Жас жүрегімді кернеген сағыныш оты

О, туған жер, неткен ыстық құшағың. Таудан соққан саф ауаңды құшырлана жұтқым келеді.Көше бойлай өскен әр тал – терегіңді, жасыл желекке оранған әр қырат – беліңді сағындым. Өзге өңірдің алмасы жұдырықтай болса да туған жердің бармақтай бал татыған алмасының дәміне ешнәрсе жетпейді екен. Мен жырақта жүріп осыны анық түсіндім…


Ал, өзімнің туған жеріме келер болсам, Алматы облысына қарасты, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы. Мен үшін Жетісудың жерұйығында орналасқан осы маң ыстық көрінеді де тұрады. Өйткені ол жерде сәбилік шақ, балдаурен күндерім өтті. Осыдан 10 жыл бұрын отбасылық жағдайыма байланысты нағашыларымның үйіне көшіп келген едім. Сол өткен 10 жыл мен үшін 10 ғасырға созылғандай көрінеді де тұрады. Ал,қазір мен өзім армандаған еліміздегі тамаша университеттердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алудамын. Басқа студенттер сияқты жатақханада тұрамын.Ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналында журналист, экскурсавод болып жұмыс істеп жүрген жайым бар. Студенттік кез көп нәрсені жете түсіндіреді екен… Тағы бір түсінгенім: өмірдегі ең қымбатты сәт туған жердің топырағын басып, достарыңмен асыр салып, күліп- ойнаған кез екен. Мен соны ұқтым. Жас жүрегімді кернеген туған жерге деген сағыныш оты маздайды…
estetika91

НАЗИРА Бурханова
Главный специалист
Ғылым ордасы

    Ұқсас посттар

    112 пікір

    meirzhan
    Мен шетте жүріп осыны анық түсіндім…
    Сонда сіз Қазақстанда жүрген жоқсыз ба?  Қазақ елінің кез-келген жері қазақ үшін шет болмауы керек.
    Қаракөз қазақтарды көріп жүрудің өзі бір бақыт. © Шын шетте жүрген қазақтың күнделігінен.
    estetika91
    Шетте жүрмін дегенім туған жерден жырақта жүрмін дегенім ғой.Әрине, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жерлердің ешқайсысын жатсынбаймын, алайда, туған жерге еееееееееееееееееешқайсысы жетпейді екен…
    estetika91
    Патша көңілді оқырманымның пікірі мені қатты ойландырды. Шынында да… Сізге алғысымды білдіремін!
    meirzhan
    Жалпы оқырман пікіріне түсінісушілікпен қарайды екенсіз. Тіпті кішкентай балалармен сөйлескендей боласыз.  Бала-бақша тәрбиешісіндей шыдаммен, байыппен жауап беретінің қызық.
    estetika91
    ))))) Рахмет! Әрине, оқырманымның әрбір пікірі маңызды. «Көш жүре түзеледі» дейді екен баяғының адамдары, сол айтқандай жүре-жүре біз де түзелерміз деген үміттеміз.Алдыңғы толқындардан үйреніп жүрміз ғой көптеген дүниелерді…
    balzaminka
    Tugan jer emes, tugan olke nemese aul degen durs bolar. Tugan jer dep elden jyrak jurgende aitylady emes pe
    estetika91
    ))))) Жиырма жылдан аса өмір сүріп «Туған жер» дегенді өзге елге кеткенде ғана айтады дегенді естімеген екенмін.
    balzaminka
    Oi Alla-ai, jiyrma jyldan asa omir surgenizdi umtp ketppin, kewirnz
    estetika91
    ))))))))) Бальзаминка ханым, кешіріңіз! Сөзімнің астарында ешқандай коннотациялық, денотациялық мағына жоқ! Жалпы, туылғалы бері солай айтылмайды дегенді естімеген екенмін дегенім ғой.Мені дұрыс түсінуіңізді өтінемін!
    balzaminka
    1-1mzdi kewirdik koi dim ))
    satibaldi
    Тез ауыз жаласқандарың үшін, мен екеуіңді де кешіре алмай отырм. Айтақтап, үриттеп, бет жыртыссаңдар нетті!!!
    estetika91
    Эстетиканың Сатыбалды мырзаға қарап тұрып: «Шайтанның азғыруынан сақтан» деген жолдарды есіне түсіріп тұрған смайлигі))))
    estetika91
    ))))) Дұрыс түсінгеніңізге алғысым шексіз!)))
    meirzhan
    коннотациялық, денотациялық
    Мына сөздерді есте сақтап қою керек. Жақсы естіледі екен.
    estetika91
    )))) Сөз деген өте қызық құбылыс. Бір сөздің астарында аталғандай бірнеше мағына топтасады.Мәселеде, сөзде емес мағынасына екендігін есіңізге саламын Мейіржан мырза!))))
    satibaldi
    estetika91
    Эстетиканың бұл Сатыбалды мырзаның екі езуін екі құлағына жеткізіппін-ау деп өз-өзіне риза болып тұрған смайлигі)))
    Beytanis
    Шетел тұрмақ, бір қаланың бір шетінен екінші шетіне барсаң, бір «жасырын қауіптің» жүрекке маза бермейтін сәттері болады.  Біреулермен ерегісіп қалмай, көз көгеріп, сүйек-саяғың бір-бірлеп саналмай сау қайтсаң мереке!!!
    estetika91
    )))))) Ер балалар үшін солай шығар.
    Beytanis
    Қазір каратэден 6 дан, қара белбеу болсаң да пайдасы жоқ, тапаншамен тарс немесе есінен айрылған 5-6 көше бұзақысы бірден 5-6 жақтан жаппай шауылдаса пышақ, істік, біз, арматурлармен…

    Қыздар арасында ондай қауіптер бар, бір-бірін тепкілеп кете береді.
    estetika91
    ))))))) Осы нәзік жандыларымыздың бір-бірімен шаш жұлысып, бет жыртысып жататындарына таңым бар...20 жылдан аса уақыт өмір сүріп ешкіммен төбелесіп көрмеген екенмін. Олай ету — табиғатыма жат дүние.
    Beytanis
    ))))))) Осы нәзік жандыларымыздың бір-бірімен шаш жұлысып, бет жыртысып жататындарына таңым бар…

    Шаш жұлысып, бет тырнасса, дау жоқ, жұдырықтасып, тебісіп жатады. «Ережесіз жекпе-жектің» майталмандары қызыға әрі қызғана қарайтын шығар олардың төбелестеріне.
    estetika91
    Дүниедегі ең жаман нәрсе ол деген. Содан не табады екен өздері? Осы қоғамдағы қазақ қыздарының (бәрінің бетіне топырақ шашудан аулақпын)табиғатын түсінбеймін бар ғой… Нәзіктілік қайда кетіп бара жатыр өзі? Бір нәрсе бола қалса, жұдырық ала жүгіру деген…
    Beytanis
    Әр адамда ашық-жасырын агрессия болады ғой, кейбіреу тежей алады, кейбіреу тежей алмайды. Мәселені жүйелі әңгімемен шешуді уақыт шығындау есебінде санайтындар бар, бір рет «бахххх» еткізеді, мәселе шешілді. Тема не тема деп жүре береді.
    estetika91
    )))))))) Эх, қайран қазақ қыздары…
    Beytanis
    Куртләр вадиси
    estetika91
    )))))) ОЛ НЕ ДЕГЕН СӨЗ?
    Beytanis
    Көкжалдар мекені. Сериал. Бәйбик, Түркийе экшні.
    estetika91
    )))))))) Айтпаңыз!
    blackbeard
    Әй, Абдулхей! Недеватцын
    Beytanis
    Куртләр вадиси десе міне жұрттардың арқасы қозады!
    estetika91
    Байқадым, сіз соны жазып едіңіз, Садық мырзаның жарқын-жарқын дауыстары шыға бастады…
    estetika91
    Садық мырзаның дауысы қай жақтан шығып жатыр өзі?..
    blackbeard
    Пост үшін +3 Жазу жүйеңіз ұнайды
    estetika91
    Патша көңілді Садық мырзаға алғысын жаудырып тұрған Эстетиканың смайлигі))))))))))
    blackbeard
    Императрица көңілді Эстетикадан алғыс қабылдап, рахмет айтып тұрған ҚараСақалдың смайлы
    estetika91
    ))))))) Эстетиканың «Оқасы жоқ!» деп күлімсіреп тұрған смайлигі)))
    konvict
    Өзіме тартқан жаңа бір флудер мен трольдің пайда болғанына қуаныштымын
    estetika91
    )))))))))) Эстетиканың Конвиктке ұқсасақ жаман болмаймыз деп күлімсіреп тұрған смайлы))))
    Beytanis
    Тек оқисың ба, әлде жұмысты қоса істейсің бе, Назира?
    estetika91
    Әрі оқимын, (ГРАНТТА) әрі жұмыс істеймін ЖУРНАЛДА. (ЖУРНАЛИСТ, ЭКСКУРСАВОД болып)
    Beytanis
    Бәрекелді, разымын, шын жүректен разымын!
    Beytanis
    Эстетика91 дегеніңе мән берсек (шынайы ақпарат болса!) 2 курс бітірген өренсің.
    estetika91
    Күмәніңіз болмасын, Бейтаныс мырза! 3 курсқа өткен жайымыз бар…
    Beytanis
    нөл бүтін млн-нан бір грамм болсын күмәнім жоқ
    estetika91
    Сенім білдіргеніңізге рахмет!
    Kuralai
    Дүрыс айтасың, туған жердей жер болмас)))
    estetika91
    Әрине. Туған жердің топырағын құшырланып бір иіскеу армаааааааааааааан болып кеттті ғой…
    Dinara
    Отан оттан да ыстық деп, 40 дәреже ыстыққа асығып жете алмай отырмын сол
    estetika91
    ))))) Шамасы, Қызылорда әлде Шымкент болуы керек…
    Beytanis
    Түркістан. Араласып кеткеніме ғафу өтінемін!!!
    Dinara
    Бір басқа ғой біздің Түркістанның ыстығы
    Beytanis
    Түркістанда тал деген бәлені іздеп табу әжептәуір тірлік.
    estetika91
    )))) Есесіне ыстыққа төзімді болып келетін болар сол жақтың тұрғындары?..))))
    Beytanis
    Амалдары бар ма?! Төзеді!
    estetika91
    )))))))) Біз суық жақта өскендіктен, сәл күн ысыса, қанша темірдей төзімді болсақ та абыржып кетеміз…
