"Қара киімділер 3" (Люди в черном 3; Men in Black III) блокбастері қазақ тіліне дубляждалғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Енді Интернетте пайда болған трейлерін жарияламақпыз.
Идея! Мына фильмнен кейін қызық болып кетті, осы біз батыстың бренділі тауарларына жарнамалық слогандарды жасайтын болсақ, жасағанда жай аударып "Іркілмен, сникерстен" деп емес, қазақи менталитетке, ұлттық құндылықтар мен фольклорға, әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген слогандар өтімді болары анық.
Әрине, ондай сәтті слогандар жасап миллиондап ақша табуға болады.
Бірақ менің беретін ештеңем жоқ, сондықтан ешқандай брендіні тықпаламаймын, өзіміз ойлап, өзіміз слоган жасап қарайық.
Креативті жарнамалық ұран деген жарнаманың бүкіл мәтіні емес, кішкентай ғана бір сөз тіркесінен, сөзден, немесе сөйлемнен тұрады. Әдетте қысқа, әрі есте қаларлықтай болуы қажет.
Әзірге мына ойдан шығарылған фирмаларға ұрандардың мысалы ретінде назар аударыңыз!
Әрине, «caspionet» деген қазақ арнасы бар екендігі рас. Алайда, ондағы көрсетілімдерге қарасаң, анда санда Аллаһқа шүкірлігімізді айттырып қоятын қазақша көрсетілімдер болмаса, ол қазақ арнасы екендігін мойындаудың өзі қиынырақ.
Ассалаумағалейкум жамағат. Осыдан 1 жылдай уақыт бұрын 3 адам бірігіп бір жобамен айналыстық. Сайт аштық. Әрине қазақша сайттардың санын көбейтейік, КАЗНЕТтің дамуына өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік. Не дегенімен сайт жасау жағында біліміміз аса көп болмағанымен барынша тырыстық. Сайтта біраз керекті мәліметтер табатын шығарсыз деген үміттеміз. Ендігі сол сайтты өздеріңіз бір бағалап көріңіздер. Алып қосарларыңыз болса жаза кетіңіздер…
Жоспарда дизайнды өзгерту тұр… Бұйртса келесі жылы Жаңа жылды Жаңа Дизайнмен қарсы алатын шығармыз..Біздің сайт
Кеше Астанаға бір қайынапам (қайынәпке) келді іссапармен. Негізі біз білетін аты орысша. Бірақ, кеше қонақүйге орналасып жатқан кезде байқағаным аты қазақша құжат бойынша. Әйелімнен сұрадым неге олай деп. Сөйтсем жездеміз өзгерттірген екен.
Олар Ақтөбеге жақын Алға қаласында тұрады. Орысшалау жер. Жезде де бұрын мен ең алғаш көрген кезде кәдімгі орыс-қазақ еді. Бір ауыз қазақша білмейтін. Ішетін, достары орыс, орысша сөйлейтін, қолынан бәрі келетін, ұзын шаш қоятын типустар болады ғой. Дәл сондай еді.
Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде
«Маған бір тәрбие сабағын тауып берші»- деді бір әріптесім, конституция күніне арналған болсын деп қосып қойды. Гуглды ашып тәрбие сағаты деп жаздым да, қозғалттым.
— Былай деп жазсайшы «Конституция күніне арналған тәрбие сағаттары» сонда бәрін көрсетеді ғой. – деді тап бір ішіндегі бір адамға өтініш жасап тұрғандаймыз.
Енді оған кілт сөздерді ғана жазу керек деп қоқысып отырсам бұл жерде басқаша түсінік қалыптасады. «мынау неге білгенін бұлдап отыр» деген сияқты. Амал жоқ айтқанын істейсің, іздеген нәрсең шашырап шығады, ары қопарып бері қопарып таппаған соң қоямыз.
Жаңа келсем бәрі интернет бар компюьтерге үймелеп отыр, гуглға былай жазып қойыпты. «Тіл мерекесіне арналған көріністер» еріксіз мырс еттім.
Сонда мен ғана бәрін білем демексің бе? Деген сияқты пікірлер қабылданбайды.
Менің Жан анам айтатын еді: "Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым"-деп! (Анам қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі) Осындай сөздерді көп айтады! )) Айтайын демегім ол емес, мынадай тіліңді қышытатын сөздер жыныңды келтіреді екен. Өзін бір Супер-Пупер санайды, шеттерінен бір күшті баға бергіштер.