Қазақша сөйлеуді мода қылайық!


Кеше Астанаға бір қайынапам (қайынәпке) келді іссапармен. Негізі біз білетін аты орысша. Бірақ, кеше қонақүйге орналасып жатқан кезде байқағаным аты қазақша құжат бойынша. Әйелімнен сұрадым неге олай деп. Сөйтсем жездеміз өзгерттірген екен.

Олар Ақтөбеге жақын Алға қаласында тұрады. Орысшалау жер. Жезде де бұрын мен ең алғаш көрген кезде кәдімгі орыс-қазақ еді. Бір ауыз қазақша білмейтін. Ішетін, достары орыс, орысша сөйлейтін, қолынан бәрі келетін, ұзын шаш қоятын типустар болады ғой. Дәл сондай еді.

Кейін өзгерген. Алдымен өзі дұрыстап қазақша үйренген және салт-дәстүрді. Сосын бала-шағасына үйреткен. Олардың үйінде қазір орысша сөйлеуге болмайды, балаларына, немерелеріне ескертіп отырады "қазақша-қазақша" деп.

Қазір де сол образында ғой. Ішпейді емес ішеді, араласатын адамдары да орысша. Бірақ, ол қазақтармен қазақша сөйлеседі. Тіпті ай, күн аттарын да қазақша айтады. Кеше понедельник, декабрь деп отырып біртүрлі ұялып кеттім апайдан.

Айтайын дегенім ниет болса адам қазақша үйреніп, сөйлей алады. Ортам жоқ, айналам бәрі орысша деген сылтаулар қыршыған әңгіме. Адам үйренгісі келсе үйренеді.

Тілді дамытудың ең қарапайым әдісі осы — өзіңнен бастау. Өзің қазақша сөйлеп жүрсең айналаңдағылар да қазақша сөйлей бастайды. Қоғамда да әдемі қазақшамен сөйлей берсең мода болып қалыптасып кетеді.

Тілімізді мода қылайық достар!
Бөлісу:

53 пікір

sammita
кеше маршруткада біреу «до Орбиты едете?» деп сұрады. Кондуктор бала тырысып орысша жауап берді.
Жүргізуші жәйлап айтты оған: "Қиналмай қазақша жауап бере бер, түсінеді ғой" деп.
Алда отырған бір әйел «неге, сіз екі тілде жауап беру керексіз» деді. Мен шыдамай "қазақ қой, түсінеді" десем. Әлгі әйел «жоға, заң бойынша екі тілде жауап берсін, жұмыста отырған жоқ па? „дейді.
Үндемей қоя салдым, “қойшы» деп ішімнен.
Nurgisa
Алда отырған бір әйелді ішіңнен минустап тастадың ба? :)
madlen
Аршат, сіз бірде жазып едіңіз ғой, әдемі қыздар көпшілік жерде қазақша сөлесе, басқалар ереді соған деп. Соны үйдегі қыздарға, құрбыларыма айттым. Кәдімгі прикол болды. Жиналып барып гламур тусовкада қазақша сөйлейміз әдейі. Сосын таксистерге тек қазақша сөйлеп бастадық. Түсінбей қарап қалады кейде. Солай сұлулығымызда пайдаға асырып жатырмыз деп мақтанып қояйын!
asaubota
иә, әсіресе қыздар және келіншектер қазақша сөйлесе эффект мықты болады.
Abilakim
Мына пікіріңізді оқып өзіңіздің әдемі екеніңізді өзіңіз де білесіз деген ойға келдім
e_zhalgas
респект! мын сөздеріңнен кейін өз бойымдағы қызға орысша сөйлей бастау стереотипімнен арылсам деген ойға келдім… :) дегенмен, кейде қырсығып қалатын кездерім болады :)
Janasil
+100000000..............000!!

НАМЫС!!! НИЕТ!!! ТАЛАП!!! Осы үшеуі жеткілікті бізге қазақша сөйлеуіміз үшін!!!

Астанаға алғаш келгенімде қасымда досым бар дүкенге кірдік. Мен бардым да сатушыдан /орыс әйел/ нан беріңізші деп қазақша айттым. Қасымдағы досым маған қарап қалыпты аузы ашылып, Ол орыс қой дейді.
-Ну што!!! дедім де жалғастыра бердім!!!
adelet
Керемет істепсыз!
VKM
Мен Астанаға келгенде,қазақ контролердан: Республика алаңына дейін барады ма деп сұрадым. ОЛ: я тебе скажу, когда выходить деді.Мен де қырысып: рахмет,ұмытып кетпеңіз дедім.Бір қазақ апай отыр екен қасымда, сол күліп жіберді,қолымнан ұстап: осылай қазақша сөйлеп, болмай қою керек деп. Мен ішімнен мәз болып қалдым. Сол аялдамаға келгенде маған 5-6 адам түсесің деп айтты:)))
e_zhalgas
мен кондукторларыңдың бәріне қазақша сөйлейді екенмін, тіпті қасымда орыс не орыстілді достарым болса да, қазақша сөйлей беремін… олардың бәрі қазақша біледі деген ойда болғандықтан шығар :)
Aldeken
Олар Ақтөбеге жақын Алға қаласында тұрады. Орысшалау жер.


Е-ма, Аршат дим, кім ол, Алғада тұратын креативщиктер?
asaubota
Алға үлкен ғо. танымайсың :)
Aldeken
))))))))))))))) әңгіме жоқ, әдемі жібердің, наққа…
a63a1
Кеше шиномотажкаға барып дөңгелек жасатып жатқан едім. 18-20 жастағы орыс балалар әңгімелерінің арасына «пышақ беш» деген тәрізді қарапайым сөздерді қосып сөйлеуді жақсы меңгеріп алған екен. Сосын бағана құрылыс алаңына барып келдім, арқасына арқалап алған калорифері есіктің маңдайшасына тиіп кеткен орыс жігіті ШШШШШШЕЕе… деп мода қуып жүр.
Erlan
Қазірғана қазтелекомның қызметкерін қазақша сайратып жібердім )) қазақша айтаспа деп
Erlan
Мысалы сен жумысынмен барасын, орысша сойлеп турып алады, тусінгісі келмиді, амал жок жумысынды бітіруін керек сойлейсин, если саган ол мажбур болса жумыс барысымен келип, сен казакша сойлеп турып ал ))
asaubota
мен келесіде қазақша сөйлемейтін қазақтармен аудармашы арқылы сөйлесіп көргім келіп жүр.
VKM
)))2 қазақ+1 қазақ-тілмаш)))
e_zhalgas
қызмет көрсету саласы екі тілде қызмет көрсетуге міндетті, заң солай дейді…
patick
Менің жалғыз бажам — шешен. Бұрын да үйленген екен, содан қалған ұлын жазда Астраханға алып келді. Менің қайынатамның үйінде баласы екеуі өзара шешенше сөйлеседі. Бажам айтады: «Бізде өз тіліңді білмесең — таяқ жеп қалуың мүмкін», — деп.

