Жұлдызшалар

***
Ауылға бардым. Қой қораның қиын ойдық. Қидың арасынан өлген бозторғайдың денесі шықты. Қойдың үстіне жұмыртқалағысы келген болар сірә…
***
«Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес,
Шалқайғанға шалқай, ол патшаның ұлы емес» деген мақал өтірік-ау деймін. Біреуге еңкейіп ізет көрсетсең, ол саған еңкеймек түгілі айналып кетіп, артыңнан бір тебеді. Басқасын істемегенге тәубе айтып кете барасың…
***
Үйіңнен қою тамақ жеген кейбір жігіттердің, былай шыға соңыңнан сұйық сөз айтатынына үйрене бастадым.
***
… Тауға да биік шығарсың
Жауыңды жеңіп тынарсың
Ағайын сенбей тұрғанда
Досыңның көзін ұғарсы...-алып -қосарым жоқ екен.
***
«Осы маған не жетпейді?» деп көп ойланатынмын. Жақында соның жауабын таптым. Маған ақша жетпейді екен. Бірақ, ол кімге жеткен дейсің?! Байлықтың түбіне жетем дегенше, ол сенің түбіңе жететіні де ақиқат.

«Осы неге басқа елдерде қайдағы жоқ қайыршылардың өзі лотереядан Джек пот ұтып жатады?-деп ойладым ұтыссыз „Казлотомды“ қоқысқа тастап жатып…
Әрі қарай

Ой түбінде жатқан сөз...

Кейде «Керектегі» жазбалардан гөрі, жазылған пікірлер әлдеқайда қызық. Кей пікірді оқығанда күлесің, кейде жылағың келеді. Кей пікірлер ашу шақыртса, кей пікірлерге «келіспеске шарам жоқ» дегендей бас шайқаудан басқа амалың қалмайды. Бұл жазбада қолым қалт еткенде оқи жөнелуді әдетке айналдырған «Керек инфо» сайтындағы көңілден шыққан кей пікірлерді орналастырдым.

*** *** ***
Қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын. asaubota
Әрі қарай

Ойлар... Ойлар...


askaraktobe.wordpress.com

Ол кісі үнемі ойда жүруші еді. Бақтан алаңсыз оймен жүрген сәбилерді көрсе, жүрегі елжірей қарап, тұңғиық бір ойға шомып кетуші еді. Ойсыз адам бола ма? Тіпті адам ұйқыдан оймен бірге оянады. Қызығы, ой
Әрі қарай

Тазару...

Бір бейбақ өзінің ақылшы досынан жаман ойлармен, бықсық пиғылдардан құтылудың амалын сұрапты…
Сонда досы оған: өзін-өзі биік тау, ал ойларымен түрлі пиғылдарын сол таудың шыңынан құлап ағып жатқан лас, қарасудан тұратын жылға ретінде елестету
Әрі қарай

Жаңбыр алдындағы беймазалық...



Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам….

Бір кісіден:
Ойыңды жалғайын: Жаңбыр алдындағы беймазалықты ұнатам, тып-тынық, бұлттар қойюлана түсіп аспаннан төмен түсіп жер бауырлайт. Қазір жел соғат, дауылға айналады біраз қалды… Аспанда ұшқан құстардан тазаланды… Табиғат бір мінезін қазір көрсетеді, түсінесің сол кезде бар екенін жаратушы күштің. Ауа суып кетті, тоңази бастадың. Кең дем аласың…
Әрі қарай