    Gamk
    Күн қатты қызғанда құмға жұмыртқа пісіруге болады дегенді естіп, енді жерге отыруға қорқып жүрміз. )))))
    estetika91
    Мен де естіген едім айтқыштардан: «Күн қатты қызғанда, жұмыртқа пісіруге болады екен құмға» дегенді.Соған қарағанда, сөзбен айтып жеткіссіз ыстық болғаны ғой…
    Gamk
    Айттым ғой отыруға қорқамыз пісіп қала ма деп. ))))
    konvict
    Мухахаха, желдеткіші бар жұмыртқалар піспейді екен
    Gamk
    Түсіндің інім )))))
    Dinara
    әжептәуір өсіп қалғанда, жаңа бұтақтары да өссін деп қырқып жаңартып отырамыз әдейі
    Beytanis
    Ол жеке үйлерде, ғимараттардың алдында болмаса, аса бір тал жоқ, тал өсетін көл-көсір су жоқ!
    Dinara
    жоқ, Шымкент жолы бойындағы талдарды айтамын, жайқалып өсіп келе жатқанда қырқады да тастайды. Не үшін екенін түсінбейсің, төбедегі электр желілеріне зиян ба әйтеуір…
    Beytanis
    Бір есебі — бұтақтары бейберекет трассаға шығып, аутокөліктерге кедергі келтіре ме деген ұстаным шығар…
    Dinara
    жоқ, жоқ, тура сол жолдың ағаштарының трассаға ешқандай да әсері жоқ, кәдімгідей ұзақта өсіп тұр олар өз бетімен. Ағаштарды бойлай университетке дейін жететін жаяу жүргінші жолы бар. Білмеймін білесіз ба жоқ па
    Beytanis
    Шымкент трассасы, Түркістандағы Коммуна жақты айтасың ба, құдай… Бәлкім, су тапшылығынан ағаш көтере алмайды деп бұтақтарын ликвидациялайтын шығар…
    Dinara
    Мүмкін. Бірақ Коммуна емес, Коммунизм жақ.
    Beytanis
    Коммунизм дегенді қысқартқаным ғой, өзімше...
    Dinara
    ондай атпен басқа елді мекен бар Түркістан маңында
    Beytanis
    Білемін негізі.
    estetika91
    Олай болуы да ғажап емес…
    estetika91
    Мүмкін, сол электр желілеріне байланысты шығар, оны сол қаланың тұрғындарынан сұрап көру керек екен. Ендеше, кім бар?..
    estetika91
    Түркістанды өз көзіммен көрмеген екенмін, бірақ, сондааааааааааай ыстық болатындығынан хабардармын.
    Beytanis
    Ми қайнап көмейге түсетін ыстық деп қорқытсам…
    estetika91
    ))))))) Барып көру керек екен…
    estetika91
    Оқасы жоқ!)))) Құлағыңыз түрік отыр екен)))
    Beytanis
    Құлағым қазақ, айналайын!
    estetika91
    Сіздің ұлтыңыздың қазақ екендігін білеміз))))))) Ауыспалы мағынаа ғой)))))
    Beytanis
    Қасақана қалжыңдағаным, қарындас!
    estetika91
    )))))) Түсіндім…
    Dinara
    неге Атырауда да кеше 43 дәреже рекорд боп тіркеліпті ғой
    estetika91
    43 градус ыстық?..
    alisha
    ол көлеңкедегі температура ғой
    Gamk
    Тақырыптан тайғанап бара жатып… Менің туған жерімнің рекорды 55 десем өтірік, анық 50-ге барғанын көргендер бар. Қазір де от болып тұр. Кейде кесіртке байғұстарды аяймын ше. Уффф! Ауааа, салқын ауааа!
    estetika91
    )))))))) Қай жер еді сіздің туған жеріңіз?
    Gamk
    Құдай бұйыртқан туған жерім Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылы.
    estetika91
    Жақсы. Ыстыққа төзімді жан болдыңыз ғой))))
    Zhanylai
    Шәкәрімге сәлем айт. «Гүлстанга» барсам, бұйыртса, гүл бересің бе?
    estetika91
    Жақсы, айтайын! Жарайды. Гүлстанға кел, жақсылап таныстарымын Гүлстанды…
    Gastarbaiter
    Саспа, Эстетиканың өзіне этикадан жұрдай мінезқұлық көрсететін кез алыс емес. Сіз әлі менімен қырылмағансыз ғой.
    Кезінде «Вечный Позитивист» атағынан үміткер Айжанатабын, Алтыгрәдүс, ВенераҚасымдарыңның өзін истерикаға жеткізгем. До того, өзіңіз өзіңіздің ақ пейілдігіңізден түңіліп қаласыз.

