Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты

Елімізде тағы да бір жаңалық шу көтерді. Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, жігіттің жасы отыздар шамасында, ұзын бойлы. Сірнебай екеуміз оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлерді сөзге тартқан едік.

Абылбек Мауленов: Қыз жалғыз өзі билеп тұрды. Біздің Усть-Каменьде мұндай биші жастар көп. Мен осында "ҮМЗ" АҚ кәсіпорнында аграрлық сала бойынша менеджермін… Иә, жігіттің жасы шамамен отыздарда. Сақалы өскен. Джинсы кигені есімде. Бірақ балағын көрмедім. Иә, шалбарында балағы жоқ.

Ануар Дауленбаев: Славься, Усть-Каааменогооорск! Встааанем ряяядом и споем друууг-другууу! Вот так вот.

Қалған куәгерлер көшеде тоңып қалған соң, Сірнебай екеуміз ақпаратты басқаша жолмен іздей бастадық. Нәтижесінде қыз туралы мынадай мәліметтерді таптық:
Жұмағұлова Малика, 1991 жылы туған. Биші. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Жастар саясаты басқармасында екі жыл жұмыс істеген. Негізгі құжаттардың көшірмелерін, басқарма жұмысының жоспарларын Қытайдағы Харбин қаласына тыңшылық жолмен жеткізумен де айналысқан.
Жақын туыстарынан тек Жұмағұлов Қанат деген ағасын таптық. Ағасы Атырау қаласында Иманғали мешітінде имам боп қызмет атқарады. Ол кісі бізге хабарласты:
Қарындасымды алып қашқан болса, тағдырдың жазуы сол шығар. Біздің асыл дінімізде тағдырға өкпелеуге болмайды. Сондықтан мен тағдырдың жазуына разымын, батамды бердім.
Аноним азаматтан поштамызға бейнежазба жолданды. Бейнежазбада Маликаның Шымкентте ақ босаға аттағаны көрсетілген.
Бөлісу:

33 пікір

MickThatsMyNick
атауы банальный болса да +1… видеоға
VKM
қуғынбайлар. Ақпарат жинағанда папам прокурор екені шықпады ма не?:))
Adiletshu
Егер алып қашса соттатып жібересің ба?
VKM
мәссаған, енді танымайтын жігітке күйеуге шығам ба сонда? Жазылып тұр ғой,өзіммен-өзім билеп тұрған екенмін.Ешкімге тиіспей)))))))) папам қоймайды ғой, мен қойсам да)))))))))))) Әділет,үйің не болды?
Adiletshu
Ақша жоқ. Неге сұрай бересің :)
VKM
жәй, біткені жақсы ғой, бастағаннан кейін:)))) мүмкін банк-манк грабануть еткен шығарсың,қайдан білемін?)))
MERmukhanov
Бұ жақта бүйдеп жатқанмен, так то плюстеп отсың ғо полюбас :)
VKM
қойши, Мерей, плюстаған жоқпын.Афтар кім екени деп ойланып отырмын))
Donatello
Құдаша, бір партия! © Тойыңызда билемедік пе? ))
Ispek92
Енді Леонардо • Рафаэль • Микеланджело-ларды күтеміз, ал ВКМ жұлдыз болуға алғаш қадамың құтты болсын)))
VKM
О, Исабек, бармысың бауырым? Донателло кім деп ойлайсың? Ешкімге келмейді
MERmukhanov
Қанат деген ағаң бар ма? :)
VKM
бар.Бірақ ол Қазақмыста істейді))))
Ispek92
Бармын ғой, ВКМ сұлу! Өзің бармысың, саумысың? Алғашында сен үшін уайымдап қалдым)))) кім екенін табу қиын, күтейік бір Шерлок табылар…
esilerkesy
Донателло, ғұмырың ұзақ болмайтынын ішім сезеді ;)
Donatello
Ішіңіз өтіп жүрмесін. :)
MamaAya
)))Қызық екен, тек ана видеодағылар не болды екен ары қарай??? Кетіп қалды ма или байғұұұс қыз қалып қойды ма? Келісіп әкелсе болады ғой, зат сияқты қолтықтап апара жатқанын қараш(((
Donatello
Ары қарай не болғаны тоғыз айдан кейін белгілі болады. :)
Daniar-Alan
Алмас Алтай шығар :)
ken
Mermukhanov шығар)
Ispek92
Ол кісі ат емес шығар, бір басқан жерін екі-үш басатын)))
merekeee
Алып қашқан жігіттің де «прототипі» бар ма Керекте?
Donatello
Нұрыш Шымкенттен. :)
merekeee
Жолантай-ау деймін. Отызда ма еді?
Ispek92
Жоға, қырықтан асып барады, әлі бойдақ))))
Medium
:)))) Донателло — менің братым! Рафа да.