«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты жобаның үздіктері марапатталды

  • Автор
Блог - asaubota: «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде»  атты жобаның үздіктері марапатталды
21 қыркүйек пен 13 қараша аралығында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді Интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс өткізілген болатын. Оны Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты жобасы аясында жүзеге асырды. Конкурс «Үздік мақала», «Үздік видеоматериал» және «Әлеуметтік желідегі үздік пост» номинациялары бойынша өтті. Конкурсқа 100-ден астам материал қабылданды. Конкурсқа негізінен жас журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты. Материалдар «Nukte.kz» ақпараттық агенттігінің сайты мен парақшасына салынып отырды.
Бүгін, 16 қазан күні, осы конкурстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында болып, оған көптеген блогерлер мен журналистер қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі былай қалыптасты:

«Үздік мақала» номинациясы:
1-орын — Айбек Қабдешов
2-орын — Ақбота Ахмет
3-орын — Ермек Исабаев

«Үздік видеоматериал» номинациясы:
1-орны — Александра Миличкина
2-орын — Жұлдыз Жасұзақ
3-орын — Азамат Ерғалиев

«Әлеуметтік желідегі үздік жазба» номинациясы:
1-орын — Серік Ерғали
2-орын — Жанар Нұрышева
3-орын — Сәтжан Кәріпбаев.

  • жоқ
  • 0
  • ?
  • 591
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.