Сонда таң қалғаным, шешен тілі өте кедей тіл. Күрек, ара, балта сияқты тұрмыс заттарының өзіне шешенше атау табыла бермейді. Бірақ, барынша өз тілдерінде сөйлеп, шешен тілін максималды түрде қолданады.
Daniar-Alan
а бүгін сол ма кеген? ішіватқаншығарсыңдарӘ?
chimaq
mening ata-enem uide basqa tilde soilegendi jaqtyrmaidy...))
Zere
Яғни қазақшадан басқа, әлде қытайшадан? ))
chimaq
aryine qazaqchadan basqa ghoi…
Gulistan
Қазақ қазақтың қазақшасына тамсанғанына жыным келеді.
Janasil
Заман солай!!!
KILYZAMAN
Бұтақты бұтақ деуден қаламыз бір күні(өзімізше малданиат... болып)… Цианобак… тың кесірінен небір сөздеріміз жесір қалмасына кім кепіл. Қайдағы жайдағы Д*уішіпөлгендердің кесірінен. :-(
KILYZAMAN
Цианобак… тың
— бактерия ас қортыуға ғана керек деген тұжырым қате болып ол құрт жұлындап бара жатқан сыңайлы ;-) @satibaldi — саған арналған сүйек- мүжі
sammita
«Көкшетаудансың ба не? Қазақша күшті сөйлейді екенсің» дегенді қалыпты қабылдайтын болдым.
patick
малдар-ай десеңші
omarbirat
Дыборда бір әйел «Мына бала таза қазақша сөйлейді екен ғой» деп Әлиді мақтапты. Немерелері орысша сөйлейді. Өзі қазақша екі сөздің басын әрең құрап сөйлеп тұрғаны шамалы. Өзі жақсы сөйлеп жүрген тілде балалары мен немерелерін де сөйлетуге не кедергі, шшс.
omarbirat
Көрші подъезде бір мұжық бар. Онымен сөйлескенде орыспен сөйлесіп тұрғаныңды ұмытып кетесің :)
a63a1
Сергей деген көршім болған, иманы саламат болсын марқұмның, мақалдап сөйлегенде қазақтарды жаңылыстырады
balzaminka
Омеке, дыборыңызды зорға игердім :)))
Gastarbaiter
Орысша түсінбейтін адама қазақша сөйлеп қырсығатындарды түсінбеймін. Содан ол адам қазақшаға апетиті ашыла түсетіндей.
Менде ондай жоқ «тек қазақша» деген, көңіл күйге байланысты.
Сосын қазақы буындарды өзгертіп, қазақша сөйлесе де әдейі орысша акцентпен сөйлейтіндерге, сөйлемдегі орын тәртібін орысша қоятындарға, әсіресе: «Мен ойлаймын олар осылай істейді деп… » дейтіндерді, сосын: «А сағат қаныша болды?», «А мен бельмеймін», «И сосын айттым оған» деп тұратындарды естісем, оебу, мынау менің шалақазақшамнан жаман ғой деп ойлаймын. Меніңше, орысша сөздерді қазақша артикуляциямен айту, қазақ сөздерін орыс орфоэпиясымен айтудан артық.
e_zhalgas
келісемін! өзім провинцияда универде оқығандықтан, алматыда 1 жыл оқып келген кластастарымның тілінің өзгеруін байқап, уақытында әбден таң қалғаным бар :)
Gastarbaiter
«Уөте» -деудің орнына «Уотье»
"Әдемі" — орнына «Адьэмы»
шешес, табан астында "ң"-ға тілі келмей қалатындар да бар, сол профинцияңның өзінде-ақ.
e_zhalgas
соңғы сөйлеміңмен келіспеске амал жоқ)))) өмір бақи «ыңды» іркілмей айтып келген кластасың, «ындап» отырса, біртүрлі болады екен…
boztorgai
ескі көршілерім кәріс валера мен жұман шешен пырақ басын қазақша жібергенде кейбір ортанқолдарды ауыз аштырмайд
ал мода жайлы күмәнім бар
бір әпкеміз кіші қызын кәріске берівед. қазақ тілін мойындайтын альтернативті тіл таппасаңыздар, ай, сол күмән сейілмей тұр-ау
Gastarbaiter
ҚазУыкипедия туралы жазбалар Қазуыкипедиядағы мақалалардың санынан асып кетіпті.
Сол сияқты қазақ тілін дамыту туралы әңгімелер де қазақ тіліндегі барлық әңгімелердің топ ондығын басқаратын әңгіме ғой.
e_zhalgas
екінші сөйлеміңнің астына қол қоя отырып, келіспеске амал жоқ :)
Gastarbaiter
