Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.

Samsung-тың жүк көлігіне «үңілген» жұрт GalaxyS4 флагман смартфонын, SmartTV сериясының теледидарларын, робот-шаңсорғыштарды және өзге де майланған, сайланған өнімді көрді. Бұл неге керек дерсіз? Компанияның қалағаны халыққа тұтынушылық электроника саласындағы жаңа дүниелерді, технологияларды таныстыру, Интернеттен байқаған, бірақ көзбен көріп, қолмен ұстамаған техниканы ел алдына шығару болған екен. Бұдан бөлек кеңесшілер қай өнімді қалай-қалай қолдануға болатынын, қандай қажет қызметтері мен қызық функциялары бар екендігін және айтып жатыр. Қысқасы, қилы-қилы қырқа-тауды асып келген бұрандалы-бұрамалы заттарды сіз бен бізге көрсетуді мақсат тұтыпты.


Үш қалаға да ортақ бірнеше құбылысты көз шалып қалды.

Астана да, Өскемен де, Павлодар да Samsung-тың брендтелген шатырына оң ықыласын білдіріп, жақсы ниет танытты. Жаздың жаймашуақ күнінде көлеңкелеп келген жұрт жер-жерді алып кетті.

Қонақтар Samsung жаңа өнімдерінің қай-қайсысын болмасын ыждаһаттылықпен шұқылап көріп, сұрақ қойып, бірін алып, екіншісін салып жатты. Бұл қуантпай қоймады, әрине.

«Жолым болғыш, ал, бағымды сынап көрейін» деген ел қымбат һәм қажетті сыйлықтардың ойнатылуына қатысты. Жеңімпаздардың «иығына шапан жабылды» — қолдарына керек жарақтар тапсырылды.

Ең бастысы, барлық жерде керемет көңіл-күй шарықтап тұрды. Әрине, бұған ComedyClubKZ резидентінің де әсері болған шығар, алайда, бірінші кезекте, халықтың ниеті оң болды.


Көрікті үш қаланы аралап болған соң фура батысты бетке алды — алда Атырау! 13-14 шілдеде мұнайлы өлкенің тұрғындары қалаған сұрақтарына жауап алып, жаңа дүниелерді көріп, тексеріп, қалаулы сыйлықтар ойнатылатын байқауларға қатысады. Тура осындай мүмкіндік 29-30 шілдеде Шымкент қаласына да келіп жетеді.

Samsung компаниясы үшін қайырымдылықтың орны ерекше. Тур барысында сатылған әр өнімнің 100 теңгесі мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтетін SpecialOlympics атты мини-футбол жарысына арналады. Промо-турға келген ел арнайы жабдықталған алаңқайда осы шараға деген өздерінің тілектерін, қолдауларын білдіре алады.


Акцияның ресми сайтында жүк көлігінің дәл қазір қайда кетіп бара жатқанын біліп отыру мүмкіндігі бар екенін де еске саламыз. Сонымен қатар, байқаулардың кейбіріне осы сілтеме арқылы өтіп қатыса аласыздар. Промо-турдың хэштегі – #samsungtour.


Екі қала күтіп отыр. Атырау, Шымкент, қарсы алыңыздар! Бірнеше делдалдың қолынан өтпеген, жаңа шыққан тауар туралы өндірушінің өзінен біліңіз. SamsungRoadShow жақында сенің қалаңа келеді!
Бөлісу:

1 пікір

Ispek92
Қызылордадан неге аттап кетті?