Суреттер сатысы (баспалдақ)

Қарап отырсам менде де балалық болыпты.Ауылдағы суреттерге қолым жететін түрі жоқ әзірге.Мына суреттермен өсу жолымды))) баяндай кетейін.

2-ші суретте 1987 жыл,5 июнь деген жазуы бар артында. Әкемнің інісімен түскен суретім. Осы кісінің
Әрі қарай

Блогкэмп: ұмытыла жаздаған кадрлар



Бүркіт демалыс күндері телефонын ақтарып отырып, Құрылтайдың бірінші күні түсірген мынадай бір қызық видео тауып алып, блогына жариялап қойыпты.

Видеода көптеген керекшілер де болғандықтан таныс бола жүрсін деп жариялап
Әрі қарай

Мен соңғы күнімді қалай өткіздім?!

Баяғыда жазғы демалыстан соң «Мен жазды қалай өткіздім?» деген тақырыпта шығарма жазушы едік… Мамырдың 21-і қай-қайдағы еске түскені рас))))Белгілі бір себептермен ауылыма бардым 20-сы кешкілік. Содан 21 күні бәрі шаруамды реттеп болдым.Соны күтіп
Әрі қарай

Мойындау немесе менің асабалығым...

Тас атсаң тамадаға тиетін заман болып тұр ғой. Өзін керемет қылжақбаспын деп санайтындар КВН ойнап, әнші санайтындар әншілік пен асабалықты қатар ұстап кеткенін мойындау керек. алдында «Дабайда» да жаздым ау деймін бұл жайлы. Асабаға еріп әнші болып
Әрі қарай

Әскерде болғандар циркте күлмейді

Алғысөз
Агенттен Аршат айғай салды. «Не деп?» дейсіз ғой. «Циркте күлмейтіндер жайлы әңгімеңді „Керекинфоға“ сал» деп. Патеря боп қалдым. О не деп. Сілтемесін берді. Алдым, бардым. Аптыры мен. Есіме блогыма бұрынырақта жазған жазбам түсті.
Әрі қарай

4 жасар Әбіләкімнің сиямен салған суреттері

Неге сиямен? Қазір күйемен, құммен, бидаймен не болса сонымен сурет салатындар көп қой. Ауыл жаққа барып ескі сандықтан 4 жасымдағы салған суреттерім бар блокнотымды таптым. Бертінге дейін 4-5 жастағы салған суреттерім бар дәптерлер сурет альбомдары
Әрі қарай

Эстафета. Сникерстен ала отырыңыздар

Женщины едят за разговорами, мужчины разговаривают за едой.
Малькольм де Шазаль


Негізі мен осы жерде отырған бір топ еркекті сотқа бере аламын. Моральдық шығынымды өтеп беріңдер деп. Күні бойы қанды іштіңдер тамақтың неше түрін көрсетіп. Ернұрдың сірнесін көргенде есім кәдімгідей ауып қалды.
Жарайды, бұл кедір-бұдыр лид болсын.
Патик кезек сенікі дегенде, басыма небір ойлар келді. Небір болғанда, не ғой, естігеннен-ақ аузыңның суы құритын алуан-алуан рецептер емес, алдарыңа не тартамын деген жымысқы ой.
Содан не керек, аласұрып жүріп асхананы жарып жібере жаздадым. Абырой болғанда, есіме алдында әйелім екеуміз жасаған бір конфеттің рецепті түсті. Басында жаңғақ аршып, кәмпиттің құрамдас бөліктерін араластырып (қазір түсінесіздер) жүр едім, соңғы рет тұтастай өзім жасадым. Төрт жыл жатақханада тұрып, тамақ істеуді үйрене алмай кеткен мен үшін бұл жетістік (күлмеңдершиш, е).
Әрі қарай