Мен соңғы күнімді қалай өткіздім?!
Баяғыда жазғы демалыстан соң «Мен жазды қалай өткіздім?» деген тақырыпта шығарма жазушы едік… Мамырдың 21-і қай-қайдағы еске түскені рас))))Белгілі бір себептермен ауылыма бардым 20-сы кешкілік. Содан 21 күні бәрі шаруамды реттеп болдым.Соны күтіп тұрғандай дауыл да құтырына соға бастады.Мен ішімнен" Америкалық священиик дұрыс айтқан екен" деп ойлап үлгердім. Бір жағынан өлсем сүйегім ауылымда қалатынына қуандым. Содан бір ыңғайлылау шұңқыр тауып алып жаттым ішінде шалқамнан. Топырақ, қиыршық тастар түсіп жатыр үстіме. Жата берсем екі-үш сағатта көміліп қалатын шығармын. Жердің айрылатын, аспанның айналып түсіп кететін мезгілін күтіп жата бердім. Дегенмен астымнан сыз өте бастады. Дәрет қыстады. Қой, күнәміз онсызда аз емес шығар о дүниеге дәретіміз түзу кетсін деген оймен орнымнан тұрдым.Кешкілік малдарын күтуге шыққан ауылдастарым мені ішіп алдыға жорып тұр -ау деймін. Маған естірте бір-біріне сыбырласып қояды. Сонда ғана мен америкалыққа алданып қалғанымды түсіндім…
1 пікір