Сенің бірінші үтірің мен екінші тырнақшаңа мен де қосыламын.))
araika
Менде мынадай талап қалыптасып қалған болатын: «Сөйлесушің қай тілде, жауабың да сол тілде болуға тиіс!». Кейін бір әпкемнен байқадым, ол қазақша ғана жауап береді, сұрақ орыс тілінде қойылса да. Маған сабақ болды…
KILYZAMAN
Моданың қазақшасын тауып алайқшы алдымен ;-)
Erlan
Cән емес пе қазақшасы?
KILYZAMAN
Сірә солай шығар, олай болса — сән сөзін қалай ұғуымыз керек?
meirzhan
XVIII ғасырда бұл сөзді қалай ұққан?
KILYZAMAN
Сен қалай ойлайсың?
Tyulpan
шетелде оқуға барған дос қыз біздің елшілікке телефон қоңырауын шалып, қазақша сөйлесе, аналар жауап бермей қойыпты. содан орысша сөйлеуге тура келді дейді. қазақша сөйлесең кәдімгідей менсінбейді деп отыр. жанындағы шетелдіктер одан "қай тілде сөйлестіңіз елішілігіңізбен?" десе, досым олардан ұялғанынан "қазақша" деп жауап беріпті...))
былай қарасаң қазақ тілінде сөйлеуді сәнге айналдырып жүргендердің ішінде баян есентаева бар. негізі, БАҚ жақсы әсер етеді.
шіркін, қашан отырады екенбіз "қазақтың тілі — дүниенің кілті, оны білсең көкірек көзің ашылады" деп
Gastarbaiter
Қазақ қазақтың қазақшасына тамсанғанына неге жының келеді?
Орыс тіліне қатыссыз, қай тіл болса да оны жетік меңгеру мен керемет меңгеру деңгейі болады.
Керемет меңгергендерді ақын-жазушы, филологтардан, жалпы тілмен жұмыс істейтіндерден көріп тамсансақ, неге қарапайым адамның шешендігіне, тіл байлығы мен иірімдеріне тамсанбасқа?
Әлде Жапонның бәрі Мураками, Ағылшын тілдінің бәрі Драйзердің тілінде сөйлей ме?
Samarhan
Менше болғанда қазақ тілі мен қазақстанды білгеннен бері дамып келеды қазақстан атауын 11жасымда естідім қазыр 20дамын 14жасымнан бастап қазақстан жақтан кұнде хабардар болып тұрдім ,қытайда йнтернет те сырты көруге көп кедергы жасалады 2007жлдары қазақстанан мұлдем хабарсыз қалдық қытайда бұлік болса шетел сайттар бір кұнопкмен жауып тастайды! Құдайға шұкір қазыр қытай тініш йнтернет ашқ сондықтан да осында қазақша жазып отырмын! Мен 14жсымда қазақстан сайттарын енді біліп ашып жұргенде көбынде орыс тілден қашамада жұретінмін ол кездері қазақшадан орысша ахбарлар көп болатын ал қазақтарда орысша сөздерді аударусыз жіберетін, кей кездері мез болып ай қойшы дейтінмін! Маған керегы ұнемі қазақстан хабарлары кескындері еді, көбынде көріп отқан кескынының қазақша болса деп тілеп отырасың, бірақ өкіншке орай орысша зірлай жөнеледі! Сөйтіп арада нелер 9жыл өткіздым құдайға шұкір содан бері қазақ тіліның дамуын сезіндім, осы кезде меның көз қарасымша қазақ тілі 40% басымдылықа йе болды! Ал енді бір көңіліме сймай келгены біз бен сіздерде болған ұқсамастық, бізде ахбар болсын телеарна болсын қазақша сөздердың арасында қытайша арласа неге? Сол сөзді қазақша атауға атау тападыма? Масқара! Ұлті қорлау деп жатады! Ал сіздерде кейде телеарна қазақшадан роысшаға автомоты өзгереды кейде қазақша арнадарда орыша сөздер қазақшаға аударылмай тарқатылады, тіпті сол теле арнаны көріп отырғандардың барлығы орысша тұсынетін сйақты, ал қазақша сөздердың арасына орысша келтырудың өзі бір мақтан! Сөйлеп тұрғанда орысша қосып жерсек сөзміз әрленып кететындей сезімдерімізде жоқ емес! Егер осы бір келеңсыз жәйыт жоғалса онда мемелекетік тіл қолдану айасы 60 пайзға әлде қашан көтерлер еді!