"Жаңа белестің" жастары

Зерттеуге қатысушы жасөспірімдердің дара типологиялық ерекшеліктерін диагностикалау мақсатында К.Леонгардтың (С.Шмишек модификациясы) характереологиялық сауалнамасы, Пип Уилсонның «Ағаштағы орныңыз қайсы?» проективті тесті, Люшердің «Түстік социометрия» әдістемесі, Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеуде Басс- Дарк сауалнамасы, Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі қолданылып, психологиялық сипаттама дайындалды.
Блог - uljan-17: Жаңа белестің жастары
Тренингтер мен кездесулердің жоспарлары мен мазмұны. Социумға бейімделе алу мен жағымды әрекетке түсе білу қабілеті жеке тұлғаның көптеген даралық ерекшеліктеріне тәуелді болып табылады. Аталған мәселеге қатысты адамның өзге адамдар мен әлеуметтік жағдаятты түсінуді қамтамасыз ететін интеллектуальдық қабілеті ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай қабілет психологияда әлеуметтік интеллект деп аталады. Әлеуметтік интеллект айналасындағы тұлғалармен өзарақатынасты үйлесімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, олардың тәртібі мен іс-әрекетін адекватты түсінумен сипатталады. Әлеуметтік интеллект құрамына келесі аспектілер енеді: коммуникацияға қатысушылардың ойын, сезімін, ықыласын түсінуге негізделген оқиға мен мінез-құлық сапаларын алдын ала көре, түсіне білу іскерлігі; өзгелерді бейвербальды қимыл әрекеттері бойынша жәй-күйін, сезімін, дұрыс бағалай білу қабілеті; тілдік экспрессия деңгейі (мінез-құлқы мен сөз бояуына сезімталдық); адамдармен өзараәрекеттестік барысындағы күрделі жағдайларды талдап, олардың шынайы себебін тауып, түсіну. Девиантты тәртіпті түзету мен алдын-алуға бағытында құрастырылып, жасөспірімдермен жүргізілген бағдарлама социумға бейімделуге мүмкіндік беретін әлеуметтік интеллектілерін дамытуға жағдай туғызды. Бағдарлама міндетттері: Әлеуметтік интеллектінің аспектілерін дамыту. Жасөспірімдерге әлеуметтік дағдыларды меңгеру маңыздылығын түсіну мүмкіндігін жасау. Жасөспірімдерге қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруге баулу, рөлдік репертуарларын кеңейту. Бүгінгі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, экспериментке қатысқан жеке тұлғалар тәртіптерін бағалау құрылымына енетін өзара байланысты бірнеше деңгейлер (тәртіпке итермелейтін мотивация, тәртіпті жетелеуші эмоционалдық үдерістер; тәртіпті өзіндік реттеу; ақпаратты когнитивті өңдеу; сыртқа көрініс беруші іс-әрекеттер) тұрғысынан қарастырылды. Аталған жүйелердің бұзылуы жеке тұлға тәртібіндегі ауытқуларға себеп болып табылады. Біздің жасөспімдермен жүргізген психодиагностикалық жұмыстарымыз девиантты тәртіптердің келесі себептерін анықтауға мүмкіндік берді: Девиантты мотивация- бұл құндылық, сенім, жеке тұлғалық мән, қажеттілік, және мұның барлығы жеке адам үшін белгілі маңызға ие болады да, нормативке қарсы белсенділікті оятады. Ауытқулы тәртіп жоғары мәнді құру және өмірлік құндылықтарын бекітудің тапшылығынан, тұлғаның рухани дағдарысына байланысты болуы мүмкін. Мұнда девиация мотивациясы агрессиялық және аутоагрессиялық тәртіп формасына ие. Екінші себеп — эмоционалдық проблемалары мен өзін-өзі реттеуде туындайтын қиындықтарға байланысты. Мұндағы ауытқулы тәртіп жағымсыз эмоция немес эмоционалдық бұзылу, агрессия, депрессия, алаңдаушылық формасында көрініс алған. Аталған себептер ерікті әрекеттерді реттеуге қатысты – жоспар құру, мақсат қою, бағалау және өзін қадағалаудың бұзылуымен тығыз байланысты. Нәтижесінде, жасөспірімдерде жеткілікті дамымаған тілдік регуляция, төмен деңгейдегі рефлексивтілік, өзін төмен бағалауларымен сипатталады. Девиантты тәртіп тән келесі топ жағымсыз-девиантты әлеуметтік тәжірибелерімен ерекшеленеді. Бұл дезадаптивті тәртіп стереотиптері (әдет, дағды), когнитивті бұрмалану, т.б. Девиантты тәртіптердің себептерін қарастыра отырып, психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын құрдық: — жекелеген тәжірибелерді интеграциялау; — өз тәртібін реттеуді жетілдіру; — стресске төзімділікті көтеру мен тұлғалық ресурсты кеңейту; — дезадаптивті мінез-құлық көріністерін азайту және жою; — әлеуметтік байланыстар мен тұлғалық жағымды әлеуметтік тәжірибені кеңейту
Бөлісу:

1 пікір