Пойызда

Бүгін Ақтөбе пойызымен Алматыға келдім. Келе жатқанда түрлі қызықтар болды.
Ең бірінші, қазақ жерінің табиғатына тағы да куә болдым. Алдында Семей-Қызылорда пойызымен қайтқанда(күндіз өттік, Ақтөбе пойызы түнде өтеді, содан көрмеппін) Түлкібас ауданының табиғаты керемет, қатты ұнаттым. Таудың етегінде жасылды-сары егін алқаптары, самсаған жемістер, бақтар енді табиғатына ғашық болдым. Бір сөзбен айтақнда, жұмақ дерсің.

Екінші, кешкі тоғыз жарым кезінде 60-тан асқан бір ата жарапазан айтып жүр. Мяяяяяя, таң қалып қалдым. Менікі тек үй жақта кішкентай балалардың айтып жүргенін көріп қалған көз ғой. Кеткен соң, ол да бір бизнес екен ғой дедік.

Үшінші, Шымкенттен бір әпкесі мен кішкентай 5 жасар сіңлісі мінді. Оның қызығы таңертең болды. Ол: "«Мен 6-ға толғанда байға тием»-дейд. Сұмдық дедім. Сұмдық ол емес екен. Әпкесінің айтуынша, 5 байға тиіп 5 бала табам дейд. Неге деген сұраққа, 1 байға тиіп бір-ақ бала табам ба деді. Ия, бүгінгі баланың психологиясы. Ол әңгімелерді өзімен жасты достарымен ойнап жүріп айтады екен.

Төртінші, Шымкенттен мінген тағы бір аға мінген бетте: «Мен қазір ұйықтаймын, сосын қорылға басам»-деп айтты. Еще жанындағыдаларға: «Жарысасың ба?»-дейді. Сөйтіп, ұйқыға кеткен бойда қорылға басты. Кашмарррр, ондай қорылды бірінші рет көрдім. Тұрғанша қорылдап мазаны алды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше