АҚШ-тан көріністер (суреттер)

  • Автор
(89.11 Kb, 640x360)
Капитолия. «Ньюзиум» (Newseum) мұражайының алтыншы қабатындағы террасасынан көрінісі.

(112.04 Kb, 640x360)
Тәулігіне 35 доллар төлеп, осы автобустармен Вашингтонның туристтік орталықтарына саяхаттауға болады.

(108.46 Kb, 640x360)
АҚШ астанасының тәртіп сақшыларымен

(93.6 Kb, 640x360)
Мысыр блоггері Уаел Аббаспен (Wael Abbas)

(91.11 Kb, 640x360)
Американың кәпкейктерінің дәмін көрдім. Жұрт осыны алуға ұзыннан-ұзақ кезекке тұруының жаны бар екен. Тәтті, растаймын.
(99.51 Kb, 640x360)
Театрға билет алуға тізілгендер.

(91.68 Kb, 640x360)
Бізді жаратылыстану мұражайына әкеліп тастаған тәкси.

(89.02 Kb, 640x360)
Көне дәуірдегі динозаврлардың қаңқасына тек жасөспірімдер ғана емес, оларды ерте келген ересектер де тесіле қарайды.

(75.35 Kb, 640x360)
Авиация мұражайына бара жатқанда.

(76.82 Kb, 640x360)
Авиация мұражайында. Ұшақтардың ықылым замандағы нұсқалары мол, ішіне кіріп қарауға болады екен. Пилоттарын да ұмытпапты.

(98.84 Kb, 640x360)
Көп ұшақтың біреуі.

(109.17 Kb, 640x360)
Қалаған жерінде отырып, саябыр табуға құштар қамсыз көңіл.

(90.97 Kb, 640x360)
Есіксіз көлік.

