Түс пен шындық

  • Автор
Ол төсектен тұра алмады. Түсіне кірген керемет оқиғаны қимады. Көз алдына дәл қазір ғана көріп біткен фильм сияқты қайталап айналдыра берді. Түсінде ол екеуінің бірге болғанын көрді. Арадағы алшақтықты түс арқылы жеңе білгеніне өзі де қуанып жатыр, сол қуанышты жалғастырғысы келді ме, көзін қайта жұмып қояды. Бірақ түс жалғасын таппады, тек санада қайталана берді.
Ұйқыдан оянар, оянбастан ОНЫҢ бейнесі көз алдында болды. Түсінде олар бақытты еді. Сағына күтіп жүрген жанға оның арт жағынан келіп, нәзік қолдарымен құшағына алғаны бақыт еді. Ол бұрылмастан-ақ ОНЫҢ жылуын сезінді. Бұрылып қарғандағы бір-біріне деген көзқарастары сағынышқа толы еді. Көпшілік жиынның ортасынан оңашаланғылары келген екі ғашық амалдап жолын тапты да, жеке шықты. Сүйіктісін сағынған ол еркелене мойынына асыла кетті. Сүйген жанның құшағында болғанға не жетсін? Махаббатына қолы жеткен ол да мейірлене, құштарлана сүйе бастады сүйіктісін. Олардың сезімдері, жүрек дүрсілдері көрген түс секілді емес, дәл қазір болған жағдайдай сезілді. Құшақтап тұрып, сүйікті жанның иісін құмарлана сезінгені денесін дір еткізді…
ОЛ келгенде, кездесу кезінде ОНЫ дәл осылай, тіпті одан да артық етіп құшақтайтындығына сенімді болып, көз алдына болашақтағы кездесуді елестете берді. Ал болашақты болжау, армандардың орындалуы уақыт еншісінде және бәрі пенденің ойлағынындай бола бермейтіндігін сол сәтте ол мүлдем естен шығарып алды…
Кішкене түс қызығана батып болған соң, жұмысқа баруға жиналды. Көңілдегі сезімді сүйіктісіне білдіруге асықты, смс жазып жіберді. Алайда жауап ала алмады. Бұл жағдай көңілге аз қаяу салды. Жауабын білуге асықты. Ол тіпті сол кезден бастан өз сүйгенінің алыстап бара жатқандығын сезбеді…
YaltA

Өмірлік ұстанымым-тек қана алға! Жаналықтар мен қызықты оқиғаларға қызығатын мен үшін бұл жерде алар жаңалығым көп болар.

    Ұқсас посттар

    9 пікір

    satibaldi
    Псевдоромантикалық әсірепәлсапалық қойыртпақ.
    YaltA
    tus kore biletinder men bilmeitinder de bar. bul kerektegi algawki jazbam.pikirdi kabildai da bilemin
    a63a1
    Жалтыр ауылынанбысың?
    abzik
    Yalta, ОЛ қалай жауап жібереді, егер СЕН рұқсат етпесең?! Қызық па дейм...
    YaltA
    kiziktin kokesi alda ma deymin,Abzik
    Nurshat
    Еүс-Түлкінің боғы…
    AKY
    солай аталытынын білмеппін…
    Nurshat
    Сізге емес YaltAға)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.