуду сыйқырын қолданады… Дәлел»ммануэль Фримпонг, «Арсенал» жартылай қорғаушысы)

«Бұл шынымен Чемпиондар Лигасының ойыны ма, әлде Плэй-стейшн ба? Ол – тоқтаусыз!»(Радамель Фалькао, «Атлетико» шабуылшысы)

«Күдіксіз сен өзге галактикалықсың. Рахмет саған, Лео!»(Макси Родригес, «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы)

«Месси – әлемнің үздік футболшысы!» (Эден Азард, «Лилль» шабуылшысы)

«Лео тарихты жазуды жалғастыруда. Ұлы Лео!»(Пабло Сабалета, «Манчестер Сити» қорғаушысы)

Әйгілі қоянтіс Роналдо шыдай алмаса керек, әдептен озып твиттерге «Балаларыңды твиттерден алып кетіңдер. Месси футболды шайтан секілді ойнайды», — деп жазыпты.

«Ал, сіз Мессидің адам екеніне сенімдісіз бе?»(Демба Ба, «Нюькасл» шабуылшысы)

Шынында да бұған дейін Чемпиондар Лигасының бір ойынында 5 гол соққан адам жоқ екен. Ал, уішіңдер рЕАЛдықтар.

Ақпарат көзі sports.ru сайтынан және футболшылардың жеке туиттерінен алынды
Бөлісу:

11 пікір

aikarakoz
болбол
konvict
Ашуыңызға не тиді?
aikarakoz
Тақырыбын оқып, фантамастика бірдеңе күткем ғой  
patick
Үшінші гол — офсайдтан соғылғандай болып кетті
asaubota
Месси шайтан. Оның ойынын қарау харам. © Мұстапа ахи. (Твиттері жоқ)