Ұрлау ма, әлде қайталау ма?

Жігіттер квартетінің «О, махаббат» деген әнінің музыкасы басталып келе жатқанда Kelly Clarkson-ның «Because of you» әнінен көшірілгені білініп тұрады. Әннің бірінші шумағы басталысымен-ақ музыкасы Сырым Исабаев пен Мадина Шәріпова орындайтын әннің (әннің аты еске түспей тұрғаны) музыкасы болып шыға келеді.
Жігіттер квартеті орындайтын тағы бір «Қайдасың қайда» деп келетін сөздері бар әнде де музыка Мұнарлан тобының «Ұялы телефон» жайлы әнінен алынған.
Ұрлап алды ма, көрсетпей сұрап алды ма, жоқ әлде сазгерлер бір сатқан музыкасын екінші біреуге де сата береді ме білмедім.
Үрімшіде бір үлкен дүкенде жүргенімде таныс әуенді естідім, сөзі ұйғырша болса да музыка өте таныс болды. Қателеспесем сол музыкасы бар әнді бізде Алтынбек Тәшімбетов орындайды.
Енді жұмбақ: «Enigma-Prism of life»-ты тыңдап көрген адам бар ма? Әннің бастамасындағы ер адамның «эм-майо»-сын біздің қай әнші өз «шедевірінде» қолданған еді?
Бөлісу:

7 пікір

Gamk
Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздары» қырғыздікі екенін білемін.
saken
Жігіттер квартеті орындайтын тағы бір «Қайдасың қайда» деп келетін сөздері бар әнде де музыка Мұнарлан тобының «Ұялы телефон» жайлы әнінен алынған.

Әнін жазған Ержан Серікбаев. Тек сөздерін өзгертіп қана айтып жүр, музыкасын өзгертпестен.
TERISKEY
«Жігіттердің» орындауындағы нұсқасының сөзін Айнұр Тұрсынбаева жазғандығын бір жерден оқығаным бар еді.(Әнін жазған Ержан Серікбаев екені белгілі ғо)
balenti
ол былай ғо, Меломэннын — о, Мухаббат өленің қосың да щщстің баягыда обыр жылғы Бритни Спирстын — Сомтаймес (sometime)қос, тап сол ән ғой, ол емес десен құлағымды кесіп берейін кебениматери сосын радиодан жумыстан шығам оған қоса… тек тональность ауыстырылған әуен, ол былай екі турлі тональностьте бұрауы түскен гитармен бір олең айтқандай ғой....Ұят ұят ұят… щщссссс…
_________________________________________________________
ана Қазақстанда шоу көрсетіп шіреніп жүрген Касспий тобымен МУЗарт (сендердің кумирларын щщстің) қосылып (еба буткіл ведущий музыканттар) бір интро жасай алмаған ғо лібә, Юмаха Р640 клавишындегі стандарттный интроны урлап алған ба көзін бақырайтып «тығыпты» ғо щщс… ал осының өзіде ҰЯТ қо...ұят ұят… шетелдіктер Уятио деп кулетін шыгар… Пазор пазор (Тукадан)
sigma
Белгілі бір фрагментіне (қанша секунд екенін ұмытып отырм) авторлық құқық нетпид. Обшым алуға болад.
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 14:45
sigma
Интролары ұят енді сауатты музыканттар сөйткесін не болсын.
TERISKEY
«Enigma-Prism of life»-ті тыңдап көрдім, әннің бастамасындағы ер адамның «эм-майо»-сын қолданған қазақ әнін тыңдамадым ғой дейм, че то білмейдкем…