Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Футболсүйер қауымды сағындыра ұзақ күттірген Чемпиондар Лигасы ертең 1/8 финалдық ойындарын бастайды. Еуропаның кіл жүйріктерінен тұратын командалар ішінен кім жүйрік екенін анықтау үшін ертеңнен бастап көк экранға телміретін боламыз. Сонымен, Еуропаны бағындаруға шыққан, топтық турнирді артқа тастап келесі айналымға өтуден дәмелі мықты 16 команданы еске тағы бір түсіріп жіберейік:
Әрі қарай

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИ

Футбол десе, қатынын төркініне жіберетін жанкүйерлер, атша шауып жүрмісіңдер?! Қалай, мониторға сәл еңкейіп, сол қолмен жақтарыңды таянып, ыңғайланып отырсыңдар ма? «Кім не жазды екен, ә?» миықтарыңнан мырсылдап. Футбол үшін көп сөздің қажеті жоқ, көпәріп деп ешкім оқымайды. Барынша қысқа етіп жазайын. Біршама уақыттан бері ештеңе жазбай кеттім. Жалпы, Керекинфоның «белсендісі» емеспін ғой. Менің Барсаға көкбауыр тұсымның бұратындығы жасырын емес-ті. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Мансити футбол командасымен ойнайды. Жеребе осылай түсті. Бұл команданы зерттеуге тырысып көрдім. Мықты тұсы, әлсіз тұсы қайсы. Сұрақтарыма жауап іздедім. Біраздан бері Манситидің ойындарын әр жерін көріп жүргенмін, былай жақсы команда. Топтық кезеңде Мюнхен-Аренада Байернді ұтты. Кеше Мансити-Ливерпуль ойынын төреші «ойын басталды-ойын аяқталды» деген белгіні білдіретін ысқырық шалған кездерінен, яғни, басынан аяғына дейін көрдім. Команданы бір ойынына қарап, «пәлен екен, түген екен» деген таяз ойлылық пен футболдық мағынада дүмшелік болар. Манситидің бюджеті қомақты, футболшылары шебер. Бапкері — Пеллегрини деген азамат. Бұл азамат Испания футболымен етене таныс, талай жыл Ла Лиганың бірнеше командасында бапкер болған. Барсаны жақсы біледі. Командалары Каталония шеберлерімен сан мәрте кездескен. Манситидің ең мықты тұсы — қос қапталдағы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Испания футболымен таныс — испан Силва (Бұрынғы командасы «Валенсия»), Навас (Бұрынғы командасы «Севилла» — испан акцентімен), Негредо (бұл да «Севилладан»), ЯЯ («Барселона») және Серхио Агуэро. Коларов, Джеко, Фернандинио, Насри Футбол, тек қана футбол!: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИсекілді футболшылар бар. Мықты әрі әлсіз тұсы — орталық қорғаушылар: Компани мен Лескотт. Қарсылас команданың шабуылшыларынан әр ойында кемі екі-үш рет «көз жазып» қалатын әдеттері бар. Қателіксіз адам болмайды. Есесіне, осы қорғаушылар қарсылас команданың айып алаңындағы стандарттар кезінде басып-жаншып, баспен гол соғып кетуге қауқарлы. «Зік» еткізеді, болды, доп қақпада! Барсаның шағын денелі шабуылшылары осы екі азаматты әбден терлететін түрі бар. Қақпашы Хартты Барса сынап көреді. Көбіне, қақпашылар жайлы көп айтылмайды. Ойын барысына қарай, дәлірек айтсақ, бабы мен бағына қарай жұмыс істейді. Ал, көрер қызық көбейсін! Әдемі футбол көру бұйырсын!
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасының жеребесі

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасының жеребесі

Бүгінгі Қазақ елі жаппай тойлап жүрген тәуелсіздік мейрамымен қатар осы жылғы ЧЛ-сының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі қатар келді. Биылғы ЧЛ-да айтарлықтай сенсация көп болды десек артық айтпаспыз, бір ғана Ювентус пен Бенфиканың топтан шыға алмауы неге тұрады, болмаса Порту мен Наполи секілді командалардың ойынын бұл турнирде болашақта көрмейміз, ал 6 ғана ұпай жинаған Петербургтің Зениті келесі турға өтуі сенсация емей немене?!
Әрі қарай

Чемпиондар лигасының қызықтары

Бүгін түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары басталады. Турдың алдына Чемпиондар лигасының тарихындағы болған ең қызықты статистикалық мәліметтерді ұсынып отырмын.
Чемпиондар лигасының 2013/14 жылғы маусымының алғашқы турында «Аякс» пен «Галатасарайдың» қақпасына хет-трих жасаған әлемнің ең үздік ойыншылары Лионель Месси мен Криштиану Роналду бір сатыға жоғарылады. Нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін екінші орында келе жатқан Руд ван Нистелройдан Месси екі допқа ұзап шықты. Ал португал жұлдызы Роналду әйгілі Тьерри Анриді артқа тастап, бесінші орынға тұрақтады.
Төменде Чемпиондар лигасының ең үздік 10 сұрмергені көрсетілген:
1. Раул Гонсалес –71
2. Лионель Месси– 62
3. Руд ван Нистелрой – 60
4. Андрей Шевченко – 59
5. Криштиану Роналду – 54
6. Тьерри Анри – 51
7. Филиппо Индзаги – 50
8. Альфредо Ди Стефано – 49
9. Эйсебио– 47
10. Алессандро Дель Пьеро – 44
УЕФА чемпиондар лигасының тарихында ең жылдам голды 2007 жылы «Бавария» шабуылшысы Рой Макай «Реалдың» қақпасына соққан еді. Содан бері бұл көрсеткіш әлі жаңарған жоқ.
Төменде Чемпиондар лигасының тарихында соғылған ең жылдам голдар берілген:
10,12 сек. – Рой Макай («Бавария») 07/03/2007, «Бавария – «Реал» (Мадрид) – 2:1 (1/8 финал).
10,84 сек. – Жонас («Валенсия»). 01/11/2011, «Валенсия» – «Байер» – 3:1 (топтық кезең).
20,06 сек. – Жильерто Силва («Арсенал») 09/25/ 2002, ПСВ – «Арсенал» – 0:4 (топтық кезең).
20,11 сек. – Алессандро Дель Пьеро («Ювентус») 01/10/1997, «Манчестер Юнайтед» – «Ювентус» – 3:2 (топтық кезең).
21,20 сек. – Кларенс Зеедорф («Милан») 09/28/2005, «Шальке-04» – «Милан» – 2:2 (топтық кезең).
24,00 сек. – Пато («Милан») 19/09/ 2011, «Барселона» – «Милан» – 2: 2 (топтық кезең).
25,02 сек. – Давид Алаба («Бавария») 04/02/2013, «Бавария» – «Ювентус» – 2:0 (1/4 финал).
25,20 сек. – Марек Кинцел («Рапид») 02/11/2005, «Брюгге» – «Рапид» – 3:2 (топтық кезең).
25,54 сек. – Деян Станкович («Интер») 05/04/2011, «Интер» – «Шальке-04» – 2:5 (1/4 финал).
28,21 сек. – Мариано Бомбарда («Виллем II») 10/20/1999, «Виллем II» – «Спарта» (Прага) – 3:4 (топтық кезең).
28,46 сек. – Александрод Алексудис («Панатинаикос») 22/11/1995 «Панатинаикос» – «Ольборг» – 2:0 (топтық кезең).

Чемпиондар лигасының тарихында алты ойынның барлығында жеңіске жеткен бес команда бар. Олар: «Милан» (1992). ПСЖ (1994),«Спартак» (1995), «Барселона» (2002), «Реал» (2011), 2002 жылы АЕК алты ойынның барлығын тең аяқтаған.
Еуропаның үш ірі турнирі Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы (қазіргі Еуропа лигасы), Кубок иегерлерінің кубогы турнирінде жеңіске жеткен үш клуб бар. Олар: «Ювентус», «Аякс», «Бавария».
Чемпиондар Кубогының тарихындағы ең ірі жеңіс: «Динамо» (Бухарест) – «Красейдерс» – 11:0 (1973).
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ең ірі жеңіс: «Манчестер Юнайтед» – 7:1 (1/4финал, 2007 жылы); «Бавария» – «Спортинг» – 7:1 (1/ 8, 2009 жылы).
Қос матч қорытындысы бойынша доп айырмашылығы ең көп ойын: «Бенфика» – «Дюделанж» – 18:0 (1965 жылы).
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең ірі жеңіс: «Ливерпуль» – «Бешикташ» – 8:0 (2007 жылы).
«Манчестер Юнайтед» – 25 ойын қатарынан ұтылмаған (2007 жылғы «Миланмен» болған ½ финалдан 2009 жылғы «Барселона» болған финалға дейін). «Арсенал» 2005/ 06 жылғы маусымда 10 матч қатарынан қақпасында бірде-бір доп жібермеген (995 минут бойы 2005 жылдың қыркүйегінен 300 жылдың мамырына дейін). «Ныюкасл» 2002/03 жылғы маусымда топтық кезеңнің алғашқы үш матчында ұтылса да, плей-оффқа шыққан болатын.
Әрі қарай

Фэнтези Чемпиондар лигасы 2013/2014

Кезекті Чемпиондар лигасы маусымымен қатар УЕФА-ның ресми сайтындағы Фэнтези ойыны да басталғалы жатыр. Ережелер бұрынғыдай: сізге берілген виртуал 100 еуроға 15 ойыншы таңдап, ұпай жинайсыз.

Команда құру үшін: ru.uclfantasy.uefa.com

kerekinfo.kz лигасы да құрылды, оған қосылу үшін мына кодты енгізіңіз: 194978-500665

Қазір ең көп таңдалған ойыншылар:
Футбол, тек қана футбол!: Фэнтези Чемпиондар лигасы 2013/2014
Әрі қарай

Бір әуеннің тарихы

Бір сәт елестетіңізші. Сіз XVIII-ғасырда өмір сүріп жатқан, ұлты неміс, бірақ британ королінің қол астындағы композиторсыз. Арада үш ғасыр өткенде сіздің бір туындыңыз миллиондаған адамды баурап, экстазға келтіреді дегенге сенер ме едіңіз? Георг Фридрих Гендель мұны түсінде де көрмеген шығар. Алайда, оның шығармасының даңқы Бетховен мен Моцарт армандай алмайтын деңгейге жетті. Айтып отырғаным – 1727-жылы ағылшын королі Георг ІІ-нің таққа отыру құрметіне жазылған «Задок машайық» (Zadok the Priest) антемі.
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Ия, Шахтерге қатысу арманға айналған немесе Реалдың тек түсінде көріп жүрген кубогы саналатын Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіде басталуға санаулы күндер қалды. Бүгін Францияның Атақты Анриды әлемге сыйлаған Монако қаласында ЧЛ-ның жеребе тарту рәсімі болып өтті. Футболдың майын ішкен мен-мен деген Еуропа мықтылары сол Монакоға жиналған еді. Себептері біреу: болашақ қарсыластарын анықтау.
Әрі қарай

"Селтик" - "Шахтер" 3:0. "Шахтер" Еуропа Лигасында!

Чемпиондар Лигасы плей-офф матчында «Селтиктен» 3:0 жеңілген «Шахтер» қос ойынның нәтижесі бойынша 3:2 жеңіліп, Еуропа Лигасына жолдама алды. Жарысты «Шахтер» енді Еуропа лигасында жалғастырады.


«Селтик» — «Шахтер» 3:0 (1:0)
Голдар:
Коммонс 45 (1:0), Самарас 48 (2:0), Форрест 90 (3:0)
Ескертулер: Лэдли 68, Браун 90 — Симчевич 18, Каньяс 36, Вичюс 40, Зенькович 85
«Селтик»: Форстер, Мэтьюз, Эмброуз, Малгрю, Лустиг, Браун, Коммонс (Бурригтер 79), Лэдли, Самарас, Стоукс, Форрест (ван Дейк 90)
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 83), Хижниченко
Төреші: Свейн Моэн (Норвегия)
28 тамыз. Глазго. «Селтик Парк».
Алғашқы матч: 0:2.
Әрі қарай

Шахтер - Селтик 2:0



«Шахтер» — «Селтик» (Глазго, Шотландия) 2:0 (1:0)
Голдар: Финонченко 12 (1:0), Хижниченко 77 (2:0)
Ескерту: Муйоколо 45
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 82), Хижниченко
«Селтик»: Форстер, Исагирре (Балде 82), ван Дейк, Малгрю, Муйоколо, Лустиг (Мэтьюз 67), Браун, Коммонс, Лэдли, Самарас, Форрест
Төреші: Павел Краловец (Чехия)
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Селтик

Еуромаусымымдық ойындарын әлі де жалғастырып жатқан қазақстандық екі клубтың қарсыластарын білдік. Қуануға да болады, «жеребе сәтсіз» деп, футбол құдайларына лағнет айтуға болады. Екеуі де оңай алдыра қоймасы анық. Алайда бұл матчтар біздің клубтар үшін үлкен тәжірибе болатыны да сөзсіз.
Әрі қарай

Қарағандыда стадион салуға инвесторлар ізделуде

Бәріміз де Қарағандының «Шахтер» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сұрыптау кезеңіндегі жетістіктеріне куә болып, мәз-мейрам болып жатырмыз. Алғашында былтырғы ЧЛ топтық кезеңінде болашақ чемпион Баварияны 3-1 есебімен ұтқан БАТЭ-ны жерлестеріміз екі ойында да тізе бүктірген еді. Ал 3-ші раундта албаниялық Скендербеу командасын бірінші ойында 3-0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл жеңіс барлық қазақстандық жанкүйерлердің арманы орындалуының үлкен қадамы болып отыр. Енді қарсы ойында уыстағыны жіберіп алмаса УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама аламыз.
Айтқым келіп отырғаны осы ойындарды Қарағандылықтар Астанада өткізді. Өйткені Қарағандыдағы стадион заманауи талаптарға сай емес. Шахтердің соңғы жетістіктеріне қарап, командаға жаңа стадион керек екендігі білінеді. Оны жергілікті басшыларда біледі. Тіпті стадионның болашақта қандай болатындығы, оның макеті интернетте жүр. Суретке қарасаң таңғаларлықтай. Үсті шаңырақ тәріздес болып келеді екен. Отыратын орындар саны 30-50мың шамасында. Алайда мұндай кереметті салу үшін 30миллиард теңге қажет. Жергілікті басшылар мүндай қаржы жоқтығын айтады, және де инвесторларды іздеуде.
Менің ойымша мұндай ақша бөле алатын инвесторлар біздің өңірімізде бар. Облыста "Қазақмыс" және «Арселор Миттал» секілді екі алпауыт компания орналасқан. Екеуінің қайсы болмасын осындай қаражатты бөлуге шамалары жетеді. Тек осы мәселені көтеретін азаматтар аз болып отырғаны. Облысымыздан щыққан Елімізде жоғары орындарда отырған адамдар да аз емес. Тіпті Елбасымызда осы өңірде еңбек етті ғой. Болашақта елімізде футболдан дүбірлі додаларды қабылдауға дайындалатынымыз туралы да көп айтылады. Олай болса қазірден бастасақ қайтеді? Міне осындай жетістіктерді пайдаланып қалуымыз керек қой отандық футболды дамыту үшін. Осы ағаларымыз сөз салса, инвесторлар ағып келеді деп ойлаймын. Қарағандыда футболды жұрт сүйеді, міне «Шахтер» біздің қуанышымызға айналып отыр. Осы жұртқа енді сыйлық ретінде стадион салыну керек деп ойлаймын. Футболисттерімізде өз қаласында, өз жанкүйерлер алдында ойнағаны да ұнайды деп ойлаймын.
P.s.: Стадион саламыз деп, қарапайым жұмыскерлердің жалақысынан айрып тастамаса болғаны.

"Шахтерды" қолдауға барайық!

Футбол, тек қана футбол!: Шахтерды қолдауға барайық!

30 шілде, сағат 19:00-де Астана Аренада үлкен футбол. Чемпиондар лигасы 3-ші іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтеры» Албания чемпионы «Скендербеу» командасымен ойнайды. Керекшілер болып бірге жиналып, бір жерден қарайық.

Кіру тегін.
Әрі қарай

"Шахтер" топтық кезеңге өте жақын



Кеше беларус «БАТЭ»-ні жеңіп, келесі раундқа жолдама алған Қарағандының «Шахтерына» өте керемет мүмкіндік туып тұр, Еурокубоктардың топтық кезеңіне өтуге. 3-ші раундта Албанияның Скендербеу командасын өтетін болса Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің алдындағы плэй-офттарға өтеді. Егер сол плэй-оффта жеңілетін болса автоматты түрде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтеді.

«Шахтердың» келесі ойыны 30 немесе 31 шілдеде Астана қаласында өтеді. Бірге барайық Керекшілер!
Әрі қарай

Бәрі қойна

Бүгін таң атпай бәрі Чиншанло туралы шулап кетті ғой. Оның бәрі қойна. Спортпен басталған күн, футболмен бітпек. Еуропа алаңдарында доп додасы жалғасын табады. Чемпиондар Лигасының үшінші тур ойындары өтеді. Бүгін біраз клубтың дүбірлі додадағы болашағы мәлім болады.


Әрі қарай

Фэнтези Чемпиондар лигасы 2012/2013

Кезекті Чемпиондар лигасы маусымымен қатар УЕФА-ның ресми сайтындағы Фэнтези ойыны да басталғалы жатыр. Ережелер бұрынғыдай: сізге берілген виртуал 100 еуроға 15 ойыншы таңдап, ұпай жинайсыз.

Команда құру үшін: ru.uclfantasy.uefa.com

kerekinfo.kz лигасы да құрылды, оған қосылу үшін мына кодты енгізіңіз: 194978-441714

Бірінші тур ойындары:

Әрі қарай