Сау пофигизм- жүйкенің кепілі -_*

Бұл жерде популизммен пофигизмніңанықтамасын беріп отырмайтын шығармын девотырмын. Менсіз-ақ жұрттың бәрі пофигист боп барады ғой. Иә? А, причем тут популизм? Екеуі былай ұқсас болған соң жаза салдым.

Анығырақ жазайыншы. Ощм, бүгін мен қалай пофигист болдым немесе сондай болу үшін қандай жолдармен жүруге болады деген онша мееес жазбамен бөліскім кевотыр. Бөлісетін пунктер ЖЕКЕ ойым, келіспеуге жол ашық.;)

Сонымен:

1. Пофигистердің ұстазыӨмір, сосын өзі керек деп тапқан адам.
2. Бұл сектаның адамдары — эгоист. Үнемі емес, бірақ болып тұрады. Өз эгосын (мысалы, көп нәрсені ұту үшін, азырақ күш жұмсайды) қанағаттандыру мақсатында олар өз дегендерін жасайды. Бұндай жағдайда Эгоистік қасиет автоматты түрде қосылады)

3. Жалқау адам ретінде көрінеді, шын мәнінде ондай емес. Популизмге ұрынбай-ақ жүре береміз ғой. Мысалы, Мьянмадағы, кейін Үнді-Қазақ шайқасы, Абу Даби плазадағы қырқыс дегендерге "ӘУ" дегенімізбен шындығында пофигизм болды. Өйткені, аты жаман «САРАБДАЛ САЯСАТ» дегеннің тағы бір «жұмысы» болуы бек мүмкін. Кепіл жоқ.

4. Оптимист. Тығырыққа тіреліп, жолы болмай жатса аттандап, билікті кінәләп, қарғамайды, блогерлерге жала жаппайды. Көзін қысып, қолын қалтасына салады да ортаңғы саусағын көрсетіп смело жүріп кетеді.

5. Пофигист пофигист дегенге картопты жармаймыз. Бәріне қолты сілтеп тастаса тағы дұрыс емес. Психолыгтар «сау пофигизм- жүйке жүйесін аман сақтайды» дейді.
Пғост, өзі әзер тұратын невр талшықтарын созғылап-үзгілегеннен не пайда?


Мораль: А, дауайте әркім өз жұмысымен айналыссын да, өзгенің де неврын тоздырмасын. Солай жақсырақ, чем бірдеңенің байыбына бармай жатып аттандағаннан, солай емес пе? ;)

Примерно Пофигизм мен Популизмнің мағынасын түсінген шығарсыз?
Сіз де пофигистсіз бе?
Бөлісу:

4 пікір

meirman_kz89
иә, мен де пофигистпін. За то нервың тыныш болады)
asaubota
меніңше қыздар пофигист бола алмайды. мың түрлі комплекспен өмір сүрмесе өмір сүре алмайды. комплекс — олардың ішкі бактериялары, олар кетсе өмір де сүре алмайды