Әскерде болғандар циркте күлмейді

Алғысөз
Агенттен Аршат айғай салды. «Не деп?» дейсіз ғой. «Циркте күлмейтіндер жайлы әңгімеңді „Керекинфоға“ сал» деп. Патеря боп қалдым. О не деп. Сілтемесін берді. Алдым, бардым. Аптыры мен. Есіме блогыма бұрынырақта жазған жазбам түсті. «Нұрастаналықтар» (газет) басқан екен.Менің атымнан. Таныс жігіттер бар еді. Дабайдағы «Ақпатша» болар салған. Сонымен,әлқисса…

Оқырманға айтпағым, өзім осыдан алты жыл бұрын өткерген жауынгерлік өмірдің өз қызығы мен шыжығы. Хош, ауылда бейқам жатқан мен бейбаққа 1 сәуір күні аудандық әскери комисариаттан шақырту қағазы келді. «Күлкі күні ғой» деп сенбейін десең, мемлекеттік мөр соғылған. Айтулы күні ауылдан 10-15 бала тарттық «военкоматқа».

Ішінде жасы кішісі мен, 18-ге жаңа толған кезім. Арамызда 1977-1979 жылғылар да бар. Оқуға құжат тапсырып қойған едім, «мына соқталдай жігіттер тұрғанда мені әскерге ала қоймас» деген дәмем бар. Бір қызығы, әскери комиссариаттың сараптамасынан жалғыз мен ғана өтіп кеттім. Алда облыстық сараптама күтіп тұр. Сәуірдің соңында одан да аман-есен өтіп, жолдаманы қалтаға басып ауылға қайттым. Мамыр айында мен әскерге кететін күні орын толып қалып, қайтарып жібере ме деген де күдігім бар. «Проводын» жасап тойлап-тойлап, ауданнан кері қайтып келгендерді де көргенбіз. Аты жаман ғой.

Сонымен, мамырдың мамыражай күнінде «провод» жасап, ауылдың ересек жігіттерін ішімдікке тойғызып, нұсқауларын алдым. Бабына енген сыныптастарым «проводта» билеп жүріп:

— 84-84, — деп туған жылымызды айтып, айғайлап қояды. Біреуі тіпті:

— 84-тер 83-тен бұрын кетіп барады, «позор», — аттандап, бір төбелесіп алдық.

Түнгі пойызға туған-туыс, дос-жарандар шығарып салды. Неге екенін білмеймін, көзіме жас келмеді. Қарағанды вокзалынан «военкомат» біраз жер. Қырық рудан құралған бізді Лёня атты прапорщик бастап келе жатыр. Жігіттермен біраз тойлаған ба, «прапордың» өне бойы арақ сасып тұр. Межелі жерге жеткенсін әлгі «старшыйымыз» бізді тастап, қаңғып кетті. Әркім өз тіршілігімен сатып алушыларға:

— Мені алыңызшы, — деп жалынып жүрміз.

Кеш түсісімен «военкоматтың» дуалынан асып секіріп, қала кезіп кеттік. Менің баратыным — әпкем оқитын жатақхана. Қысқасы, келесі күні мені алатын бір «покупатель» табылды. Мамырдың 22-сі күні түске таман «вагондарға тиеп, тепловозбен сүйреп, армияға алып келді, МАМА!» деген өлеңнің сырын ұғындық.

Мен шекара әскеріне шақырылғандардың қатарындамын. Бағытымыз — Алматы. Офицерлердің бізбен ісі жоқ, екі сержант келіп әскер туралы аңыздарын айтып кетеді. Ертесіне 1-ші Алматыдан түстік. «Газ-66» көлігіне лық тиеп, әскери бөлімге алып келді. Бес қабатты 4 казармасы бар екен. Біреуіне тоғытты бізді. Анадан жаңа туғандай кейіпте «строить» етіп қойды. Киімдерді жинап алып кеткен. Сумкалардың ішіндегі тамақтарымызды, сабын, тіс пасталарын да жинап алды. Олардың бізге енді қажеті жоқ, «армейскиін» береді. «В армии безобразно, но однообразно» деген қанатты сөз бар екен.