Ұқсас посттар

60 пікір

qisyq
+1! Күшті))))))))))))))))
patick
қызықтырып қойдың
urimtal
newseum шынымен де керемет!
asaubota
менттар кинодағыдай екен, ақ пен қара напарник. біреуі семіз
Dinara
көп сурет ашылмай тұр әлі менде, соңғы суреттердегі көйлегіңіздің түсіне сындым
Onlasyn
Сәлем!
Моустың оң батырмасын басып «перезагрузить картинку» десең, көрсетеді.
Dinara
сәлем  енді ашылды барлығы  рахмет!
alisha
мен де «Ех, көйлек қандай!» деп отырмын… Тек соңғысы емес, алдындағы рубашкалары да ұрып тұр
Dinara
ия, ия ұрып тұр  
соңғысы жаздық яркий цвет екен да
alisha
иә, джинсымен уапше супер боп тұр!
asaubota
қыздарға жігіттердің сондай клетчатый көйлек кигендері қатты ұнайды, ә?
Dinara
жоқ, клетка немесе полоска емес, түсі маңызды. Реңіңді ашып тұрса, басқалардан ерекшеленіп, болды  осы жерде клетка емес, біртүсті оранжевый немесе розовый көйлек кисе де, тіпті фыстык ренк болса ваще сынар едім көйлегіне
sakenspb
афтобыс шынымен неправильный.
пошта автобустары праворульный болатын еді о жақта
Gulistan
Уау, керемет! «Сібежи» екені көрініп тұр. Қайда барсаң да, Капитолий мен мұндалап тұрғаны қызық болып тұр мен үшін, расында да солай ма?Әлде қыдырыстаған аумағың сол маң ба еді?
Дабл декердің жүрмейтін жері жоқ екен, Лондон, Дубай, Нью Йорк, Вашингтон…
Көйлектерің шынымен көз тартады
Nurgisa
Қыдырарда уақыт аса көп болмағасын мұражайларға баруды ұйғарғанбыз. Капитолия маңында екен ғой, негізінен түгелі дерлік.
Gulistan
Уақыт тауып, мюзиклдеріне барсаңшы… сосын, реті болса мен үшін гүлдерден репортаж десем артық кетем бе?
Zilola
бір бәйтеректі айналып дөңгелеп жатқан өмір ой, Астанадай десеңізші ))
Nurgisa
 иә, сондай сияқты Вашингтондағысы. Ол жақта бір мемориал бар сосын, кез келген жерден мен мұндалайтын. Бір қызықтыратыны, адам молау шоғырланатын жерге туларын желбіретіп қояды екен. Патриоттыққа тәрбиелеу ғой, даңғаза ұраннан гөрі, сондай визуализация арқылы, баулу арқылы бұларды ұйыстырып отыр.
seken
Майталман блоггердің Әмрикадан фоторепортажы тамаша шығыпты!
omarbirat
Көшелері жинақы екен. Тазалық баршылық.
boztorgai
қалаған жерінде отырып, саябыр табуға
неге екені белгісіз бізде осылай жерге отыру «заподло» саналад
Zilola
қақырып-түкіріп тастаған жерді тек басып жүруге ғана болады ғо
boztorgai
үйде ше, жер үстелге отыру ар саналатын үйде еден тазалығы күмәнді болғаны ғой
Zilola
Мен біздің Алматыда жүріп жерге отырып көрмеппін, өйткені жерге қарап та байқауға болады бәрін.
40 жылғы сағыз да бар арасында. Кейбір жерлерді ғана жуып тазалап жатады, ал енді көк базар жақты айтпасам да түсінікті.
Үйде мүлдем басқа ғо, киіз (кілем, палас), көрпеше, бөстек бар. Одан қалды үйді уақытылы жинап тұрамыз ғо
Bekjan
Нұрекен нағыз Әмериканіс боп қапты…  Жақсы дайындалған екенсің..)
Bekjan
Ана автобустың есігінің болмауының сыры уақытта жатыр… Есікті ашып жабқанқа кететін уақыттан үнемдеу үшін есікті алып тастаған..) Бұл Американстар қызметкерлерінің туалетте отыратын уақытында есептеп регламентке салып тастаған..)
omarbirat
Театрға шорты, футболкамен бара бере ма?
Gastarbaiter
Олар тойға да солай бара берет
omarbirat
Ондайларын білуші едім. Театрға баратынын енді көріп тұрмын. Костюм киген біреуі жоқ қой, біреуі
Gastarbaiter
Елестетіп көрдім. Ия, шынымен де ешкім кимепті.))
Nurgisa
Неформалдар ғой, негізінен. Қызық, кастом сым киіп алады да, аяққа кірәсөпкі киіп ап "ұра" береді. Елестетіп көрші (Гастарбайтерша — авт.). «Біздегідей» үстімдегіме өзгелер не сын айтып, не мін тағады деген комплекс атымен жоқ, өздері үшіг «практичный», ыңғайлы да ықшам болса, болғаны.
Gulistan
одан қалса баста кепка десеңші
sammita
билет алуға кезек қой. Алдын ала қамданбаса, қойылымнан құр қалу қаупі бар, біздегідей қамсыз көңілмен кассадан ала сала ішке еніп кету дәстүрі бұл жерде жүрмейді (Өләәә, нұрғисалаттым ба шамалап)
Nurgisa
Өткенде Лондонда боп қайтқан аудармашы әріптесім сол жердегі аты мәшһүр театрлардың біріне бармақ болыпты. Франкенштейн қойылымына. Мюзикл болса керек. Билетті сату таңғы тоғызда басталады екен, билетке жұрт түнгі он екіден бастап келіп ыңғайласады екен. Театр маңындағы паркта жатып күттік дейді. Жұрт одеялосын, жастығын ала келеді екен. Кәдімгідей сайланып. Түнде жергілікті күзетші екі мәрте тысқа шығып, бұларға ыстық шай берген ұқсайды. Сондай дәстүрлері бар екен қамқорға алатын. Театрға бару мәдениетін қалыптастыру үшін оллаһи-білләһи «Большой театрдың» болуы маңызды емес шығар деп мен ойладым, іштей…
sammita
мынауың ертегі, мен сенбеймін)
Театр маңындағы паркта жатып күттік дейді. Жұрт одеялосын, жастығын ала келеді екен. Кәдімгідей сайланып
бізде бүйтсең, аштық жариялап отыр деп қалатын шығар.
Nurgisa
Бізде театрға бардым десең, еріккен екен деп қалмас па екен…
Мораль: «жұрт не десе о десін, сен жөн деп білгеніңді істеп бақ».
Gastarbaiter
Интернетім сурет көрсетпейд. Жазулар мен каменттерге қарап фантазияма сүйенуге мәжбүрмін.))) Шынымен де керемет екен)
Nurgisa
  Қатырасың, Асқар… Жазда мұздатқыш өзекті емес деп кім айтты?!
Мұздатқыш демекші… Суды, компотты мұзсыз кем ішеді екен. Кішкентайыңнан ондайға дағдыланбағасын тамағың бірден "ұстап" қалады. Бөлмелері де үнемі қатты салқындатылады екен.
Zilola
Күн салқын ба?
неге қымтанып алғансыз?
Nurgisa
Асқарға жазғанымдағыдай ғой: бөлмелер салқындау. Африкадан келген қыздарға обал боп жүр  …
huanysh
1-ші суретте компартияға түскендей түзеліп қалыпсыз!
Dinara
Театрға билет алуға тұрған кезекке қарап әмрикандықтарға деген құрметім шамалы артты
Gulistan
театр болғанда, мюзикл болар.
Nurgisa
Жанрын білмедім. Сескенетінім, бұларға (да) бәрібір болса керек, терлесе болды…
KILYZAMAN
терлесе болды…
— қатырдың :-), :-), :-)
KILYZAMAN
Нұреке, бұл барысың науқандық тапсырыспа? Дейтұрғанмен үйретерің көп болсын оларғада бізгеде!
Nurgisa
Иә, тапсырыс қой. Барасың, келгесін бәрінің быт-шытын шығарасың. Бұлқынасың, атой саласың, біздің тыңшы боласың. деп тапсырып еді десем қалай көрінеді екенмін...?
KILYZAMAN
Сұрағымда еш құйтырқылық жоқ еді Нұреке.
Nurgisa
Біліп отырмын ғой, мен біздің халыңтың мәнерімен әзілдескен түрім ғой, қазақы реңкке анау-мынау партизан стереотиптер ұрлана еніп кетпесін деп  Рақмет саған, керекинфо.
VKM
УАУ) күүүшті суреттер!
Aizhantabyn
esigi bar goi, prosto wkaf kupe sekildi esik ))

