"IT-тірлік": Кешегі күндер нәтижесі - 1 орын!

  • Автор
… неден бастарымды білмеймін…



Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы ұйымдастырып, еліміздегі ірі компаниялар демеушілік көрсеткен startupweekend болып өтті. Соған мен де өзімнің арысы бір жыл, берісі жарты жылдан бері ит болып жүгіріп жүрген "ІТ-тірлік" атты онлайн журналымды ұсынған едім. Аллаһ қолдап, жүлделі бірінші орынды алдым. Алғаным 500 000 теңге. 10 пайыз салығын төлеймін)

Обшым, осы уақытқа дейін менімен бірге болған, маған сенген, көмектескен, ат салысқандардың баршасына шын-жүректен алғысымды білдіремін.

Айтпақшы, "ІТ-тірлік" журналымды көріп «сайты быт-шыт, журналдың өзі анау. Бұның қай жеріне бас жүлде?» демеңіздер. Олар осы тұрысына емес болашағының жарқындығына сеніп табыстады. Менің ендігі мақсатым, сол сенімді ақтай білу.

Айтпақшы-2, осы Атырауда өткен шарада ғана бірінші орынға 500 мың бекітілген. Бұған дейін 300 мың болған. Анау екі чекпен тұрғаным сондықтан)






Ұқсас посттар

16 пікір

kokbori
Құтты болсын! Ит сілікпеңді шығарған ІТ тірліктің бір ғана шығарылымымен жүлдегер болып жатырсың. Қалғандары шықса, жүлде біткенді жиып әкететін шығарсың Әзіл ғой. Биік деңгейден көріне бер
Janasil
Құтты болсын!!!
bazuka
Құтты болсын!
pari
Құтты болсын! Біздің қалада өткен «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы сізге құт дарытқан екен. Ұзағынан сүйіндірсін. Онлайн-Журналыңыз дами берсін
Aikona
Құтты болсын жеңсіңіз! бІз сізге сенеміз!
Abilakim
құтты болсын! Еңбегіңнің жемісін жей бер
Onlasyn
Презентация қазақша болды ма?
timurrr
Орысша болу ықтималдылығы 1 000 000 000 000 000 000:1
FaraOn1
Құтты болсын! Журнал деген жақсы ғой, шем газет)
Gulistan
Тимур, құтты болсын! Еңбегің соған тұрарлық.
alisha
Ал құтты болсын! Еңбегің бағаланға не жетсін! Ит-тірліктің игілігін көр!
ErNur
Құтты болсын! Сәттілік тілейм!
Kipshakkyzy
Құтты болсын! Жемісін жеңіз.
edige
Барекелді Жігіттер...!!! Өркендерің өссін, маңызды қазақша сайттар жаратудан шаршамаңдар!!!
Blogshy
Құтты болсын! бейнеттің зейнетін көріп жатырсың, табыстарға жете бер. 15 күні пойызда келе жатқанда осы атамекен стартап деген футболка киген 50/50 сойлейтін қыз бен жігіт біз Атырауда қалғанда бас жүлде міндетті түрде біздікі болатын еді деп әңгімелесіп келе жатқанын естігем. Бірақ мынаны оқып бас жүлдеге әрине Тимур лайық екеніне шүбә келтірмеймін )))
qisyq
Құтты болсын, Тимур! Ұзағынан сүйіндірсін Жеңістерінің басы боулына тілекеспін.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.