Тосын сыйға толы жыл

Жылқы жылы мен үшін жақсы әрі күтпеген жаңалықтарға толы болды. Наурыз айының аяғында декреттік демалысқа шықтым. Үйде болған алғашқы екі-үш күнде өмір тоқтап қалғандай сезімде болдым. Редакторымның «Мүмкіндігің болса, мақала жазып тұршы» деген ұсынысы«Босанғанша немен айналысамын? Ішім пыстыыыыыы» деген ойдан арылуыма себепші болды. Қалаған күні немесе шақыртқан күні жұмысқа барып тұрдым. Сөйтіп жүргенде бастығым «Зарина, бұл түріңмен жұмыста босанып қаласың ба деп қорқам. Ертеңнен бастап жұмысқа келмеуіңе болады» деді. Арада бір-екі күн өткеннен кейін, 14.06.14 күні бөпелі болдым. Бұл биылғы жылдағы ғана емес, осы уақытқа дейінгі өмірімдегі ең, ең, ең үлкен, ең, ең, ең жақсы, сөзбен жеткізе алмайтынкеремет жаңалық.

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл

Бір күні бөпемнің аузынан түкірік сияқты ақ көбік шыға берді. Тісі шығатын уақыт емес. Уайымдадым. Дәрігер туысым «Оны далаға «выброс» болған күні (заводтардан ауаға залалды заттар бөлінеді) шығарғансың ғой. Ондай күні далаға шығармауға тырыс» деді. Ауылға ата-анама кететіндей емес. Кетсем де қанша күнге жалғаспақ? Бірде қонаққа шақырып, 14.09.14 күні Зайсан қаласына бардық. Зайсан – жолдасымның туған жері. Ата-анасының көзі тірі кездерін есіне алып, бала кезде ойнаған жерлеріне барды. «Бәрі де басқаша, бәрі өзгеріп кетіпті» дейді. Сосын «Күнде бала үшін алаңдамай осы жаққа көшіп келейік. Айдаладағы ауыл емес, ауасы таза, өмір сүруге қолайлы. Баланың иммунитеті қалыптасқан соң Өскеменге қайтып барармыз» деген шешімге келдік. Қысқасы, көштік. Бұл мен үшін аяқасты орын алған, күтпеген жаңалық болды…

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл

Бөпем тынышты болған соң ғаламторда отыруға да уақыт табыла бастады. Бірде Аршат ағаның миниблогиада туралы жазбасын оқыдым. «Қатысып көрейін. Қызық қой!» деп ойлап, алғашқы жазбамды орналастырдым. Ондағы «Үйде отырып суретке түсіре салған, ол қалай репортаж болады? Оның жанында менің жазбам...» деген сияқты пікірлерді оқып «Қой, далаға шығайын» деген ойға келдім. )))))))))) Екінші жазбам тағы да сәтсіз болды. Данияр Алан аға 6 ұпай қойды. Бірақ осы ұпай мені жігерлендіріп жіберді. Мұндай ұпайды Аршат ағадан, Ерлан ағадан күткем, бірақ Данияр ағадан емес. Себебі, ол маған өте жұмсақ, ешкімнің көңілін қалдырмай жоғары ұпай қоя беретін адам болып көрінді. ))))))))))) Миниблогиада қорытындысы бойынша, бірінші орын алдым. Бұл мен үшін күтпеген, тосын қуанышты, жақсы жаңалық болды!

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл

Осы жылдың ең басты үш жаңалығы осы. Ал келер жылдан әзірге екі жаңалық күтем: Блогиадаға қатысу және Астанаға көшу.
Эстафета кезегін Блогиаданың жеңімпазы, жазғанынан жазары көп, бізге (блогерлерге) үйретері, берер кеңесі көп Асқар Базарбайұлына беремін. Бұл жыл Сіз үшін де жақсы жаңалықтарға толы болды деп ойлаймыз.
Бөлісу:

17 пікір

Daniar-Alan
Данияр Алан аға 6 ұпай қойды. Бірақ осы ұпай мені жігерлендіріп жіберді. Мұндай ұпайды Аршат ағадан, Ерлан ағадан күткем, бірақ Данияр ағадан емес. Себебі, ол маған өте жұмсақ, ешкімнің көңілін қалдырмай жоғары ұпай қоя беретін адам болып көрінді. )))
ыхаха ))))))))))
Daniar-Alan
Әсіресе мына жері
Себебі, ол маған өте жұмсақ, ешкімнің көңілін қалдырмай жоғары ұпай қоя беретін адам болып көрінді.
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))((
ademi_alem
Сөйтсеееем, жұмсақ болса тым жұмсақ, қатты болса тым қатты сияқтысыз ғой. ))
Daniar-Alan
мясс… 2 ақ сөзбен характерді ашып тстад. Профи хуле ))
Gastarbaiter
Адамның берген ақшасына қарай болашағын да болжай алатын бір амиго бар еді. Сотталып кетті ғой деймін. Мамандығы киллер болатын.
zholantai
Баланың иммунитеті қалыптасқан соң Өскеменге қайтып барармыз» деген шешімге келдік.
мықты
Gastarbaiter
Тоймай қалдым. 8 ұпай ))))
merekeee
Бөпелі болғаның — ең кереметі екен! Тұңғышың ба?
MERmukhanov
Балапан!!! Мәмпәси!!! Тәтті щегол!!! )))
satibaldi
Данияр Алан аға 6 ұпай қойды.
«Аға, аға» деп шеттетесің шырағым, ағаң да реті келсе…
bizbike
Құдай жүрек! Қуаныштымын өте, біреуімен тоқталмаңдар енді! Маған поштамен жіберемін деп едің ғой.