"Мақалыңа мақал!" немесе шетелдік мақалдардың қазақша баламалары




Бұл жерде орысша, ағылшынша, түрікше, тамильше мақалдардың қазақша сәтті баламаларын жинағым келеді.
Өздеріңе ерекше қызықты әлем елдерінің мақал-мәтелдерін жазып, бірге аударуға тырысып көрелік. Аудармасы бар болса, одан да сәттісін іздеп көруге болады.

Мысалы:
Біреу жазады:
«Клин клином вышибают»
Екіншіміз:
«Батқан пілді піл ғана шығара алады.»
Үшіншіміз:
«Уды у қайтарады»
деп ұсынуымызға болады.

ТӨМЕНДЕГІ ШАРТҚА НАЗАР АУДАР:
Әрине, ең мінсіз балама қазақта бұрыннан бар мақал-мәтелдер екенін сезіп отырған шығарсыздар.
Бірақ, ондай мақал естеріңе түспей жатса, көркем аударма жасап жіберуге де болады.
Бастысы — аударма пішіні жай сөйлем сияқты емес, қанатты, тілге үйіріле кететіндей жеңіл,ұйқасты, қазақы менталитетке жақын, қысқасы мақал-мәтел пішініне мейілінше ұқсас болғаны дұрыс.
ЕСКЕРТУ!!!:
Тура мағынасын емес, ауыспалы мағынасына көбірек мән берген дұрыс.

Әр шет тіліндегі жіберген мақалдарыңа жеке менен бір үлкен плюс болады!:) Ал, жіберіңдер аттың тасын!
Бөлісу:

89 пікір

Gastarbaiter
Суреттегі мақалда:
«Бір түйе екінші түйенің өркешін мазақ етпейді» — делінген.
Менің баламаларым:
1)«Жыртық тесікке күлмейді»
2)"Құлап жатып жығылғанға күлме!"
3) "Қарға қарғаның көзін шұқымайды"
nurjanbay
3-ші нұсқа келеді. ал 1-ші мен 2-ші келмейді. себебі «жыртық тесікке күледі, құлаған жығылғанға күледі» деген мәтелдер бұрыннан бар. ал сен күледі деген сөзді күлмейді деп өзгертіп алып отырсың.
Gastarbaiter
Дегенмен күледі — деп отырып, күлмеуі керек дегенді меңзейтін халықпыз ғой.
Жыртық болсаң тесікке күл деп ешкім айтпайды ғой. Сондықтан өзгертіп отырған қосымшамнан, мағынасы төңкеріліп кетті деп ойламағаным үшін ғафу етіңіз.
nurjanbay
«Бір түйе екінші түйенің өркешін мазақ етпейді», "Қарға қарғаның көзін шұқымайды" деген мақалдарда екі түйе де, екі қарға да бірдей болып тұр. ал жыртықтың тесікке қарағанда көлемі үлкен, ал жығылған өзі жерде жатып сүрінгенге күледі. айтқым келгені осы еді. мысалға айтсам өмірінде зейнеткерліктен басқа ешқандай белеске шықпаған шал үйінде отырып президенттің «мен халқыма сенемін» деген сөзіне күледі. ал мен ондай шалдың жасына да жеткен жоқпын. бірақ «күлсең қарияға күл басыңа келеді» деген бар ғой. күлсек кемпір-шалдарға күлейік. :)
Gastarbaiter
«Рыбак рыбака» деген мағынасында дейсің ғой)
nurjanbay
енді есіме түсіп отыр, дұрысы «жығылған сүрінгенге күледі». :)
андағы "құлаған жығылғанға күледі" деген дұрыс емес екен.
sammita
«Жыртық тесікке күліпті» еді.
Gastarbaiter
Жыртық тесікке күледі-ау -деген варияциясы да бар.
sammita
енді ол орын алған оқиғаға қарай құбыла береді.
Былайынша мақал-мәтел білем, тіл білмеймін бірақ.
a63a1
мен Фламанддық мына «Свинья открывает затычку» деген мақалының қазақша баламасын былай деп ттаптым
Қазақ етігін майлайды, етігі көтін майлайды
Gastarbaiter
Өй маладес:) Таппағандарыңды да сала отыр:))
a63a1
лібәә қазақтың көп айтылмайтын мақалдары есіме түспей отырғанын қараш
Gastarbaiter
шетелдің дегің келген болар:)
a63a1
ия, ұйқы сұрап, басым қортпай отыр, кешіірегөр бейкүнә пендені
a63a1
Хороша Аннушка, коли хвалит мать, да бабушка — Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым
a63a1
Кур щупать — көтімен бал ашу
a63a1
бұл болмайлд екен құрысын демалу керек
Altygradus
帯に短く襷に長し-obini mijikaku tasukini nagashi (обиға қысқа, ал тасукиге ұзын)
Қазақша баламасы: Білезікке ұзын, белдемшеге тар.
Орысша айтсақ ни рыба ни мясо.

