Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры

  • Автор
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры

Жақсы жалақы, жоғары қызмет, аз жұмыс — әлбетте талайдың арманы. Жұмысында кім өскісі келмейді, кім жақсы жалақы алғысы келмейді? Бірақ бұның да өз сырлары, құпиялары бар. Тақырыпты көріп, қызығып жетіп келдің бе? Ендеше мұқият оқы. Бастыққа жағыну деп жұмсартып айтып отырмын. Оның кәдімгі көтке кіру екенін әрине жақсы түсініп отырсың. Бірақ әріптестерің сен туралы ондай жаман ойламауы үшін мына бір кеңестерді есте сақта.

1. Жиналыстарда оған қарсы шыққандай болып көрін
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Жалпы жиналыс деген шамамен 2 сағатқа созылатын, соңында бәрібір бастықтікі дұрыс болып шығатын бос әңгімелер жиынтығы. Дегенмен аздап қарсы ой айтып көр. Бірақ кейін бастығының айтқандарының бәрін мұқият орында. Бұл бір жағынан мінезің мен шамалы болса да өзіндік ойың бар екенін көрсетеді және адал қызметкер ретінде де бастығыңа ұнай бастайсың.

2. Жұмыстың WhatsApp тобында емес, бастыққа жеке жаз
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Бітпейтін небір мейрамдар бар, оларға арналған түрлі ватсаптық суреттер, құттықтаулар бар. Жұрт топқа жіберсе жібере берсін, сен олай жалпылай жіберме. Әріптестерің мынауың өзінше екен деп ойласа ойлай берсін. Сен бастыққа бөлек жаз, жеке жаз. Осылайша жеке сөйлесулеріңнің алғашқы кірпіштерін қалыптастыра бер.

3. Бастықтың отбасысымен жақындас
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Офиске баласын әкелсе, баланы ойнат, кәмпит бер. Анда-санда «Нурикті әкелмей кеттіңіз ғой» деп сұрап қой. Балабақшадан, мектептен алып кету, үйірмеге апару сияқты маңызды іс-шараларға өзің баруға тырыс. Ұмытпа, отбасы мүшелерінің көтіне кіру — бастықтікіне кіруден де өте әсерлі!

4. Тоқылда!
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Әріптестеріңнің айтқан сөздерін, пікірлерін жеткізіп бар. Бірақ «Пәленше былай деді, Түгенше олай деп жатыр» стиліндегі қарабайыр тоқылдау емес әрине. Бұның да әдебі, әдемілігі бар. Мысалы былай: «Серікбай ағай сіздің ана жоба туралы ойыңызбен келіспейді екен. Бірақ мен оны көндіремін». Осылайша сенің орныңа өсуі мүмкін бір үміткерді жамандай отырып, өзіңнің біліктілігің мен адалдығыңды да көрсетесің.

Жұмысыңда сәттілік, карьералық табыс тілеймін. Бұл жазбаны әріптестеріңмен бөліспе, жеке оқы ;)
Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

1 пікір

assar
Кезінде мектепте істеген едім. Негізі менің мектепте карера қуамын деген мақсатпен емес уақытша жұмыс істедім. Келешек фирмаға немесе жеке кәсіпке кету деген ойым болған. Бірақ мектепте жүргенде де барынша қолдан келгенше адал жұмыс істеуге тырыстым. Өзім әу бастан ішімдікке құмар емеспін және темекі шекпеймін. Бастықтарым көп болды. Директор, оның завучтары және завхоз. Мені қатты қыса бастаса жұмыстан шығара салыңдар мен оған көнбеймін деп есікті жауып шығып кете беремін. Бірақ директор менің ол қылықтарыма ренжіген жоқ. Қайта маған сырттай мұғалімдік оқу оқышы сен жақсы маман боалсың деп көп үгіттейтін. Кейін Мәдениет саласын басқаратын кісіде шақырып бізге келші саған бір клубты берейін деп шақырды. Мен ол кісіні танымаушы едім. Сыртымнан біреу мені сілтепті сол баланың қоқаң соқаңы жоқ жұмыс істей алады деп. Мен сонда ешбіріне жағыну үшін іс қимыл жасап көрмеппін. Тек тапсырма келсе орындаймын, артық жүріс жоқ. Ортамызда ашық жарқын жүріп қалжыңдасып көңілді жүруге тырыстым. Сол жағы бағаланған шығар. Қызмет өсірудің жолдары әр салада әр түрлі негізі.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.