Содан кейін шаш сыпыру басталды. Бір ұстарамен 10-15 баланың шашын қырып шығуда. Мен құдай сақтап, «гражданкадан» шашымды тақырлап қырып барғанмын. 2-3 бала ауылда шашымызды сыпырып тастағанымызға тәубе айтып отырдық. «Сақман» біткенсін бәрімізді жалаңаш күйімізде моншаға қуып тықты. 5 минутқа жетпей 50 баланы шомылдырып алып шықты. Ауылдағыдай буға арқаңды қыздырып, құрыс-тырысыңды жазатын монша арман екен. Моншадан айдап шыққансын әскери киім таратты. «Старшыйлар» шұлғау орай алмағандарға үйретіп жатыр. Ауылда керзі етік киген, шұлғау ораған біз сияқтыларды оқытудың қажеті жоқ, тез-тез қағып алдық. Қалалықтар мен орыстарға обал болды. Бірлі-жарымы ептеп алғашқы соққыларды алып үлгерді. Сонымен, бас-аяғы жарты сағаттың ішінде шаш сыпырып, моншаға түсіп, киім ауыс-тырып, жасыл ала форма киіп алғанда кімнің кім екенін тани алмай қалдық қой.

* * *

…Көп соза бермей, сәл ілгерілейін. Бірнеше күннен соң саптық жаттығулар бас-талды. Қолды шекеге қойып амандасудың да өзіндік машақаттары бар екен. Әр аймақтан келгендерді араластырмай, бөлек-бөлек тізіп қойып дайындап жатыр. Күн қайнаған ыстық, су ішуге жібермейді. Әрқайсымызды бір жіберу — «уставқа» келмейтін тірлік. Ара-тұра «кәрі қасқырлар» келіп:

— Алматы бар ма? Семей? Қарағанды?,- деп айқайлап кетеді. Аяқты көтеріп үйренуден соры жоқ екен. Оң қолың кеудеңде, сол қол артқа созылған, сол аяқ жерден 20-25 см көтеріліп тұрады. Сосын оң аяғыңды көтересің. Екі аяғыңды кезек-кезек 10-15 минуттан көтеріп тұрасың. Сержанттар:

— Выше ногу, руки до отказа назад!- деп айқайлап, ескерту жасап әлек. Әбден бұлшық еті сыздап, сіңірі созылған аяғың жерге тиіп кетті екен, құрыдым дей бер. Төбеңе жарты кірпіш қойып, жаттығуды тағы қайталатады.

5-6 күннен соң роталарға бөле бастады. Аз уақытта бауыр басып қалған достардан бөлек кеткен жаман екен. «Сапёр», «связист» тағы басқа әскери мамандықтарға бөлді. Осылай тынымсыз бір ай дайындап, сапта ән айту, автомат ұстауды үйретіп, ақыры ант қабылдайтын күнге де жеттік. Балқаштағы ағам келіп, қалаға «увольнениеге» шығарып алған. Еркіндікті аңсап жүрген басым бір жасап қалдым.

Шыны керек, ант қабылдағанға дейін таяқ жеп үйрендік. Таяқтың да өз атаулары бар екен. Қабырғаға арқаңды тіреп, иегіңді көтертіп, тамақтан ұру «кірпіш», «картошка» деп аталады. Соққы тигенде шынымен кірпіш жұтқандай боласың. «Самолет» дегенде екі қолды қапталыңа қанатша керіп, еңкейіп тұра қаласың. Адамның басына аямай ұрсаң, табуретка сынады екен. «Гражданкада» үлкен жігіттер, ағаларымыз айтқанда сенбеуші едік. Оны «орындық кию» дейді. Дайындық курсы бітіп, әскерді шекараға бөлу басталды.

Мен Қазақстан-Қытай шекарасының Х (икс, құпия) отрядына кеттім. «Молодойлар»-ға «дедтар»:

— Асылып қалыңдар, — деп жатыр. Оңдырмайтындарын айтып доқ көрсеткені. Тәрбие жөніндегі аға лейтенант (замполит):

— Какой призыв?- деп сұрады.

— Май-2. (көктем 2002 ж. күзгілер — ноябрь-2)

— Вешайтесь, у вас 22 дедов!

…Жалпы, шекарада «молодой», олардан үлкендер «старший призыв», бір жыл бұрын келген үлкендер «дед» (біздің аталарымыз осы «май-1») бір жарым жыл өткергендер «дембель» (ДМБ), «квартирант» (бұйрық шығып, қайтуды күтіп жүргендер) болып бөлінеді. Бір қызығы, көктемде келгендерді — «пшено», күзгілерді — «капуста» деп сұрыптайды. Жанжал да осыдан туады. «Пшено — сила, капуста — тупость» деп тиісеміз. Олар да бізді оңдырмайды. Өзінше бір қызық еді ол кез. Бізге қырыққабат жеу «западло», күзгілерге арпа ботқасын жеуге болмайды. «Дед»-тің айтқаны — заң, «старший призыв»-ты тыңдай қоймаймыз. «Дед»-тардың көзін ала бере «старшийлар» бізге шүйлігеді. «Духтың духы жетпес» деген сөз бар, қарсыласуға қорқасың. Жабылып түтіп жібереді.

