Дүниежүзілік «Дауыс» байқауының балаларға арналған нұсқасы – Қазақстанда!

«Бұлақ көрсең – көзін аш». Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерлі балаларды бір арнаға тоғыстыратын ән байқауы жақын күндерде көрерменге жол тартпақ. Балаңдығына қарамастан, ересектерге бергісіз күш-жігер танытатын өнерге жақын өрендер көрмей тыңдау кезеңінде жүзін әрі бұрған қазыларды ерекше дарынымен өздеріне қаратуға тырысып-ақ бағады. Және бұл байқаудың басты ерекшелігі, мұнда ең маңыздысы – дауыс! Жас бүлдіршіндерге Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Ева Бехер, Әли Оқапов секілді шәкірт тәрбиелеуде тәжірибесі мол талант иелері тәлімгерлік етеді. Ал жобаны танымал актер, тележүргізуші Шыңғыс Капин жүргізеді.
Әлемнің 50 елінде өтіп жатқан «The voice» шоуы бұрын-соңды болмаған рейтингті иеленді. Аталмыш жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Кезеңнен кезеңге сүрінбей жеткен шын дарын ғана жеңіс тұғырынан көрінеді.
Ендеше, шынайы өнерімен, балаң қылықтарымен қазыларды да, көрерменді де тәнті ететін кішкентай өнерпаздарға сәттілік тілейік!
Жобаның алғашқы «Көрмей тыңдау» кезеңін сенбі күні, сағат 20:30-да «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен тамашалай аласыздар.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше