Күйеуге тигім келмид!

… сананың ұсақтығы. Жекелеген емес, қоғамның. Уәде беріп орындамаған әкім де ұсақ. Қожайын сезінген Өскемен де ұсақ. Жетім сезінген Семей де ұсақ. Осыны тізбелеген адам да ұсақ. Орысша айтқанда «комплекс неполноценности»...
бұл менің сөздерім емес, Алмас ағаның (kozildirik ) цитатасы ғой.
Қалай басталды бұл әңгіме...?
Опчм осы сайтта көп азаматтар сұрап еді «Фб-та барсың ба?»- деп, жақсы жер деп те мақтады. Кіріп көрдім, танысып көрдім… бірақ мақала ол туралы емес.  бүгін сол Фб-тан бір жазбаны байқадым. Данияр Токтарбаев деген азамат былай жазыпты:
Шығысқазақстандықтар! Жерлестер! Мұхиттай барысымыздың жеңісі құтты болсын!!! Ура! Ура! Ура!)

Білмейтіндеріңіз болса, кеше Мұхит атты ағамыз "Қазақстан барысы"-ның жеңімпазы атанды. Шыны керек, үлкен қуаныш! Шығысқазақстандықтар үшін екі жыл қатар жерлестерінің "Қазақ барысы" атанғаны уапче қуаныш!
Тек осы қуанышты бөлісе алмағандықтары ма, әлде бір-бірінен қызғанғандықтары ма… кей ағалар Фб-ті басына көшіріп жатыр екен. Бағдат Амангелді деген ағамыз:
Шығыстың барысы деп жеңісін ортақ қылған Айбекке облыс уәде еткен үйін әлі берген жоқ!Қайта Семей өз ұлына қолдау жасады.Алдымен облыс орталығы өз батырларын жарылқасын, сосын барып ортақтассын!
десе, оған жауап бергендердің ішінде, пост авторы (Д.Токтарбаев) былай депті:
Семей — ШҚО бөлігі, сен олай санамасаң, менің ойым сол. Ертең семейлік спортшы немесе басқа азамат әлем чемпионы атанып жатса, ол Қазақстан емес Семей азаматы дейсің бе?! Айбекке мен пәтер уәде еткен емеспін, сол пәтерді беруден бас тартқан да мен емес. осы сөздеріңді не облыс әкіміне не сол пәтерді уәде еткен азаматқа жеткізгенің жөн болар! Айбекке де Мұхитқа да шын көңілмен жанкүйер болдым. Бұл жазбам да шын қуаныштан жазылды, Айбек те, Мұхит — Шығыс барысы! Акимат барысы болмаса да, халықтың барысы.
Дау арасында Жалғас Зейноллаев деген семейлік айтыскер-ақын бауырымыз да бар екен, Қанат Оралбек деген азамат қосылыпты… түптің түбінде әңгіме Бағдат пен Алмас ағалардың арасында өрбіді…
— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — Блог - NaimanKa: Күйеуге тигім келмид!
— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — Блог - NaimanKa: Күйеуге тигім келмид!

Еліміздегі спорт тізгінін ұстаған ағаларымыз "Қазақ барысын" дамытып жатқанда, сол сайысқа қатысар түрлері жоқ біздің батырлар Фб-та дау ішінде жүр. Опчм, жігіттер ұсақталып барады, даушыл шарқыш болып барады… Осындай батырдың бірі күйеу болар болса, мен күйеуге тигім келмид!
Бөлісу:

17 пікір

MERmukhanov
Поқ. 14 облыстың бірі ұтатыны түсінікті еді, сонсоң олар жыртылатыны
П О Қ
ken
көздерің не көргің келеді соны көресің
NaimanKa
Жігіттер не көрсетті, соны көрдім- деп жазайын дедім, бірақ дұрыс түсінбей қаларсыз ау...
MERmukhanov
короче, күйеуге тимей ақ қой. өзге қыздар қуанады
bake
Күйеуге тимеймін дегендерді көзбен көргенмін. Жігіт әйел етем десе және әбін тапса қалайша келін болып түскеніңді байқамай да қаласың))
NaimanKa
әмин, жазсын біздің басымызға
Aya
еее, күйеуге тимеуге кәдімгідей бір қайғылы проблемасы бар екен десем)
zholantai
сонда күйеуге тигіңіз келмейтініне фб кінәлі ма? Жігіттер ма? че та түсінбей отырм,
сіздің қисынға салсақ, фб -ның көмегімен адамдардың қандай екенін танып-біліп жатырсыз ғо,
zholantai
және танып-біліп ғана қоймай, күйеуге тигіңіз келмейтініне себеп еттіңіз,
айтпақш, өскемен-семей деп бөліну туралы жаза отырып, ұсақшылықты, тағы басқаны сөз ете отырып, өзіңіздің нигіңіздің де ұсақшылдық объектісіне ілініп кетуі мүмкін екенін білесіз бе?
сондықтан да біреулердің жер-жерге бөліну ұсақшылдығы туралы айтқан-айқайлағандарына мін тағуға сіздің нигіңіздің сай келмейтінін қайда қоямыз?
алдымен, адам өзінен бастау керек, өзгені шұқыламас үшін,
өзіңізден бастаңыз, сосын басқа бөліністер жайын айта жатамыз, жарайды ма?
мен сіздің профайлыңызға бара қалсам, тек көңілді қыз екеніңізді, қай жылы туғаныңызды ғана білемін, және нигіңізге қарап сол ник атауына тиесілі рудан шыққаныңызды білемін,
басқа ештеңе де білмеймін
тіпті сіздің аты-жөніңізді де
ал мен үшін сіздің қай рудан шыққаныңыз, жалпы қай адамның да қай рудан шыққаны, маңызды бола алмаған
маған сіздің аты-жөніңіз маңызды
демек, өз нигіңіздің атауына қарап, сізді де бөлініс ұсақшылдығын демеп отыр деп бағалаймын
Соңғы түзету:
NaimanKa
Динара Токтарова, Зайсан қаласының тумасымын.
жасым 21-де, университет бітіргем. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында тұрамын, творчестволық жұмыстармен айналысамын.
Өзге әлеуметтік желілерде тіркелмегенмін, тек gmail.com-да ғана пошта жәшігім бар.
Әзірше осы жеткілікті шығар, Блогерлердің жиыны болып тұрады деп естігем, солардың біріне барып, жақынырақ танысқым да келеді блогерлермен (керекинфолық әсіресе). Бір күні сондай бір жиында ешкімге түрі таныс емес бір жас қыз келгенде, бірі болмасын бірі "әй… мынау әлгі НайманКа емес пе осы?!" десе мен қатты қуанар едім.
Логиныма руымды жазғаным — понт емес, руға бөліну де емес. Тіпті руға бөлінуді өз жеке басым қолдамайды, қазақ әр уақытта бір болғанда ғана дамитын халық. Логинымның тарихы өзге әңгіме.
ПыСы. Бәлкім блогерлердің бір отырысында кездесіп те қалармыз…  Ал логиным Сізге ыңғайсыздық әкелсе кешірім сұраймын, бірақ өзгерте алмаймын.
zholantai
ыңғайсыздық әкелген жоқ, кешірім сұрайтын да рет емес, кешірім сұраймын деп ыңғайсыз жағдайда қалдырып кеттіңіз,
ғафу өтінемін,
NaimanKa
«творчестволық» дегенімді дұрыс түсініңіз, — дизайнерлікке, суретке түсіруге үйреніп жүрмін. Сонымен қатар, әлеуметтік зерттеулер туралы оқып зерттеудемін.
ken
Тидің ба?
Abilakim
«Ажырасқым келмейді» деген пост жазу үстінде-міс…
dark_nazgul
Тиме. Қызық жоқ ол жақта.
ken
тізесі шыққан әнек бар емес пе ед
біреу бір данышпаннан:
— үйленсем бе екен, үйленбесем бе екен -деп сұрапты
— үйленсең де өкінесің, тимесең де өкінесің депті.
— сонымен не істейін?
сонда данышпан: енді тиіп барып өкінген дұрысырақ қой. — деген екен.

dark_nazgul, өзің дұрысырағын жасап алып, авторға онша емесін жаса деп отқаның қалай?