АЛАКӨЛГЕ КЕЛУГЕ 5 СЕБЕП

  • Автор
(Андаман теңізінен Сары теңізге дейін ірілі ұсақты су көрген адамның түйгені деп білерсіз)
Блог - Basic: АЛАКӨЛГЕ КЕЛУГЕ 5 СЕБЕП
1. Əрине, отандық туризмді дамытуға үлес. Ыстықкөлден артық болмаса, кем емес. Неге əншейінше ұлт, ел деп сайрап демалуға келгенде шетелге тартуым керек?
2. Алакөл суының емдік қасиеті. Судың минерализациясы 1,2 — 11,6 г/л. Су құрамы хлоридті-натрийлі жəне хлоридті-сульфатты-натрийлі. Алакөл суында фтор мен бром құрамы жоғары. Баяғыда Шыңғысхан əскерлері осы су жағасында аялдап жарақаттарынан жазылып күш жинайды екен.
3. Табиғат сұлулығы. Сəт сайын түсі өзгеріп түрлі реңге айналып тұрған айдынға қарап көңіліңіз көтеріледі. Аспанда шаңқылдап жүрген шағалалар. Толқынның жағаға ұрған дауысы бүкіл проблеманы ұмыттырады.
4. Жол қысқарды. Астанадан Үшаралға əуе қатынасы ашылды. Екі сағатта Үшаралға жетсеңіз (билеті 16 мың), Алакөл жағасындағы Ақши, Көктұмаға 1 сағаттық жол. Жол əрине нашар. Бірақ көл бəрін ұмыттырады.
5. Арзан. Көл жағасында үйдің күндік құны 5 мыңнан басталады. Комфорт қаласаңыз пансионаттар бар. Олардың құны 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі аралықта. Ең эконом номерлердің өзінде душ, дəретхана, кондиционер, кабельді TV, интернет бар. Толыққанды түскі ас шамамен 1200-1800 аралығында.
Блог - Basic: АЛАКӨЛГЕ КЕЛУГЕ 5 СЕБЕП
P.S. Жалпы, кез келген демалыс өзіңізге байланысты. Жақсы көңіл күймен келсеңіз, аспан ашық, су жылы, адамдар мейірбан. Кержақ адам жұмақтан да кілтипан табады.

7 пікір

patick
Бұл жерде өздігінен заңды сұрақ та туындайды: Бармауға бола ма?
assar
Өзге елге демалғанша неге өзіміздегі жақсы жерлерге демалмасқа деген әңгімелер көп. Әңгіме олай болмау керек. Кез келген адам өзге елді, өзге елдің қалаларын мәдениетін тарихи жерлерін көргісі келеді. Егер тек суға түсі үшін демалу керек болса онда алакөл, қапшағай сиақты жерлерге бару арзан және тиімді. Туризмді дамыту үшін өзіміз барып топырлап демала бергеннен ештеме шықпайды. 100 адам шетелге демалса бізге де 100 адам шетелден келу керек дегендай турист алмастыру саясаты керек. Ыстамбул, Анталия, Париж, АҚШ, Тайланд сиақты елдерді көру бәріне арман ғой. Біздіңде Астана, Алматы, Қапшағай, Шымкент, Өскемен қалаларын көруге өзгелер ынтық болу керек.
Basic
біз тым оптимист халықпыз ғой. Кейде күшімізді әсіре бағалап жатамыз. Той жасасақ 500 адамдық, сотка алсақ тек айфон 8, өнер көрсетсек әлемді таңдай қақтырып дегендей… Расын айтсақ, шетелде мұндай шипалы сулар аз емес, әрі сервисі де шаң қаптырып дамып кеткен. Шетелдіктер келсе экзотика үшін ғана келуі мүмкін мұндай шалғай жерге. Мүмкін нудистер жағажайы болса, шетелдік туристер ағыны болып қалар. Сондықтан меніңше басымдықты ішкі туризмге қою керек. Қазір жағдайы орташа кез келген отбасы жылына кемінде бір рет шетелге шығып демалып келеді. Бір отбасы сол 5-7 күнге 1,5-2 мың доллар шығындайды. Жоқ дегенде 1 миллион адам сыртқа шығады (демалуға). Әрқайсы тіпті ыстық турға барып, 500 жұмсады десек, орташа сомасы 500,000 000 доллар. Егер ішкі туризмді дамытса, біраз ақша елде қалар еді. Ал қазақстандықтар бармайтын Алакөл, Балқаш, Шайтанкөл, Әулиекөл, Бурабайға шетелдіктер ынтық болады деген пікір бабл гам иісі сияқты))
assar
Түркия, Тайланд елдерінде қыс 1-2 ай ғана шығар. Сондықтан олар туризм дамытуға мол мүмкіндіктері бар. Бізде ұшақ қымбат. Киросинді ресейден аламызда сосын өзіміздің елдің ішінен бір қалаға бару өте қымбатқа түседі. Егер ұщақ билеті арзан болып туристтер ұшып қонып жүрсе олда жақсы болар еді. Өзімізде ұшып кете береміз өскеменді көруге ол кезде. Қазір Өскемен табиғатын тв-дан көріп қызығамызда бірақ барып келуге қиынсынамыз. Сақылдаған пойызда 2 күн қайту 2 күн. Біздің вагондарда қайбір жайлы дейсің.
Оның орнына үйреншікті шымкент, алматы тараз жаққа машинамен шуылдап барып келе береміз. Ақша аз жұмсалады жақын жер болғасын.
Gastarbaiter
Үйленгелі ауылдан ең қатты алыстағаным осы Алакөл шығар)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.