Түсіндірме*
Оби кимоно сыртынан байлайтын матадан әдемі қалың белдік, белдемше.
тасуки кимононың ұзын жеңін байлап қою үшін пайдаланатын бау.
Gastarbaiter
қиындау екен.
«Не әрі емес, не бері емес»-десе ше?
Altygradus
иә ол да болад,әйтеуір «дәм болсын» бірдеме деген мағынада.
Dinara
"İyilik yap denize at"
Түрікшеден аудармасы: Жақсылық жаса да теңізге таста.
Қазақша баламасы — «Бір қолың бергенін екінші қолың көрмесін».
Gastarbaiter
Қазақта мынандай да мақал бар:
«Көтергенің құрсын ау, көтіме қолың тыққасын»
Onlasyn
Бұның жалғасы бар:
"İyilik yap denize at"
«Balik bilmezse Halik bilir».
Жақсылық жасап теңізге таста,
(жақсылығыңды) балық білмесе, Жаратқан біледі
Dinara
иә, жалғасы бар :) өзім осылай қысқа нұсқасын пайдаланатын болған соң… :)
Dinara
"İyiliğe iyilik her kişinin kârı, kötülüğe iyilik er kişinin kârı"
Мағынасы жобамен: Жақсылыққа жақсылық әр кісінің қолынан келеді, жамандыққа жақсылық ЕР кісінің қолынан келеді.
Қазақша нұсқасы: Таспен ұрғанды аспен ұр десек бола ма:)
Dinara
«Bülbülü altın kafese koymuşlar, „ah vatanım“ demiş»
«Бұлбұлды алтын торға қойса, Ех отаным деген екен»
"Өз үйім өлең төсегім", "Өз үйім кең сарайдай боз үйім" (бар ма осындай)
Gastarbaiter
"Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болайын" дегенге келеді екен.
Maya
"Қасқырдың күшігін қанша асырасаңда, Орманға қарап ұлиды"… десе ше?
Gastarbaiter
ол орыс мақалы))) Қазекемде орман көп болды дейсің бе)))
Maya
Гаста барыр қойыңызшы, қазақта да орман бар, алде тақыр жетде тұрып жатырмыз демексіңбе?
Gastarbaiter
70 пайызы шөлді және шөлейтті дала ғой.
balzaminka
«Бос құдық көрсең, оны толтыр» — Білім инемен құдық қазғандай

«Жеміс ағаштың қасына түседі» — Әрбір бала ата-анасына тартып туар

Қазақшам сәйкес келе ме, келмей ме Сіздердің назарларыңызда :)
Gastarbaiter
1ші мақалыңды "Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға" деуге бола ма?
2ші мақалды "Ұқсамаса тумағыр" немесе "Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" және «Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады» дедім
balzaminka
Алғашқың өте керемет үйлеседі екен, ал екіншіні ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деуге де болатын сияқты :)

Негізі, осы тақырыпты ашқаның үшін рахмет, қатарға қосылуыңмен :)
Gastarbaiter
Бұл жай тіске басар ғой, тачпадты сипалай бермей USB -портымды жөндеп алайын, сосын сорпа мен ет алда:)
nurbergen_makym
Екіншісіне балама ретінде — «Балта сабынан аспайды» дегенді пайдалануға болатын шығар
balzaminka
бұл да үйлесетін секілді, рахмет :)
Altygradus
Бальз бұл қай тілден мақал?? Инглиш, тамиль??
қай тілден алынғаны болса, сосын, мыс тамиль мақалынан алсаң түпнұсқасы болмаса да транскрипциясын жазшы.
balzaminka
тамиль елінің мәтелдері.

Гали кинатрай партәл атиль визувая

Паләм маратөки аруке визөм шамамен осылай :) Түпнұсқасын жаза алмаймын енді ;)
neoman
Біріншіңе.
A candle loses nothing by lighting another candle.
Бұлақ көрсең, көзін аш
Gastarbaiter
Ең ұзақ жолдың өзі бір қадамнан басталады. © Қытай мақалы. Осының қазақша баламасын тауып көреміз бе?
AKY
1. Тәуекел түбі жел қайық.
2. Отан — от басынан басталады
3. Ақша тиыннан құралады.

Осындай ассоциациялар кеп тұр дә, тупо.
Gastarbaiter
Соңғы мақал орысшадан калька:)Бізде ондай мақал жоқ негізі. Қалған екеуі норм:)
AKY
4. Көз — қорқақ, қол батыр.
Erkekyz
Жапонша:
Hito o norowaba ana fitatsu
Человека проклянешь, сам в две ямы попадешь.
Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
Сосын кәрістерде мынандай мақал бар:
Злится на свекровь, а бьет собаку -Ит өшін тырнадан алады дегенге келеді екен.
Gastarbaiter
Соңғы мақалыңа мына мақал:
"Қонағын жақтырмаған әйел баласын сабайды" дегенге келеді
Altygradus
Жапонша:
Hito o norowaba ana fitatsu
Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

人を呪わば穴二つ-Hito o norowaba ana futatsu
Адамға дуа жіберсең, екі шұңқыр.
Сен мағынасымен қолданса да болад, бірақ негізі мағынасы сәәл басқаша мағынасы да бар.
біреуге жамандық жасасаң өзіңе қайтып келеді дегеннен гөрі, бір нәрсе жасайды екенсің арт жағын бәрін ойластырып, артынан келетін салдарына да дайын болып, баста деген мағынада.
Түсіндірме*
Хейан кезеңіндегі бір атақты адамнан шыққан мақал, ол бір жауын дуалау арқылы өлтірмек болған, сонда екі қабір дайындап қойған екен, бірін жауына бірін өзіне арнап.
Adiletshu
Аспанға қарап түкірсең өзіңе қайтып келеді
Altygradus
хмм бұл мағынасы уже болды ғой, Еркеқыз өзі жазды «біреуге ор қазсаң өзің түсесің» деген, ана мен жазған контекстке келетін қазақтың мақалы бар ма?? соны жазыңдаршы.
Gastarbaiter
Ал мен былай түсіндім, ұрсаң наверняка тұрмайтындай қылып ұр:) деп… не деген негатив мағына:)
Altygradus
иә жоғарыдағыларға қарағанда осы негатиф мағына жақындау сияқты
Gastarbaiter
Таптым:) «Жауды аяған жаралы!»
Gastarbaiter
Тағы біреу негатив емес, жоспарлау мағынасында:
Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай©
Erkekyz
Осы келетін сияқты, мен сәл болмағанда жеті рет өлшеп, бір рет кес дейін деп жатыр едім))
Onlasyn
En kisa yol, bildigin yol
Ең қысқа жол — білетін жолың
Gastarbaiter
үйренген жау атыспаққа жақсы
Adiletshu
Бит — добро, а не бит — и лучше того. Сабыр түбі сары алтын
Esmeralda
不知道 — 不为罪。Орысшасы: Не знать — не преступление. Бізде «білме, білгеннің тілін алма» дегенге келе ме?) Әлде «білмеу-қылмыс емес» деген бар ма?:)

需要一个大心脏 — 并且不需要大的空间。Орысшасы: Нужно большое сердце — и не надо большой комнаты
«Көңіл сыйса бәрі сыяды» деген сияқты)
satvaldo
Не знать — не преступление
түріктерде осыған ұқсасы бар. «БИЛМЕМЕК — АЙЫП ДЕЙИЛ, СОРМАМАК — АЙЫП» — (білмеу — ұят емес, сұрамау — ұят)
balzaminka
білмегеннің еш айыбы жоқ, білуге ұмтылмағаннан жирен дер едім
neoman
Біріншісіне
He who asks is a fool for five minutes, but he who does not ask remains a fool forever.
Сұраған — бес минут ақымақ, сұрамаған — мәңгі
Gastarbaiter
Негізі түпнұсқасында, «көңіл сыйса көт де сыяды» болу керек. «Бәрі» деген әдеби формасында.
Латындарда бірінші мақалыңа керісінше айтылған Спинозаның қанатты сөзі бар.

«Ignorantia non est argumentum» — «Білместік дәйек емес», немесе «Надандық сылтау емес»
Aizhantabyn
A man can die but once — қорқақ мың өледі, батыр бір өледі.
A storm in a teacup — түймедейді түйедей көру
A word is enough to the wise — ымда түсінбеген, дымға түсінбейді
Before one can say Jack Robinson — көздім ашып жұмғанша
Onlasyn
Не разбив яйца, не приготовишь амлет — Шығыс шықпай кіріс кірмейді
Aizhantabyn
“Do not cut down the tree that gives you shade” (арабтардың мақалы) — су ішкен құдығыңа түкірме
satibaldi
“Do not cut down the tree that gives you shade” (арабтардың мақалы)
Араб орфографиясы мен фонетикасы соңғы тәулікте германдық тілдер тобына еніп кеткені аздап күмілжітті…
konvict
East or west, home is best — өз үйім өлең төсегім.
All good things come to he who waits — Асықпаған арбамен қоян алады.
Do as I say, not as I do — Молданың істегенін істеме, айтқанын істе
Half a loaf is better than no bread — Ештен, кеш жақсы, Жоқтан аз жақсы
No pain, no gain — Береген қолым алаған
konvict
Ештен, кеш жақсы
Better late than never
Altygradus
No pain, no gain — Береген қолым алаған

No pain, no gain-Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Gastarbaiter
No pain, no gain — демекші жаттығу залында өздерін аяп, сәл ентіксе шаршадым дейтін балаларға «Көт қиналмай, ет жиналмайд» -дейтінім бар еді.)))
satibaldi
«Фордқа жаман — Америкаға жаман» — Бай қасынса, жалшыға тыртық түседі.
satibaldi
«Tishe yedesh, dalshe budesh» (ЦРУ-лықтардың орыстардан алған сүйікті мақалы, аудармастан солай айтад) — Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
sammita
Тура мағынасын емес, ауыспалы мағынасына көбірек мән берген дұрыс.
бұл мәтел.
жоғарыда жазылғандар да мәтелдер.
balzaminka
мәтел деп жаздық емес пе, а?
sammita
Гастаға айтам.
Gastarbaiter
Ұқпадым:)
sammita
мақал мен мәтелдің анықтамасын айтам.
Сенің сұрап отырғаның мәтел. Мына жазылғандар да.
Ұрыспай жазшы, көңіл-күйім онша емес еді)))
KILYZAMAN
Керісінше аудару ойларыңа келмеді ме? Қазақшадан басқа тілдерге аудармаласаңдар ұтымдырақ болатын сыңайлы...Қазақ халқының мақалдары деген айдармен!
KILYZAMAN
Сода олардың қақалатыны анық! Ақыл үйрететіндер көбейіп кеткен мына заманда…
KILYZAMAN
Түзету: Сода-Сонда...:-(
Gastarbaiter
Тақырып ашсаң, жазайық:)
KILYZAMAN
Ұсыныс саналмай ма?
Gokha
«Кірдің бетін кір алады» дегенді естігенім бар ед ;) ең басындағы мақалға байланысты, "өздігіннен білме, білгеннің тілін алма" деген қарғыс, мақал да, мәтел де емес
VKM
A burnt child dreads the fire

Аузы күйген үріп ішеді)
ken
Teng tengi bilan, tezak qopi bilan.

Тең теңіменен, тезек қабыменен.