    Сізді де су бетіне шығарамыз.)))
    (Минусовщики вперееед))))
    estetika91
    )))) Не жазығым бар еді менің?..
    meirzhan
    Меніңше бұл кісі шынайы пікірлер жазады.
    estetika91
    Рахмет! Алла разы болсын!
    VKM
    Асқар,өзінше болыватр, жас қыздарға)))Қорқытып. Саған +1)
    estetika91
    ))))) Үлкен рахмет,әпке! Алғысым шексіз!
    satibaldi
    Мынау эпопеяның бітетін түрі бар ма? Что то бұл менің соңғы рет ойлануым сияқты…
    VKM
    соңғы деменізиии,мысли материализуются
    estetika91
    Эпопея жуық арада бітпейтін секілді… Э с т е т и к а н ы ң Сатыбалды мырза АИД патшалығына қарай сапар шегуде ме, ең соңғы рет ойланып деп қиналып тұрған смайлигі))))))))))
    Gamk
    Қол бұлғап тұрған смайлик де.
    alisha
    Баяғыда апамның аулына қыдырып барушы ем Сағыз деген жерге. Келген күні-ақ кейін қайтқым келіп, ауылды сағынамын.Апамның қыздары: «Біздің ауыл да жақсы ғой» деп өздерінше жұбатады. Содан басталады кеп ауыл туралы пікірталас. Ауылды мақтауға келгенде жан салмаймыз екі жақ та. «Сендерде шыбын көп» деген аргументтер де жүретін арасында... Ауылдың тірлігі қаншалықты қарбалас болса, соншалықты бейқам. Парадокс!

    Ауылға кеткім келіп тұрады,
    Санамды ауыл жеңіп тұр әлі!!!
    Рахмет, Эстет! Сендегі от бізді де шарпып жатыр.
    estetika91
    ))))))))))) Сізге де рахмет! Сондай жалынды сөздеріңіз үшін! )))) БӘрімііііііііііііміз де осындаймыз…
    Ауылға кеткім келіп тұрады,
    Санамды ауыл жеңіп тұр әлі!!! Шабытыңыз шарықтай берсін!
    alisha
    Ой, бұл Шымберген Сүлейменовтың өлеңі. Бұған ән де жазды. Өзі орындап жүр. Керемет ән! Компым "ұшып" кетіп, жоғалтып алғам, енді таба алмай жүрмін.
    Өрістен қайтқан төл даусын аңсап,
    Ауылға кеткім келіп тұрады…
    satibaldi
    Мен де, Сіздің ауылыңызға барғым келед…
    estetika91
    ))))))))))))) Керемет ән екен!
    alisha
    Шымберген мықты ғой! Осында Жанасыл оның бір өлеңін жариялаған екен: www.kerekinfo.kz/blog/til_sakshisi/3676.html
    satibaldi
    Сізге де рахмет! Сондай жалынды сөздеріңіз үшін! ))))
    «Социалистік Қазақстанға» резюме тапсырып көрмедіңіз бе?
    satibaldi
    Сіз де абортқа қарсысыз ба?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.