Пепе vs Дани Алвес

Мына видео қызығушылық туғызады екен. Кешегі Чемпиондар Лигасының жартылай финалында болған даулы жағдай — Пепенің Дани Алвестің аяғынан тепті деген желеумен алаңнан қуылуы. Матч Мадридте Реал мен Барселонаның арасында өтті. Төреші — Вольфганг Штарк.

Бөлісу:

19 пікір

konvict
Қисық, сен футбол ойнап көріп па едің? Бірінші доппен бірге аяқты тепті, кейін аяғына тиді ғой. Бұл жерде Пепені ақтаудың еш мәні жоқ.
qisyq
@konvict, саған көтеншашты жұлуға еш себеп жоқ.
Біріншіден, мен футбол ойнап көрдім, сондықтан
Қисық, сен футбол ойнап көріп па едің?
деп мен іліп-қағып, кекетпей-ақ қой. Екіншіден, мен Пепені ақтап тұрғам жоқ, тек өзіме қызық болған видеоны елдің назарына ұсындым. Келісесің бе, келіспейсің бе — ол сенің шаруаң. Пікіріңді қалдыр, оған риза боламын. Ал, бірдеңенің байыбына бармай байбалам салудың қажеті жоқ.
konvict
Байбалам салып тұрған мен жоқ. Өз пікірімді жазып отырмын. Егер футбол ойнап көрген болсаң оқиғаның қалай өрбігенін өзің ақ түсінуің керек
qisyq
Оқиғаның қалай өрбігенін өзім түсініп тұрмын.
Бірақ, мәселе бұл жерде менің жеке пікірімде емес. Мәселе, сенің біріншіден, кекеткеніңде, екіншіден, «осы жазба арқылы Пепені ақтап отыр» деп маған ярлык таққаныңда.
Түсін, бұл видео маған қызықты болды, ел көрсін дедім, басқа шизофрениялық ойлар жоқ, баста!
konvict
Бопты, кешір! кекету ойда болмап еді.
asaubota
мен футбол ойнап көрдім, оқиғаның қалай өрбитінін түсінбедім. түсіндірші.
edige
Сендер тыңдап қараңдар: "- мейлероппа, мейлероппа "- деді гой. Ол -«хорошо что тасына тимеді»- дегені шығар
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))))))
asaubota
мына пікірді кеше бәс тігейін деп отырып оқып едім, бөлісе кетейін:

Еще скажу то что главный судья Штарк является фанатом Мерси и лично заявлял о том что хочет обменяться с ним футболками. :) Думаю это возможно только если Штарк «будет себя хорошо вести» rofl
Так же Штарк не назначил явный пенальти в ворота Интера в матче групового этапа против Барселоны, тогда Интер тренировал ни кто иной как синьор Моуриньо.

Вот у Штарка и будет возможность реабилитироваться, назначив пенальти в ворота Реала, который забьет его кумир — Месси, за что и подарит ему свою футболку :)

www.zhivuigrayuchi.ru/blog/real_barselona/2011-04-27-1324
qisyq
Ия, кеше Штарктың Мессиды ұнататыны жайлы айтып қалды. Қарымта матч қызық болатын сияқты. айтпақшы Барса Жозені сотқа бергелі жатыр дегенді оқып қалдым.
Khan
Красный орынсыз болды… Төрешінің жүйкесі сыр бергеннен болар. Әрі қарайғы карьерасына жақсы болмайтын шығар.

Күресте алдымен құлауды үйрететін еді. Футболда да сондай үрдіс қалыптасты. Құлағанда да әдемі құлайды, аяйсың шынымен :)
satvaldo
қарымта ойында мадрид алды-артына қарамай шабуылдайды, содан қатаң жазаланады. + троль ойынды трибунадан қарайды.
сасқанынан баск Вильярды кiналай жөнелдi, әй бәдік…
Geltau
Әр спорт түрінің өзінің ережесі бар, мына жағдай футбол ережесіне қарсы, яғни Пепе өз аяғын Алвестің аяғына тіке қою арқылы оны тоқтатпақ болды, егерде Алвес аяғын тартып құламаған жағдайда(аяғын сындырып алған болар еді) чемпиондар лигасының ақтық ойынында ойнамайтын болар еди. Сондықтан Пепені Вольфганг Штарк өте әділ жазалады,,,,
qisyq
Меніңше, қызыл кәртішке артықтау.
Geltau
қызыл кәртішкеден үрейленгеннен, Пепе енді қайтіп ондай қателікке бой алдырмайды деп ойлаймын, Футбол ойнаңыздар,,,
qisyq
Футбол ойнаймыз, пікіріңізге рахмет.
Geltau
Сізге де рахмет, жеңісті күндерде жолыққанша, футболда!!!