Көліктер 2-ге бардық


“Болашақ” ассоциациясының шақыруымен кеше «Көліктер 2» мультфильмінің көрсетіліміне бардық. Біздің сайт мүшелерінен @seken @Halil @Janasil болды.

Мультфильмге техникалық баға беретін болсам: 5
Көркемдік жағынан мықты шыққан, бір ғана кадрдың өзінде қаншама түс, қаншама элемент! Сөз жоқ Дисней жасаса дұрыстап жасайды.

Аудармасына келетін болсақ, дубляжға да 5! Аудармасы да оқылуы да сәтті шыққан. Бірақ қазақшаға аударылғаны тек қана дубляжы. Мультфильм өзі аударылмаған, ішіндегі жазулар бәрі орысша. Яғни кескінді аудармаған тек дауысты аударған.

Сценарийі: 3. Таза американ сценарийі. Бір жақсы жігіт болады жарыстарға қатысып жүрген, оның бір мақтаншақ қарсыласы болады, жарыс осы екеуінің арасында өтеді. Басында сәтсіздік болып жеңіліп қалса да соңында жеңеді. Және оның бір аңғал досы болады, үнемі қасында болғысы келетін және көп сөйлейтін, адамды ұятқа қалдырып жүретін. Мықты агенттер болады, жаман профессор болады. Сұлу, секси агент қыз болады. Қысқасы бәріңізге таныс персонаждар және оқиғалар.

Өзім үшін кинода ең қатты маңыз беретін нәрсем сценарий болғандықтан маған ұнамады.
Бөлісу:

19 пікір

omarbirat
Бұйырса, аптаның аяғында барамыз деп отырмыз. Бала-шағамен
asaubota
менікі соңына дейін шыдамады, соңғы 15 минутта шығып кеттім. оған экшн керек, сөздері көп болса жалығып кетеді.
omarbirat
Көреміз енді. Өткен жолы «Кунгфу Пандаға» барғанда айтып қойып едім, «Машинаға қашан барамыз?» деп күнде сұрайды.
gaukhar
sonymen zhaksy deysin goi, Ali'ge undy ma? korikkan jok pa katty dauistardan? Bizdiki 1sin zhuz aynaldira karagan shigar, odan kop bolmasa. 2si de unau kerek. Birak ulken ekranga alip barganga korkip kalama dep otyrmiz.
urimtal
Сіздерді бүгінгі сеансқа Алматыға шақырмады ма?
Janasil
Аудармасы жақсы шыққан екен шынында. Бастама жаман емес. Бәрінен қызығы басталар алдында телефондарыңызды сөндіріңіздер деп өтінген қыздың "Түсінгендеріңізге рахмет" дегені қызық болды.
omarbirat
ішіндегі жазулар бәрі орысша
Не жазылғанын қазақшалап оқып бермей ма? Онысы жарамаған екен. Жыртылып ақша шығаратыны бар, жазуды аударуға да шашыла салса нелері кететін еді. Ар жағында тиын-тебен болатын шығар.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 15:39
saken
тұңғыш рет қазақ тілінде деп тұр екен, түсіністікпен қарасақ дұрыс сияқты
omarbirat
Түсінбестікпен қараудан аулақпын, Сәке. Бірақ фильм аударғанда жазулары аударылмаса, кадр сыртында диктор дауыстап оқып береді ғой. Ең болмаса, сондай болса шүкір дейміз. Ондай жазулар да фильмде үлкен роль ойнайтыны бар. Былай сең қозғалғанына қуанбағанда не істейміз. Өзімнің, ағамның балаларын ертіп апармақпын алдағы екі-үш күнде, бұйырса
Janasil
Оныңыз дұрыс. Жарнамада тұңғыш рет қазақ тілінде деп тұрып «Тачки 2» дегендері ұнамаған еді. Жүре түзелер.
Nurgisa
Жалпы, бұл мультфильмді қазақ тіліне аударушылармен таныспын. Аудару қандай шарттарды өткенінен де хабардармын. Атқарған жұмыстары шынымен ересен. Көп нәрсе олардың қолдарында, құзырында емес. Аудармашылардың ақшаға қарқ болғаны да шамалы. Энтузиасттар. Күрделі, көпсатылы процесс. Көруге асықпын.
asaubota
1 киноны қазақшалауға осыншама күш жұмсайтын болсақ болашақта қазақшаланатын кино саны көп болмайды деп болжам жасауыма болады ма?
Nurgisa
Ол материалды дұрыс ынталандыра білуде, құрдас. Мәселен, ақыры «Көліктер» деп аталуы біздің (!!!) аудармашылардың үлкен жеңісі деп білемін. Себебі, соңғы мезетке дейін «осы өңірге» басшы «мекеме» «Тәшке» болуы ләзім деп қасқайып тұрып алған екен. Ойлап қарашы, сенің тіліңде сөйлеметін өзеуреген өзге біреу қай сөзді қалай аудару керегі жайында әкіреңдейді?!?! Аударма ісіне келгенде данышпан жетіп артылады. "Әркімнің бар таласы". Бірақ шын мәйегін, өзегін бере алмасын сезбейді өзеуреген неме. Бітімі сондай нәзік дүние бұл.

Орысшаланған аналогтарда соңғы көрген киноларымда тіпті қойын дәптершеге түпнұсқадағы ағылшын тіліндегі мәтіндер дәл сол қалыпта орысшаланғанын көремін. Дәл сондайды қазақшалау техникалық тұрғыдан жасау қиын болмаса керек. Себебі қажетті софт бар ғой. Тек, оның қолжетімді болуы-болмауында сияқты мәселе. Саяси астар да іздеп көруге боламын. Әлі бұл кухняны егжей-тегжейлі біліп болмағасын, әсіре сынауға ұялар едім.
Ойлап қарашы, соншама үлкен жұмыс үшін аудармашы ретінде мың доллыр төлейді, мәселен, қолыңа. «Мә!» деп. «Еңбегің ғой!» деп. Үлкен әділетсіздіктің кәнігі үлгісі. Үлкен экранға шығатын дүниені болмашы мизерге аударып жүргендердікі ержүректік емей немене… Тырнақалды туынды болғасын әлі талай сыни пікірлер жаудырылар. Бір білерім, аудармашы коллегиясы жан-тәнімен берілді осы іске.
patick
«Тльт-тльт» деп таңдай қағып: «Лібә, сонда да мәтіндік сөздерін қазақшалау керек еді» деп қоймаған дисің
Nurgisa
Оны "қадағалаушы" тарап әдейі аудартпаған болуы да мүмкін. «Оларға» осы да жетеді деген кейіппен. Кім біледі… "Қайыр жасасаң, бүтін қылды" жадымызға түйіп өскесін кәмпиттей көргіміз келеді…
asaubota
аудармашыларға әңгіме жоқ деп респектімді үйіп төктім ғой. сен менің ана болжамым туралы не дейсің, соны айт.

пессимистікпен кінәламаңдар. пессимист — жақсы ақпараттанған оптимист деуші еді ғой
Nurgisa
Жауабы жазулы. Сапалы дүние үшін сапалы ақша бөлінуі шарт. Керек межеден кемдеуін бөліп, есесіне ең жоғарғы сапаны талап ету, күту арсыздау емес пе?
urimtal
тіпті бір рет үһ деп демалғанның өзін дәл келтіру үшін бірнеше қайта жазды деп естігенмін. Үлкен еңбек!