«Мұрат» командасының мерейі үстем болды
Өскеменде сәуірдің 27-28 күндері шағын футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылған шараға бас-аяғы 10 команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Өскемендік ұжымдардан бөлек, Глубокое, Үржар, Жарма аудандарынан және Павлодар қаласынан келіп бақ сынасқан-ды. Турнирді Әділбек Сейілхановтың жақындары, отбасы және ШҚО футбол Қауымдастығы тізе қосып ұйымдастырғанын айта кетейік. Cалтанатты ашылуында ұлдары, елге белгілі спортшылар: Ерлан, Руслан Сейілхановтар, одан бөлек, Ержан, Гүлмира, Жанна, Жомарт есімді балалары және марқұмның жұбайы Бақыт Сейілханова сөз алып, турнирдің дәстүрге айналып келе жатқанына разылықтарын білдірді.
Ойыншылар алғашқы күні толассыз жауын мен күн райының алабұртуына қарамай, тартысты ойындар көрсетті. Осы ретте, ұйымдастыру комитеті жарысқа тұңғыш рет қатысып отырған «Мақаншы» командасын ерекше атап өтті. Бұл ұжым әр ойында ерекше мінез танытып, жартылай финалға іркілмей жетті. Алайда ары қарай павлодарлық командаға жол берген. Аталмыш турнирде бірнеше мәрте топ жарып, түрлі сайыстарда жүлденің алдын бермей жүрген «Кеден» футболшылары да бар мүмкіндігін паш етті.
Сонымен, екі топтан суырылып шыққан төрт команда жартылай финалда жолықты. Бұл жерде «кедендіктер» «ВКОАФ» ойыншыларынан 1:0 есебімен басым түссе, Павлодардан келген «Мұрат» ұжымы «Мақаншы» командасына жауапсыз үш доп соғып, жеңіске жетті. Бұдан кейін үшінші орын үшін болған кездесуде «ВКОАФ» футболшылары үржарлық аяқ доп шеберлерін 2:1 есебімен қапыда қалдырса, жеңімпаз атағы сарапқа салынған ойында павлодарлық ұжым жергілікті «Кеден» командасын 1:0 есебімен сан соқтырды. Қортындысында, Әділбек Сейілхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнирде «Мұрат» командасы үздік шықты. Екінші орынға «Кеден» футболшылары жайғасса, үздік үштікті «ВКОАФ» ұжымы түйіндеді. Жеңімпазға арнайы кубок табыс етілді. Командаларды марапаттау барысында марқұмның туысы, қол күресінен бес дүркін Әлем чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхамедолла Ағзамов қатысып, қатысқан әр командаға алғыс білдірді.
– Сіздерді келер жылы да осы жарыстан көреміз деген үміттемін. Әрине, дайындығы жоғары болған команданың жеңіске жетуі заңдылық. Осы ретте павлодарлық команданың асығы алшысынан түскенін барлығымыз да көрдік. Бастысы, турнир тартысты болды, ойыншылар да жарақаттардан дін-аман, – еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Турнир кезінде Әділбек Сейілхановтың алыс-жақыннан келген достарын да байқауға болады. Олар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей шаһарларынан, аймағымыздың түкпір-түкпірінен арнайы ат басын бұрған. Олар да өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, сайыс деңгейінің жоғары екендігін атап өтті.
Ұйымдастыру комитеті әдеттегідей, ойында ерекшеленген қатысушыларды арнайы номинациялармен марапаттады.
Үздік қорғаушы – Сергей Дурницын (ВКОАФ)
Үздік қақпашы – Нұрлан Кемелбаев (Кеден)
Үздік шабуылшы – Александр Шевченко (Мұрат)
Алғаш рет қатысса да, сенімді ойын көрсеткен «мақаншылықтар» ендігі өткізілетін турнирлерге жиі қатысып тұруға тілек білдірген екен. Жеңіске жектен павлодарлық ойыншылар болса, шығысқазақстандық ұжымдарды өз алаңдарында өтетін жарыстарға қатысуға шақырды.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі