Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Ия, Шахтерге қатысу арманға айналған немесе Реалдың тек түсінде көріп жүрген кубогы саналатын Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіде басталуға санаулы күндер қалды. Бүгін Францияның Атақты Анриды әлемге сыйлаған Монако қаласында ЧЛ-ның жеребе тарту рәсімі болып өтті. Футболдың майын ішкен мен-мен деген Еуропа мықтылары сол Монакоға жиналған еді. Себептері біреу: болашақ қарсыластарын анықтау.

Сонымен кеттік…
Алдымен қай команда қай корзинада орналасқанына назар аударсақ.
Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
корзина 1: «Бавария», «Барселона», «Челси», «Реал», «МЮ», «Арсенал», «Порту», «Бенфика».

корзина 2: «Атлетико», «Шахтер», «Милан», «Шальке», «Марсель», ЦСКА, «ПСЖ», «Ювентус».

корзина 3: «Зенит», «Манчестер Сити», «Аякс», «Боруссия» Дортмунд, «Базель», «Олимпиакос», «Галатасарай», «Байер».

корзина 4: «Копенгаген», «Наполи», «Андерлехт», «Селтик», «Стяуа», «Виктория Пльзень», «Реал Сосьедад», «Аустрия».

Айта кетерлік бір жайт бір мемлекеттің командалары топтық кезеңде бір группаға түсе алмайды. Сонымен көптен күткен группаларымызда анықталды:
Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
A Группасы: Манчестер Юнайтед, Шахтер, Байер, Реал Сосьедад
B Группасы: Реал Мадрид, Ювентус, Галатасарай, Копенгаген
C Группасы: Бенфика, ПСЖ, Олимпиакос, Андерлехт
D Группасы: Бавария, ЦСКА, Манчестер Сити, Виктория Пльзень
E Группасы: Челси, Шальке, Базель, Стяуа
F Группасы: Арсенал, Марсель, Боруссия Дортмунд, Наполи
G Группасы: Порту, Атлетико, Зенит, Аустрия
H Группасы: Барселона, Милан, Аякс, Селтик

_________________________________________________________________________________________________

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Реалды B группасына жіберген Фигудың қолы жеңіл екен. РЕал Мадридтің қарсыластары осал демес едім, Ювентус Италияда қалай ойнайтынын бәрімізде білеміз, Галатасарайдың құрамында Дрогба, Снейдер секілді саңлақтар жетерлік, сонымен қатар Галатасарайдың ана жылы Реалды қалай састырғанын әлем көрді, Копенгаген жайлы да жаман ештеме айта алмаймын, ДАнияның ЧЛ-дағы үкілі үміті саналады, супермотивациямен ойнайтыны да анық. Бірақ, Реалдың топты бастап шығатынына сенімдімін. Бір қызықты факт, Реал көп жағдайда Ювентустан ұтыла беретін. 90 жылдардың соңындағы ЧЛ-ның матчтарын есіңізге алып көріңіз, кек қайтаруға керемет мүмкіндік.

_________________________________________________________________________________________________

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Шахтердің жолын кескен иттер(кельттердің қазақша баламасы) тағы да Барсамен түсті. Міне қызық, Шахтер өткен болса Барсамен түсер ме еді немесе konvict -тың командасын Астанадан көрер ме едік. Амал нешік, келер жылы Реал келіп қалар Астанаға . Бұл топта БАрсаның папарит екені футболды ұнатпайтын toha9566 бауырыма да белгілі.

_________________________________________________________________________________________________

Биылғы чемпиондар Бавария сол жетістікті Гвардиоланың бастауымен қайталай алар ма екен?! Топта нешінші орын алады? Ман СИти қандай ойын көрсетеді, тағы да топтан шыға алмай қала ма? Міне осы сұрақтар қызықтырады мені…

_________________________________________________________________________________________________

Челсидың группасы енД, ең оңайы дер ем. Жозе анау құрамасымен топтан 1-ші орынмен шықпаса 9 сынып оқушысы Бекболатпен бірге ішіп кетсін, епті.

_________________________________________________________________________________________________

Арсеналдың жағдайы қиын секілді. Сол бұрынғы Марсель мен Боруссия Д ізінен қалмай келеді канонирлердің. Арсен Венгерге трансферлік терезе жабылғанша талаааай ойыншы алу керек секілді командасына. Дортмундтықтар фавориттер қатарында, менің глорлық жасайтын командам ЧЛ-дағы, мойындаймын.

_________________________________________________________________________________________________

C және G тобындағы командаларды ортанқол командалар дер ем, олардың кім мықты екенінде жобалай алмадым, деңгейлері шамалас тек ПСЖ-ның орны бөлек секілді.

_________________________________________________________________________________________________

Осы жылғы ЧЛ-ның финалы Лиссабонда өтеді. Фигудың ол залда жүруі бекер емес екен

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Сонымен қатар осы кеште Еуропаның үздік ойыншысы да анықталды. Месси, Роналду және Рибери үштігінен соңғысының бағы жанды, меніңше әділ шешім. Сонымен өз тасымнан бавариялық тыртықбетке Франция құрамасында да осылай ойна ептібайымайд демекпін…
Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2013/2014 топтары анықталды
Меніңше Роналдудың тәуіптігі бар секілді, бүгінгі кешке келмепті. Бәрібір ала алмайтынын білді ма екен деп ойласың. Сізде солай ойласаңыз қателестіңіз, бүгін Реалдың Департивомен жолдастық кездесуі бар. Роналду сол матчқа дайындық үстінде 

Сіздер қай топты "өлім тобына" жатқызар едіңіз? Сонымен қатар Еуропаның үздік ойыншысы Рибери дегенмен келісесіз бе? Ертеңгі Еуропа Суперкубогында қай командаға бүйрегіңіз бұрады?
Бөлісу:

4 пікір

nurik_muzei
К.Роналду бұл марапатқа лайық еді…
torgai
А мен Ф топтарын өлім тобы дер едім.
asaubota
А тобы қиын сияқты. Галатасарайдың тобы да жаман.
Ispek92
Шахтер мен БАйер үздік ойыншыларынан айырылып қалды трансферлік терезеде, сондықтан МЮ-ге лайық келетін Сосьедад секілді. Сосьедадтықтар құрамы да керемет, Лионды тас талқан еткені де белгілі