Айтпақшы, сұрақ-жауап дейтін қызығы бар. Бір «дед» шақырып алып:

— Әскерге қашан келдің?- деп сұрайды.

— 5 минут болды пойыздан түскеніме, әлі рельс суыған жоқ,- деп қоясың

— «Гражданкі»-де не істедің?

— Темір жинадым.

— Не үшін?

— Сізге қайтуға пойыз жасау үшін.

— Аспанның түсі қандай?

— Қара.

— Неге?

— Сіз қайтатын пойыздың түтінінен.

— Менің сүйікті түсім?

— Жасыл (шекарашылар киімі, погоны жасыл түсті).

— Сүйікті жануарым?

— Крокодил (ит десеңіз өкінесіз).

— Сүйікті мәшинем қандай?

— Лимузин!

— Неге?

— Крокодил сияқты ұзын.

— Сүйікті дәрім?

— Зеленка! (Оның да түсі жасыл)

— Сусын?

— Тархун!

— Аспанда қанша жұлдыз бар?

«Дед»-тың үйіне қайтуға қанша күн қалса, соны айтасыз. Сұрақтары таусылмайды. Әр сұрақтың өзіндік астары бар. Қателессең, құрыдым дей бер.

Жалпы қызық көп ол жақта. Бастапқы бір жылды аман-есен өткеріп алғансын, әрі қарай жалықпайсыз. Енді жаңа «призывтан» осының бәрін сіз сұрайсыз. Себебі, сіз енді «дед»-сыз, «ата» болдыңыз. Айтпақшы, ротадағы бүкіл «аталардың» мекен-жайын жатқа білу деген сияқты басқа да қызық-шыжықтар жетеді. Бір көзім жеткені, «Әскерде болғандар циркте күлмейді» деген қанатты сөз өте дұрыс айтылған.
Мақалаға сілтеме
Бөлісу:

17 пікір

asaubota
оқып отырып «осыны Әбіләкім жазған шығар» деп ойлап отыр едім, расынша да солай болып шықты. күшті жазғансың бәрін.
Abilakim
ой, рахмет)))
ErNur
мына «кірпіштің» кесірінен менің бір тамаша дауысы бар ән айтатын кластасым бар еді, армиядан кейін өлең айта алмай қалды :(((
ErNur
— 84-84, — деп туған жылымызды айтып, айғайлап қояды. Біреуі тіпті:

— 84-тер 83-тен бұрын кетіп барады, «позор», — аттандап, бір төбелесіп алдық.


:))))))) шегім үзіліп кете жаздады
madlen
askerge kyzdardyn barmaityny kanda jaksy, mamaaaaa… sumdyk koi!
Abilakim
Казір біршама өзгерді ғой әскер
konvict
Хехехе! Бұл сенің жазғаның ба еді? Керемет, менде оқып рахаттана күлген едім.
omarbirat
Негізі, бөлімшелерге қарай приколдары да әртүрлі болады екен. Бір кластасымыз оталдыру деген бәле бар деп еді. «Кірпіш», «картошкаға» ұқсайды. Бірақ атайлары «Отал!» дегенде, жас солдат басын шайқап, тамағын ғырылдатып тұрады дейді. Тамақтан ұрған кезде талып түседі екен.

Ол кезде офицерлер қарап жүруші ме еді? Қазір менің досымның уақыты жоқ: солдаттар бірдеңе бүлдіріп қоймасын деп күні-түні бөлімшеде жүреді екен. Қит етсе тексеру келіп қанды ішеді дейді.
Abilakim
БІзде оталдыру былайтын.
«Завадись» деген кезде басыңды шайқап, матасекілдің даусын шығарып еңкейген қалпыңда тұрасың. Желкеңнен кроваттың басымен(душка дейді әскерде)бір переді. Сөніп қаласың. Егер қорқақтап желкеңді ішке кіргізіп қалсаң әлгі темір қарақұсыңды оңдырмайды.
konvict
Тамақтан ұру әлі күнге бар дейді ғой
Abilakim
Енді дедовщину никто не отменил и не отменяет дегендей ғой)))) Просты кей жағдайлар жеңілдейді. Видеобақылау, ағаш төсектер дегендей
Janasil
қаламсаптың ішіндегі запасымен мұрыннан шертеді. Көзде қалай жас шыққанын байқамай қаласың деген еді бір танысым.
Abilakim
Ия)))) Чо плачешь? деп сұрайды.
-птичку жалко -дейсің
-На қоя-дегенде
-Она маленкая)))
a63a1
қазіргі 1 жылдық туралы не айтасыңдар?