Чемпиондар Лигасының жеребесі
Бүгінгі Қазақ елі жаппай тойлап жүрген тәуелсіздік мейрамымен қатар осы жылғы ЧЛ-сының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі қатар келді. Биылғы ЧЛ-да айтарлықтай сенсация көп болды десек артық айтпаспыз, бір ғана Ювентус пен Бенфиканың топтан шыға алмауы неге тұрады, болмаса Порту мен Наполи секілді командалардың ойынын бұл турнирде болашақта көрмейміз, ал 6 ғана ұпай жинаған Петербургтің Зениті келесі турға өтуі сенсация емей немене?!
Биылғы ЧЛ финалы Бенфиканың алаңында өтетіні бәрімізге белгілі болар, атақты футболшы Луиш Фигудің қолынан шыққан жеребе төмендегідей болды:
Егер футболға сәл де болса қызығушылықпен қарайтын болсаңыз, бұл жеребенің қаншалықты қызыққа толы екенін байқаған шығарсыз. Сонымен өзімізше талқылап көрейік:
1. «Манчестер Сити» (ENG) — «Барселона» (ESP)
Сөз жүзінде Барселона фаворит, алайда Баварияны «Альянс Аренада» жеңіліске ұшыратқан команданы бағаламауға болмас, болмаса Ситиліктердің Тоттенхэм, Арсенал, МЮ-ды қалай ұтқанын көрген боларсыздар. Месси жарақатынан айығып келеді, қысқаша айтқанда бізді керемет матч күтіп тұр…
2. «Олимпиакос» (GRE) — «Манчестер Юнайтед» (ENG)
Гректіктердің де келесі турға өтуі таңқаларлық еді, мықтылар сапына жататын Бенфиканы артта қалдыра отырып МЮ-ға жолықты. Қызығы сол, екеуі де формалары ұқсас команда саналады. АПЛ-да қатырып ойнамаса да ЧЛ-да тәуір ойын көрсетіп жүрген Манчестерліктер фаворит қатарында, Олимпикосқа бұл жолы бұрынғы Реалдық Савиола қаншалықты көмектесе алар екен.
3. «Милан» (ITA) — «Атлетико» (ESP)
Италияның ЧЛ-дағы жалғыз үміті осы Миландық клуб саналады, ал Атлетиколықтар топтық кезеңдегі үздік команда атанып отыр. Вилья, Коста жұбы кәрі Аббьятиді қаншалықты мазалайтынын көргіміз келеді. Сосын Костаның мынадай тірлігіне Балотелли қалай қарайды екен:
4. «Байер» (GER) — «Пари Сен-Жермен» (FRA)
ПСЖ командасын сөзсіз фаворит қатарына жатқызар едім, Байерліктер МЮ секілді мықты құрамаға лайықты түрде қарсы тұра алмады. Оған Златанның апта сайынғы гол соғып жүрген дәстүрін қосыңыз.
5. «Галатасарай» (TUR) — «Челси» (ENG)
Міне, кезекті қызықты матч. Атақты Ювентусты турнирден ығыстырған Сарайлықтар Челсиді де жеңуге қауқарлы, құрамында Дрогба секілді кезінде Челсиді өрге сүйреген сардар бар кезде бәрі мүмкін. Әрине, матчтың басты оқиғасы Дрогбаның Стэмфорд Бриджге қайта оралуы болмақ, онда да қарсылас ретінде, жанкүйерлердің әр қимылын аңдитын боламыз. Менің қалауым, келесі турда Сарайлықтарды көргім келеді.
6. «Зенит» (RUS) — «Боруссия» (GER)
Бар жоғы 6 ұпаймен келесі турға жолдама алған жолы болғыш Зениттіктерді жазалайтын команда табылған секілді, Дортмундтықтардың әлсіз қорғанысы бар екенін білсек те, сол қорғанысты бұза алатын Зенит құрамында лайық ойыншы табу қиын. Өлім тобынан 1 орын ап шыққан Дортмундтықтар келесі кезеңге өтіп қойды десек те болатын секілді
7. «Арсенал» (ENG) — «Бавария» (GER)
Арсеналдықтарға қай кезде де жеребе жолдас болмай, тауы шағылып жүр. АПЛ-да ұзақ уақыттан бері алғаш рет көш бастап өз ойынын тауып жүрген Венгер шәкірттері айбынды Баварияға қарсы тұра ала ма? Доп домалақ дерміз-ау, алайда сол домалақ доп Баварияның аяғынан түспей келеді. Барселонаға 7 жауапсыз гол соққан Мюнхендіктердің Арсеналға қанша гол соғатынын ойлаудың өзі қорқынышты
8. «Шальке» (GER) — «Реал» (ESP)
Реалдықтардың неміс клубтарымен қалай ойнайтынын көбіміз білетін шығармыз, қарсыласты бағаламауға болмайды. Алайда, шеберлік жағынан Реалдықтардың сөзсіз үздік екені тағы бар. Маған қызығы, жас әрі талантты Дракслердің Реалға қарсы қалай ойнайтыны. Себебі бұл болашақ Реалдың ойыншысы болып саналады.
Офф топ ретінде қызықты мәлімет ұсынғым келеді:
ЧЛ 2009 Финалы Италияда өтті — Жеңімпаз Испандық команда.
ЧЛ 2010 Финалы Испанияда өтті — Жеңімпаз Италяндық команда.
ЧЛ 2011 Финалы Англияда өтті — Жеңімпаз Испандық команда.
ЧЛ 2012 Финалы Германияда өтті — Жеңімпаз Англиялық команда.
ЧЛ 2013 Финалы Англияда өтті — Жеңімпаз Германиялық команда.
ЧЛ 2014 Финалы Португалияда өтеді — Жеңімпаз Англиялық команда бола ма????
(
Ал мынау, ставка сүйер қауымның назарына, букмекерлік кеңсенің болашақ жеңімпазға беріп жатқан коэффициенттерін тамашалап жіберіңіздер:
1.Бавария 3.168
2.Реал М 5.644 (!!!)
3.Барселона 6.436
4.Боруссия Д 12.871
5.ПСЖ 12.871
6.Атлетико М 14.851
7.Челси 14.851
8.Манчестер Сити 16.832
9.Манчестер Юн 16.832
10.Арсенал 33.663
11.Милан 66.337
12.Байер Л 123.762
13.Галатасарай 248.515
14.Зенит 298.02
15.Шальке 04 298.02
16.Олимпиакос 397.03
Неймардың ойыны тіфә-тіфә дитіндей боп жүр демек кубокты көкке Барса көтерер