Suretter super!!! ++++
Arhun
Иә, әмірікә- басқа ел, басқа көз қарас, басқа өмір, басқа ғаламшар, басқа дүние, басқа уақыт, басқа менталитет…
Erkekyz
1-ші суреттен басқалары ашылмайды менде. Сол біріншісің өзі . Американдықтарға ұқсап қалыпсыз, әсіресе Билл Мюррейге.
bazuka
осы бетте тышқанның оң жақ батырмасын басып, жүктеуді таңда сол кезде ашылады суреттер.
Makhabbat
кушті,әсіресе төменнен санагандагы 4-ші сурет ерекше екен.
TERISKEI
Крәсәпшік менің ағам маладесиии! Сапарыңыз (тапсырмаңыз) сәтті өткей! Суреттер суппет, әсіресе ЮПС көзіме оттай басылды!!!
Gastarbaiter
"Әміркендер костюм сыммен, кроссопкамен еш комплекссіз жүре береді."

Ең комплексі көп халық әміркендер ме деп қалам кейде. Семіз, талғамсыз болған соң не кисе де жараспайды. Соны миының арғы қатпарымен сезсе керек, біздің кейбір әміркендер бір футболканы тозығы шыққанша тастамайды. Ақыры сол кісіге жұмысшылар жабылып бір жаңа футболка әперейік деп шештік.
AKY
Күшті! Әбизәтілні барып көруім керек АҚШты!
sammita
Нұрекең талғампаз ғой, суреттерге де өзгеше түседі. Не болса соны іле сап «сапасына няғылмаңдар, ошондой боқалды» деген ойыншықпен ойнамайды. (сауалнама уақыты аяқталып қапты, міне +)
araika
 Суретке түсудегі икемділігіңіз бір басқа
Кешкі және түнгі қаланы ұнататындықтан, 5-суретті ерекше түртіп өттім
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.