Arular.kz

Велосеруен

Бүгін өз-өзіме көңіл бөліп, базарға барып белсебет сатып алдым. Көптен ойда жүрген шаруа еді, Алла тағала бүгін сәтін салды. Содан кешкі 6-дан кешкі 9-жарымға дейін Астананы шарлап, Есілдің бойын жағалап, қыдырып келдім.



Жалпы астаналық блоггерлерді осындай серуенге шақырамын. Ниеттеніп осындай көлік алып серуендеген рахат екен. Таза ауа жұтып, дене қимылдарын да жасап дем алып келдім.
" data-width="600" data-numposts="5">

39 пікір

avatar
Кім бар мені қолдайтын? Астаналық блоггерлер темірат мініп далада серуендеп, таза ауада бас қосайық, келіңіздер!
avatar
Өткен жолы лисапедпен перонда жүрем деп менттермен ерегісіп қалғам. Ақыры менттердің өздері «нерад» болды. Астанада болсам, серуенге қосылуға болар еді.
avatar
Менттер сонда не дейт? Лисапедпен жүруге болмайды дей ме?
avatar
Болмайды дейді. Қой нақ, ереже жазылған заңды көрсет, понятойлар шақыр, штрафыңды жаз дедім. Бұтақ та істей алмады. Өздеріне наезд жасап жібердім. "Әбден қарапайым халықты үркітіп, бұтақтары қалтырап, айтқандарыңа көндіргенге жаман үйренгенсіңдер" деп.
avatar
сондай сәттерді сырттан тамашалағым келеді: сен сияқты метлалардың менттарды мал қылып тұрған сәттерді айтам
avatar
кешірерсің мәмбеттігім үшін, лисапед деген не зат?
avatar
мен Астаналықпын. Бірақ велик жоқ…
avatar
Саке мынауыңыз керемет екен. Астыңызда тозсын! Бір күнді белгілеп вело шеруге шығайық. Бір екі жерден жалға берілетін великтерді көріп қалған едім. Жоқтарымыз сол жерден аламыз.
avatar
Ойдан ой туады демекші, жақсы ұсыныс!
avatar
күЧт бастама
андағы велигіңіз тауға да жарай бере ме?
avatar
Тауға жарайтынын білмедім, әйтеуір өрге жақсы жүреді. Астанада тау болмаған соң мән бермедім онысына. Бірнеше скорыстары бар, ауыстырып отыруға болады.
avatar
жылдамдықтарын ауыстыратындай болса, бірден мықтысын алған екенсіз
Астананың бір жақсысы біраз болсын кеңістік бар жүргенге. Қолдаушылар табылу керек, салауатты өмір салты деп
мендегі жәй қарапайымы,Қытайдікі,жылдамдық тб дымы да жоқ
avatar
Осы скверге бара алмай жұрмін. Жамбыл атамызға арналған ескерткіш па? Әлде мен жаңылдым ба?

Велик құтты болсын)

Мен мүлдем жүргізе алмайм, үш дөңгелекті болмаса))
avatar
Иә, Жамбыл атамызға арналған ескерткіш. 2008 жылы Астананың 10 жылдығына Алматы облысы тарту еткен. Құтықтауыңызға рахмет! Базарда 3 дөңгелекті великтер де бар.
avatar
Күшті!1)спорт,2)демалыс,3) Астананы аралау
avatar
Шынында күшті! Есілдің жағасымен жүрген тіпті рахат. Өзеннен самал жел соғып, салқындап отырасыз.
avatar
Велосипед жаксы гой, бала кунгі арман)) казір кымбаттау сиякты гоо, біздін бала кезімізде 3-5 мыннын аралыгында болатын бу великтер, урал, аист па солар, бірак сонын озіне кол жетпеді)) жакында теуіп, спидометрі болса 40-50 км /ч-ті корсететін болар))
avatar
Кушти, мен де бугин велик теуип келдим)))
avatar
3 смайликтеріңе қарағанда, орындығын алып тастап тепкен сияқтысың
avatar
Қызға да осылай айтуға бола ма екен?  Әсіресе, нәп-нәзігіне
avatar
Соны айтам да
avatar
Бір жеріңмен пал ащпай отырЩ
avatar
Қойдым)) Монашкілер туралы анекдот есіме түсіп кетті, просты.
Бір күні монашкалар бір бір белсебет мініп айнала зырылдап мәз боп жүр екен.
Сестра көріп қап, «Не істеп жатырсыңдар!» деп жүгіріп келе жатыр екен. Бәрі великтен түсіп, ұялып, кешірім сұрап жатса, "Әй, ақымақтар, орындығын алып тастасаңдар, уапше керемет болады!" депті.
avatar
Велигіңіз супер! салауатты өмір салтын қолға алғаныз жақсы болған. алдыңғы күні інім екеуміз жүгіріп едік танертен алтыда тұрып, онымен мен басқа жаққа жол жүріп кеттім де жалғанбай қалды, мұнда үйдің артында парк бар екен сонда жүгірем деп отырмын енді күнде))
avatar
Іске сәт! Тастамай жүгіріп тұрыңыз немесе велосеруен жасаңыз. Мен жүгіретінмін, содан жалқаулық ұстап болмай кеткен соң осы великке көшіп отырмын.
avatar
Құтты болсын, Секе! Игілігіңізге пайдаланыңыз! Не ғой, бағасы қанша дейді? Ойда жүрген шаруа ед негізі…
avatar
Бағасы 20 мыңнан бастап 70 мыңға дейін. Қалағаныңды аласың.
avatar
Сіздікі қанша тұрад?
avatar
Күшті! Екі аяқты темір пони құтты болсын! Жақсы идея екен, ендігі межені белгілеп бердіңіз. «Астана» велошабандоздарының блогшылар қанатын жасақтайық  Әуежайға қарай тартып отыруға болатын сияқты, жиі көрем.
avatar
Міне тамаша! Ойдан ой туады деген осы!
avatar
Өзіңіз тоздырыңыз
avatar
кеше паркке бардық, веломобил деген бар екен. адам аз кезде мініп көру керек екен деп ойлап кеттім.
avatar
Құтты болсын. Покрышкаларын өзіңіз тоздырыңыз. Бірақ Астана асфальтінен көпке шыдайды деп ойлаймын. Дұрыс, осылай-осылай жаппай спортпен айналысу, велосеруендеу дамиды. Спортқа деген жарнама.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.