Ойлар... Ойлар...
askaraktobe.wordpress.com
Ол кісі үнемі ойда жүруші еді. Бақтан алаңсыз оймен жүрген сәбилерді көрсе, жүрегі елжірей қарап, тұңғиық бір ойға шомып кетуші еді. Ойсыз адам бола ма? Тіпті адам ұйқыдан оймен бірге оянады. Қызығы, ой дегенің не болса содан пайда бола береді екен. Қанша ойламаймын десе де, сүйіп қосылған аяулы жарының жастай өмірден өтуін, жалғыз баласының осыншама жасқа келгенде, қарттар үйіне өткізгенін, ол аз болғандай жалғыз немересінің жол апатынан қайтыс болғанын бәрін… бәрін…ойлай берді, ойлай берді…
Ойлармен арпалысып отырып, қалай есінен танып қалғанын өзі де білмей қалды Оянғанда қолдарынан ұстап, жылап отырған жалғандағы жалғыз баласы – Жансерікті көріп, өз көзіне өзі сенбеді. Басын көтеріп:
— Құлыным, – деді де үнсіз қалып, тағы да ойға шомып, бір нүкте қарап ұзақ жатты.Бір кезде жүрегінің сыр бер бастағынын байқаған дәрігер:
-Бірден бір емі –ештеңе ойламау, -деді.
Ойсыз?..
Сексеннің сеңгіріне шыққан қарттың көзінен қарсылықты оқыған дәрігер тағы да:
-Өмір сүремін десеңіз, ештеңе ойламаңыз!- деді. Сол кезде қарт көзін жұмды. Демігін басты. Ойламауға тырысты. Ойламауға… Алайда, қарт ауыр бір күрсініп, қайтадан ойланып жатты. Бірақ, бұл ол кісінің ең соңғы рет ойлануы еді…
thenews.kz
«Ойлар ойлап ағарады шашымыз
Ойлар ойлап ағарады басымыз..» дегендей өлеңін жіберіпті. Шамалы уақыттан соң газет редакциясы атынан "Қарағым, көп ойлана берме" деген жауап алыпты)))
Не жазып кеттім құдай-ау! Ойыма не келмеді десеңші.
"Әттең құдай!", «Күрмеуі қысқа өмірді-ай», «Шивааясын!» деген стандартты пікір жазғаныммен, ол да көмектеспейді, себебі — «Бірақ, бұл ол кісінің ең соңғы рет ойлануы еді…» (Аид патшалығыныа аттанып кеткен деп ұқтым мен).
Ыржалаңдап отырғаным — тек прозаикалық техникаға ғана:
Лібәәә, алдан да, арттан да кетті нақ!
Түсінем, «соңғы рет күрсінді...», «ақырғы демі...», «көрген соңғы адамы еді...» болса. Ал енді…
Ммуах-ха-ха-ха-хаааа, итім қорқып қашып кетті нақ